«Ұшқыр ой алаңы» » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
декабрь
2022

«Ұшқыр ой алаңы»

«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ

2022-2023 оқу жылы

Қараша айының 18- жұлдызы атты аймақтық «Ұшқыр ой алаңы» зияткерлік Дебат фракциясының оқушылары арасынан өткен ауқымды пікірсайыс іріктеу турнирінде атқарылған жұмыстарына

Хабарлама.

Турнирдің мақсаты: Заман талабының сұранысына саласы жетік, адами құндылықты жанына серік еткен, айналасына сын көзбен қарап, қоғамдық өмірге белсене араласатын жастардың жаңа буынын қалыптастыру. Мектеп оқушыларын Оқушылардың Мектеп Парламенті «Өзін-өзі басқару» ұйымының Дебат фракциясы құрамына тарту. Мектепішіліс пікірсайыс турнирлерін ұйымдастру, үздіктерді анықтап, ынталандыру. Мектеп намысын қорғайтын үздік оқушыларды анықтау. Мектеп оқушыларын мектепаралық, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық пікірсайыс турнирлеріне қатыстыру,   тәжірибе алмасу арқылы үздік натижелерге қол жеткізу.

№1 Жамбыл атындағы орта мектебі Оқушылардың Мектеп Парламенті «Өзін-өзі басқару» ұйымының мектепішілік «Фидбэк» атты Дебат фракциясының аға тәлімгері-Абденбаев Б.Ш мен Педагог-ұйымдастырушысы-Закарин Н.С және мектеп әкімшілігі бірлесе отырып, аймақтық «Ұшқыр ой алаңы» зияткерлік Дебат фракциясының оқушылары арасынан ауқымды пікірсайыс іріктеу турнирін өткізді. 

Бақылаушылар-Бұл турнирге Балқаш ауданы білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының тәрбие саласы бойынша әдіскері- бақылаушы ретінде Сейсеке Ақын ағамыз қатысты. 

Төрешілер: №1 Жамбыл атындағы орта мектебінің тәлімгері-Абденбаев Болат Шайсұлтанұлы, Ақдала орта мектебі-Мұхтар Дина, Бақанас мектеп-интернаты Серікбай Гүлжанат сынды аймақтық іріктеу турниріне арнайы әділқазы алқаларын Бөлім басшысы-Д.Ақмолдаеваның басшылығымен тағайындалған болатын. 

«Ұшқыр ой алаңының» ойыншылары мен жетекшілері: №1 Жамбыл атындағы орта мектебінің «Фидбэк» атты Дебат фракциясының жетекшісі-Абденбаев Б.Ш. Мектебіміздің фракция Бөлімбасы-9 «а» оқушысы Қожахан Сабина, 10 «а» оқушысы Аңсат Абылайхан. Бірлік орта мектебінің жетекшісі-Алмат Роллан оқушылары-Әшімжан Талант, Жанат Елнұр. Қарағаш орта мектебінің жетекшісі-Тұрсынбаева Қымбат Модахунова оқушылары-Сағынбай Айғаным, Елтай Гүлім сияқты әр мектептің ұйым құрамындағы белсенділері арасынан аймақтық іріктеу кезеңі өтті. Таңдалған 5-тақырып бойынша командалар алаңда өз ойларын еркін ортаға салып, сайыс ережесіне сай сөз шеберліктерін танытты. Пікір сайыс алаңында аталған командалар арасынан мектебіміздің «Фидбэк» атты Дебат фракциясының Бөлімбасы-9 «а» оқушысы Қожахан Сабина, 10 «а» оқушысы Аңсат Абылайхан сынды оқушыларымыз мектеп сенімін ақтап, ойын барысында командалар ішінен топ жарып, оқ бойы озық шықты. Төрешілер шешімімен іріктеу кезеңі әділ болу мақсатында Бірлік орта мектебі мен №1 Жамбыл орта мектебінің ойыншылары арасынан шешуші  кезең ұйымдастырылып, оқушыларымыз тақырып бойынша өз ұстанымдарын шебер сөйлеу арқылы дәлелдеп шықты. Аймақтық турнирдің төрешілерінің шешімі бойынша «Фидбэк» атты Дебат фракциясының Бөлімбасы-9 «а» оқушысы Қожахан Сабина, 10 «а» оқушысы Аңсат Абылайхан аудандық кезеңге жолдама алды.