Күзгі бақ » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
ноябрь
2023

Күзгі бақ

Егер мектепте бала бақытты болатын болса, онда бізде жалпы қоғамда басқа болар еді. Соған байланысты балаға барынша жан-жақты жағдай жасауымыз керек. Ұстаз алдындағы әр шәкірт ұлттың аманаты деп білемін.


9"а" оқушылары: Ханзада-Райбек Ержан мен Ханшайым-Тұрсын Ақторғын "Арайлы алтын-күз!" атты 9,10,11-оқушылары арасынан өткен күзгі бал кешінде жұптардың арасынан өнерлері асып, осы кештің "Күз ханшайымы мен ханзадасы" атағын жеңіп алды. Қолдарына оқушылар қауымдастығы есебінен алынған ең қымбат әрі көз тартар бағалы сыйлық тарту етілді. Жетекшілері-Байшымырова Толғанай апай.

#Біртұтас_тәрбие


"Арайлы алтын-күз!"Күзгі бал кеші. 11"а" оқушылары. Оқушылардың Мектеп Парламенті "Өзін-өзі басқару" ұйымының Мәдениет және өнер фракциясының бөлімбасы Ханшайым-Бақытқызы Аружан мен Спорт және салауатты өмір салты фракциясының бөлімбасы-Мұхит Ердос бүгінгі кешті өз өнерлерімен жандандыра түсті. Жетекшілері Мусаева Айгүл.



"Арайлы алтын-күз!" Күзгі бал кеші. 9"ә" оқушылары: Ханзада-Нұрсапа Бексұлтан мен Ханшайым-Маратқызы Аяла да вальс өнерінің хас шебері екендіктерін көпшілік алдында танытып, Номинациямен марапатталды. Жетекшілері-Кенжеева К.Д.


"Арайлы алтын-күз!" атты Оқушылардың Мектеп Парламенті "Өзін-өзі басқару" ұйымының 11-сынып Бөлімбасыларының ұйымдастыруымен 9,10,11-оқушылары арасынан өткен күзгі бал кешінде 10"ә" оқушылары: Ханзада-Арман Али мен Ханшайым-Сейткер Асылжан жүлделі 1-орын иеленіп, бағалы сыйлық табыс етілді. Жетекшілері-Қажымұханова Гүлбану апай.


27.09.2023 жыл Алматы облысының дін істер басқармасы М.М. "Діни экстремизм құрбандары дескрутивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығы" КММ-нің бөлім басшысы-Молдахметов Рүстем Әуелханұлы мен жастар ресурстық орталығының жетекшісі-Әбілхамиев Мейрам "Экстремизмге терроризмге қарсы іс-қимыл әрекеттеріне жол бермеу және алдын алу шаралары" атты тақырыбында мектеп оқушыларымен ауқымды кездесу өтті.