Ұшқыр ой алаңы » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
ноябрь
2023

Ұшқыр ой алаңы


Кез келген құбылыс немесе оқиғаға қатысты әр тұлғаның жеке пікірі болады. Ал ол ойды жеткізе алатындар бар, жеткізе алмайтындар бар. Ол үшін пікірталас мәдениетін меңгеру маңызды рөл атқарады. Жаңа заманның талабы да. Пікірталас мәдениетіндегі ең бастысы аудиторияға ой тастау, ал көпшілік ойын әрқашан бір арнаға құя бермейді. «Ойды ой қозғайды», жаңа пікір тудырады немесе жаңа пікірдің ашылуына жағдай жасайды, не қарсы көзқарас пайда болады. Пікір – көргеноқыған, естіген әңгіме, баяндама, көркем шығарма т.б. еңбектер жайындағы әсер, туған ой.

Пікірталас – жастарды көшбасшылыққа баулудың бір құралы да. «Адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі-қолбасшылық, екіншісі-шешендік» Осы орайда

18.09.2023 жыл сағат 17:00-ден 19:00 уақыт аралығында облыстық Zoom-платформасында мектептердегі Оқушылардың Мектеп Парламенті "Өзін-өзі басқару" ұйымдарының белсенді спикерлері арасынан "Ана тілім-ардағым" тақырыбында дебат турнирі өткізілді. Мектебімізден парламенттің Ұшқыр ой алаңы «Фидбэк» фракциясы дебат клубының спикерлері: 10"ә" Фермебек Азамат Самғатұлы, 10"ә" Арман Әли Арманұлы қатысты. Дебатта жаһандану дәуіріндегі ана тіліміздің ахуалы мен болашағы мәселесі талқыланып, тыңдаушылар пікір таласты. Облыстық тьюторлар мен әдіскерлер бақылаушы ретінде қашықтықтан атсалысты. Сондай-ақ белсенді топ қазылар алқасы мүшесі ретінде қатысты. Онлайн болған пікірсайыс ойынында 25 команда бағын сынап көрді. Әр топта екі адамнан қатысқан. Турнирдің шартына сәйкес барлығы Американдық парламенттік формат бойынша өткізілді.   Екі кезеңнен сүрінбей өткен топ қана үздіктердің қатарынан көрінді. Турнирдің өзі  үш іріктеу кезеңінен, жартылай финал мен финалдан тұрған. Зияткерлік додада  Балқаш дебат клубтарының спикерлерінен құралған «Фидбэк»командасы турнирде жоғары біліктілігін көрсеткен «Үздік спикер» номинациясын жеңіп алды. Бізде тамаша команда қалыптасты, іріктеу кезеңінен жақсы өттік. Жартылай финалға шыққанымызға таңқалдық. Финал өте қызықты болды, өйткені ол нағыз пікірталас форматында өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы димломдармен, сыйлық сертификаттарымен марапатталған. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.