«Жас спикер» » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
февраль
2022

«Жас спикер»

«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ
2021-2022 оқу жылы
26-27 қаңтар мектепішілік құрылған «Жас спикер» дебат клубының арасынан ұйымдастырылған «Пандемия жағдайында Қазақстан азаматтарын міндетті түрде вакцинациялау орынды деп санайды» атты «Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың облыстық дебаттық турниріне арнайы пысықтауда атқарған жұмыстарына
Хабарлама.
Мақсаты: өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру; оқушылардың бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және шешуге қатыстылық сезімін тәрбиелеу; облыстық пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау.
Көрнекіліктер: интерактивтік тақта, мектеп «Жас спикер» дебат клубының эмблемалары, қанатты сөздер, команда атаулары, үкімет, оппазиция, спикерлер жазылған парақшалар.
Турнирді өткізу шарты және тәртібі: Мектепішілік Турнирлердің жеңімпаз командалары аудандық (қалалық) турнирлерге қатысады. Облыстық турнирлерге аудандық (қалалық) турнирлердің жеңімпаздары қатысады. Турнирдің барлық кезеңдері Америкалық парламенттік формат (АПФ) бойынша өткізіледі. Америкалық парламенттік формат (АПФ) – бұл Парламенттік тұрпаттағы дәйектердің, тапқырлықтың және риторикалық қасиеттердің сайысы. Әрқайсысы екі ойыншыдан тұратын екі команда – Үкімет пен Оппозиция ұсынылған қарарды талқылайды. Әр раундқа жаңа қарар таңдап алынады. Пікірсайыс барысын Палата Спикері басқарады, сонымен бірге сайыстың төрешісі қызметін атқарады. Егер раундта бірнеше адам төрешілік етсе, онда олардың арасынан бір Палата Спикері таңдап алынады. Америкалық парламенттік формат дәл зерттеу мен дәлелдер жинауға емес, тез сыни ойлауға, логикалық ойлауға және сараптамалық талдауға негізделген.
Іс-шара барысы: Сайыста ойыншылардың арасынан тақырыптар таңдалды ол-«Пандемия жағдайында Қазақстан азаматтарын міндетті түрде вакцинациялау орынды деп санайды» атты тақырып таңдалып, осы тақырып аясында «Ұшқыр ой алаңында» оқушылардың облыстық дебаттық турниріне арнайы пысықтау өтті. Әрқайсысы екі ойыншыдан тұратын екі команда – Үкімет пен Оппозиция ұсынылған қарарды талқылады. Сайыста бір неше төрешілер төрелік еткендіктен турнирдің шартына сүйене отырып,олардың арасынан бір Палата Спикері таңдап алынды. Пікір сайыс турнирі қаңтар айының 26-27 жұлдызы аралығында атқарылды. Сайыс қызықты әрі тартысты өтті. Шешуші финалда командалар арасынан мықты ойыншылар анықталып, мектепішілік турнирдің жеңімпаз командалары аудандық (қалалық) турнирлерге қатысуға жолдама алды. Мектепішілік құрылған «Жас спикер» дебат клубының жетекшісі Абденбаев Болат Шайсұлтанұлы мектеп оқушылары арасынан іріктелген көшбасшылық қасиетке ие деп танылған дарынды балалармен жұмыстеу де Америкалық, Британдық парламенттік форматта жан-жақты ізденуінің арқасында бүгінгі таңда жүйелі жұмыстар атқара білді. Шайсұлтанұлының жаңа парламенттік формат қолдануының бір себебі мен пайдасы (АПФ) – бұл Парламенттік тұрпаттағы дәйектердің, тапқырлықтың және риторикалық қасиеттердің мықты сайысына айналдырады.
IMG-20220128-WA0026

Похожие публикации:

26 январь 2022 «Жас сарбаз-2021»
25 ноябрь 2021 1-қыркүйек
12 ноябрь 2020 Тіл күні
12 ноябрь 2020 Отбасы күні