"Сергіту сәті" челленджі » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Сергіту сәті" челленджі
13
октябрь
2023

"Сергіту сәті" челленджі

Мектептің әлеуметтік парақшаларындағы қалын оқырман назарын аудартқан ауқымды жұмыстардың бірі дене шынықтыру пән мұғалімдерімен бірлескен Республикалық "Сергіту сәті" челленджі болатын.

Қазақстан Республикасы оқу - ағарту министрлігінің білім беру ұйымдарында өткізілетін "Тоғыз айға 9 іс - шара" тұжырымдамасы негізінде мектепте қыркүйек айының 8 күні "Сергіту сәті" челленджі өткізілді. Челленджге 5-11 аралығындағы оқушылар біркелкі формада, саптық ережені бұлжытпай сақтап, белсенді түрде қатысты. Іс-шара барысындағы оқушылардың жаттығу жасауда құлшына кірісуі мектебіміздің дене тәрбиесі мұғалімдерінің мықты дайындығынан өткендігін байқатты. Ауқымды сергіту сәтіндегі қайталанбас тамаша сәттер монтаждалып,  әлеуметтік желілерге жарияланды. Алдағы мақсатымыз: балалардың салауатты өмір салтын насихаттау. Оқу іс -әрекеті процесінде шаршаудың алдын алуға, физикалық белсенділігін арттыруға ықпал ету. «Бұқаралық спорт – ұлт денсаулығының кепілі» демекші өңірімізде осындай ауқымды бастамалар арқылы бұқаралық спорт түрлерін дамыту болып табылады.

#фикультминутка 

#менспорттытаңдаймын 

#явыбираюспорт

#біртұтас_тәрбие