Ұлттық мектеп лигасы » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
октябрь
2023

Ұлттық мектеп лигасы

Қыркүйек айының 20 жұлдызында мектеп оқушылары арасында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын лиганың салтанатты ашылуы болып өтті.  Лиганы мектеп педагог-ұйымдастырушысы, дене тәрбиесі пән бірлестік жетекшісі бастаған Жанғазинов Мәлік, Момынкулов Болат ағай, Алимжанов Нүрсейт, Сапаралиев Дархан, Сапарғазин Шыңғыс, Бәрібай Ершат, Зауытбек Айдар, Болатхан Алпысбек сынды пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, ауқымды жұмыстар бір жандана түсті. Бұл лиганың мақсаты-оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар, патриоттыққа тәрбиелеп, республикалық жарысқа қатысатын мектеп командасын анықтау. «Ұлттық мектеп лигасы» жас ерекшеліктеріне қарай спорттың 10 түрі бойынша (баскетбол, волейбол, гандбол, футбол, футзал, асық ату, бес асық, Президенттік сынама, үстел теннисі, тоғызқұмалақ) Мектепішілік лиганың ашылуына 5-11 оқушылары қатысты. Мектеп директоры Қамзина Бибігүл Мұхамадиқызы сөз сөйлеп, дене тәрбиесі бірлестігінен ардагер ұстаз Момынкулов Болат Байшымырұлы кешенді лиганың жұмыс барысымен  таныстырды. Іс-шара барысында мектеп музыка пән мұғалімі, «Мәдениет және өнер» фракциясының тьюторы-Балабекова Меруерт Тастурдиевнаның жетекшілігімен мектеп жұлдыздарына айналған өнерлі оқушылардың орындауында ән шырқалып, оқушылардың алдағы жарыстарына сәттілік тіледік. 

#фикультминутка 

#менспорттытаңдаймын 

#явыбираюспорт

#біртұтас_тәрбие








 19.09.2023 жыл сағат 10:00-де Мектеп Парламенті "Өзін-өзі басқару" ұйымының көшбасшылары: мектеп президенті-Саят Анель, Қамқоршылық және еріктілер фракциясы-Рахат Ақмарал, Өзін-өзі тану және Бақыт-фракциясы-Бақыт Еңлік, Мәдениет және өнер фракциясы-Бақыт Аружан, Экология және еңбек фракциясы-Ерлан Сымбат, Құқық және тәртіп фракциясы-Аңсат Абылайхан, Спорт және салауатты өмір салты фракциясы-Мұхит Ердос, «Фидбэк» атты Дебат фракциясы-Бақтыбай Сымбат, Ақпарат және Баспа фракциясы-Күмісбек Жұпар және 9-11 сынып депутаттары, сынып омбудсмендері бастаған оқушылар қауымдастығының бүлдіршіндерді шаттыққа бөлеген Бақбақты ауылдық округіне қарасты "Арман" балабақшасында "Шарлар әлемі" күні аталып өтті. Балабақшамыздың ауласы мерекелік жалаушалар, шарлармен  безендірілді. Мектеп Парламентінің көшбасшылары кішкентай бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап, қолдарына түрлі-түсті шарлар тарту етті. Мерекеде тәрбиешілер мен бүлдіршіндер бірге өнер көрсетіп, би билеп, тақпақтарын айтты. Тәрбиешілер, оқушылар, балалармен әр-түрлі ойындар ұйымдастырып, эстафеталық жарыстар өткізді. Көк аспанға түрлі-түсті шарлар ұшырып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мереке соңында әр топтың балалары «Біз бақытты балдырған» -тақырыбында асфальтқа суреттер салды. «Үлкенге — құрмет, кішіге – ізет» көрсету ұранын негізге ала отырып, оқушылар қауымдастығының басты ұстанған мақсаты: Оқушылар жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға әдеттену, балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып, бір – біріне сенімділік, күш жігерді  арттыратын сөздер айту арқылы жақсы дағдыларын қалыптастыру, болашақ жас буынның ынтымағын арттыру. 



Оқушылардың Мектеп Парламенті «Өзін-өзі басқару» ұйымының Президенті-Саят Анель.

 #Біртұтас_тәрбие #АлматыОблысы_Мектеп_парламенті 

#Школа_самоуправление

@rumcdo_official

@sherraisa

@debat.almaty_obl