Сәуір айының 11-15 жұлдызы аралығын қамтыған балалар жылына орай атты аудан көлемінде 8-9 оқушылары арасынан өткен ауқымды аудандық пікірсайыс турнирінде атқарған жұмыстарына Хабарлама. » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сәуір айының 11-15 жұлдызы аралығын қамтыған балалар жылына орай атты аудан көлемінде 8-9 оқушылары арасынан өткен ауқымды аудандық пікірсайыс турнирінде атқарған жұмыстарына Хабарлама.
19
апрель
2022

Сәуір айының 11-15 жұлдызы аралығын қамтыған балалар жылына орай атты аудан көлемінде 8-9 оқушылары арасынан өткен ауқымды аудандық пікірсайыс турнирінде атқарған жұмыстарына Хабарлама.



«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ

2021-2022 оқу жылы

Сәуір айының 11-15 жұлдызы аралығын қамтыған балалар жылына орай   атты аудан көлемінде 8-9 оқушылары арасынан өткен ауқымды аудандық пікірсайыс турнирінде атқарған жұмыстарына

Хабарлама.


Турнирдің мақсаты: өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру; оқушылардың бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және шешуге қатыстылық сезімін тәрбиелеу; облыстағы пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау. 



          1) балалар өз Отанына қызмет етуі мен адалдығының үздік үлгісінде тәрбиелеу; 

2) білім алушылардың демократиялық қоғамдағы азаматтық көзқарастары мен өмір сүру дағдыларын қалыптастыру, отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу;

3) жалпы мәдени ой-өрісін кеңейту, білім беру ұйымдары білім алушыларының арасында академиялық білім деңгейін көтеру,  шешендік сөйлеу өнері дағдыларын және сендіру әдістерін қалыптастыру; 

4) зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, зерттеу, ұйымдастыру дағдыларын, коммуникативтік біліктіліктерін дамыту; 

5) білім алушылардың позитивті, сыни ойлауын, жүйелі талдау, өз ұстанымын білдіру дағдыларын, құрылымды диалог пен пікірталас жүргізудің парламенттік мәдениетін, дәлелдеу өнерін қалыптастыру;

6) қазақстандық қоғамда орны бар өзекті мәселелерді талдау және қоғамдық талқылау арқылы балалар мен жастарды өзекті қоғамдық саяси тақырыптарды талқылауға тарту жұмыстарын жандандыру;

7) оқушылар мен студенттер арасында интеллектуалды жарыстар мен конструктивті пікірталастарды насихаттау, дебаттық клубтар мен педагогтер арасында тәжірибе алмасуға ықпал ету.


Беллот – ойын қорытындысы жазылатын төреші парағы; Кейс  –  бұл нақты фактілерге негізделген, шешуді қажет ететін мәселелердің сипаттамасы; Клэш  – салыстыру кезінде екі идеяның қақтығысы; POI – қарсылас команда спикерінің сұрағы, түсініктемесі, пікірі, түсіндіру туралы өтініші; Ребатл – қарсыластың сөздерін жоққа шығару, қарсы дәлелдер мен фактілерді келтіру; Резолюция – дебаттағы пікірталас мәселелерінің негізгі тақырыптары; Тайм-кипер – бұл спикерлерге уақытты көрсете отырып, ойын ережесінің сақталуын қадағалайтын адам; tabbycat – барлық ірі халықаралық жарыстарда, оның ішінде әлем және Еуропа чемпионаттарында қолданылатын жеребе тарту құралы, көп функционалдылығы мен қолданушылар үшін ыңғайлы болуы арқылы аналогтарынан асып түседі. Турнир кезінде tabbycat платформасында tab-мастер жұмыс істейді; Фидбэк – дебат раунды бойынша төреші шешімінің логикасын спикерлерге түсіндіру;

Флоушит – ойын барысында төреші толтыратын спикердің ақпараты туралы парақ. Төрешілер алқасы және ұйымдастырушылар комитеті құрамын Турнир ұйымдастырушылары анықтайды. 


11-15 сәуір аралығы Балқаш ауданы бойынша 22-мектеп арасынан дебат клуб мүшелігіндегі оқушылардан мықты шалымдылар іріктеліп, арнайы әр мектепте мектеп Педагог-ұйымдастырушылары, Дебат клубтарының жетекшілерімен бірлескен апталық пысықтау өткен болатын. Нәтижесінде жұмыстар оң шешімін тауып, аудандық әдіскерлер, педагог-ұйымдастырушылар, мен әр мектептердегі дебат клубтарын басқарып отырған жетекшілерінің ақылдасуымен №1 Жамбыл атындағы орта мектебінің мәжіліс залында «Бақытты бала - болашақ   кепілі» атты аудандық турнир өтті. Турнирдің барлық кезеңдері Америкалық парламенттік формат (АПФ) бойынша өткізілді. Турнир екі айналымда өткізілді. Бірінші айналым – іріктеу раундтары. Екінші айналым – негізгі ойындар, жартылай финал және финал.  Іріктеу ойындары 3 раундтан құралды. Әр раундқа бір қарар берілді. Іріктеу ойындарында қарсылас командалар жеребе бойынша іріктелді. Ширек Финалда командаларға бір қарар беріліп отырды. Ширек финалдың қорытындысы бойынша жартылай финалға әр тіл тобы бойынша Іріктеу ойындарының үшінші раунды аяқталғаннан кейін негізгі ойындарға дайындық жүргізілді. Ол үшін әр команданың үш раундтағы нәтижелері жазылып, ұпайлардың жалпы саны есептелді және оларды қосу арқылы пікірталасқа қатысушылардың әрқайсының дәрежелері анықталды. Жалпы нәтижесі жиынтық тізімдемесіне енгізілді. Іріктеу ойындарының нәтижелері жарияланғаннан кейін ширек финалға шыққан командалар анықталды. Ширек финалға әр тіл тобы бойынша іріктеу кезеңінің жеңімпаздары шықты. Ұшқыр ой алаңында белсенділік танытқан аудан оқушылары Аудандық білім бөлімінің алғыс хаттары мен   жүлделі І,ІІ,ІІІ-дәрежелі дипломдарымен марапатталып өтті. Бұл сайысқа мектебімізден 8 «а» оқушысы Қожахан Сабина жетекшісі Танкибаева Жұлдыз апай, 8 «ә» Байсуан Жанерке жетекшісі Саулауова Айназия. Осы аталған оқушылар 11-14 сәуір аралығында өткен мектепішілік дебат клуб мүшелігінің арасынан пысықтауда топ жарып, аудандыққа қатысқан болатын.   Аудан көлемінде өткен турнирде 22-мектеп дебаттарының арасынан жүлделі ІІ орынды иеленді. Мектебіміздің Дебат клуб жетекшісі дайындаған осы оқушылар өз білімдерін ортаға салып, пікірсайысшылар арасынан көпшілік алдында нағыз сөз шеберлері екендерін байқатты. 



Педагог-ұйымдастырушы:             Закарин Н.С.