«Тіл – әр ұлттың ең асыл қазынасы!» » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тіл – әр ұлттың ең асыл қазынасы!»
20
сентябрь
2023

«Тіл – әр ұлттың ең асыл қазынасы!»

«Тіл – әр ұлттың ең асыл қазынасы!» атты апталық іс-шарада атқарылған жұмыстары жайлы 

Хабарлама.


Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі, тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Олар елге, ұлтқа пайдалы мәселелерді қозғап, жауапкершілікті сезінеді. Өйткені, мемлекеттік тіл елімізде аса маңызды да, ең өзекті мәселе.

Тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйінге сыйғызған мектебіміздің тілдер бірлестігінде тіл саясатын жетілдіру бағытындағы жұмыстар бір сәтке бәсеңсіген емес. Тілдер мерекесі қарсаңында тіл төңірегінде атқарылып жатқан істердің жай-жапсарына қанығып, көз қуантарлық жұмыстардың шын куәсі болған едім. 


05.09.2023 08.09.2023 Тілдер мерекесіне арнап мектебімізде апталық мерекелік іс-шаралар өтті. 05-қыркүйек күні мектеп алаңында тіл мерекесіне арналған салтанатты лездеме болды. Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі және шет тілдер бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тіл – әр ұлттың ең асыл қазынасы!» атты тақырыпта фойе алды безендірілді. Арнайы стенд дайындалып, үздіктерден құралған оқушылар сөз өнерін ортаға салды. Әдеби монтаждар, өнерлі оқушылардың дәстүрлі күйлері орындалды. 

Салтанатты лездемеде бірлестік жетекшілері: Көсембаева Г.Н, Азимбаева А.А. құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларды тіл мерекесіне белсене қатысуларын сұрады. Оқушылар ана тілі туралы өлеңдер оқып, ән орындады. Соңғы екі жылда екі бірлестік арасында жетекшілер тығыз байланыс орнатып, тіл тақырыбын кеңінен насихаттап келеді. Жыл басынан бері басшылықтың ұсынысымен оқушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын меңгеруге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық «Ұшқыр ой алаңы» дебат сайыстары ұйымдастырылса, осындай жұмыстар арқылы қазақ тілін үйренуге ынта білдірген өзге этнос өкілдерінің балалары үшін «Қазақ тілін үйренейік!» атты сабақтар үнемі жүргізіліп, жыл сайын Тілдер мерекесінде жапай оқушылар арсынан челлендж бір асқақтап жүргізілуде. Осындай бірлестіктің мүшелігі маңызды жұмыстар атқарудағы ұстанған ұйымшылдығына, жетекшілердің орасаң зор еңбектеріне шығармашылық табыс тілейміз!