1-қыркүйек Жалпы республикалық білім күніне орай, қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие беру бағытын негізге ала отырып ұйымд » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1-қыркүйек Жалпы республикалық білім күніне орай, қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие беру бағытын негізге ала отырып ұйымд
23
ноябрь
2021

1-қыркүйек Жалпы республикалық білім күніне орай, қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие беру бағытын негізге ала отырып ұйымд

№1 Жамбыл атындағы орта мектебі МКМ
2021-2022 оқу жылы
1-қыркүйек Жалпы республикалық білім күніне орай, қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие беру бағытын негізге ала отырып ұйымдастырылған «Кел, балалар, оқылық!» атты салтанатты жиында атқарған жұмыстарына
Хабарлама
Мақсаты: 1-қыркүйек күні-білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, мектебіне сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Ауызбіршілікке шақыру.
1-қыркүйек Жалпы республикалық Білім күніне орай,19-тамыз мектеп ұжымымен арнайы лездемеде алда келе жатқан Білім күнінің іс-шаралар жоспары таныстырылып, мектеп директоры тарапынан келісіліп бекітілді. 26-31тамыз аралығында бекітілген жоспар бойынша іс-шараға ішкі-сыртқы дайындық жұмыстары жүргізілді.
Атап айтар болсақ олар ішкі жұмыстар яғни мектеп кітапханасына баратын жолдар «Оқуға құштар мектеп жобасы аясындағы жұмыстары мен марқұм Ұалағатты ұстаз Мәкен Әлібайұлы атынан Буккроссинг бұрышын жасау және І қабат фойе алдына банерлер, әліпбе мүсінін жасау сияқты мерекеге сай безендіру, білімге қатысты фойе алдындағы төрт калонаға қанатты сөздер ілу, талапқа сай толықтай безендіру болып бекітілсе. Бұл жұмыстар Жас мамандар тарапынан толығымен атқарылып өтті.
2-11-сынып арасынан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап, «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында тәрбиелік сағаттар өтті.
«Кел, балалар, оқылық!» атты 1-сынып оқушылары үшін «Әліппе»/«Букварь» алғашқы оқулығын салтанатты түрде табыс ету үшін ұйымдастырылған салтанатты жиынның жұмыстарына белсенді түрде атсалысқан мектеп жас мамандары мен 11-сынып жетекшілері: Балқыбаева В, Тоқсанбаева В, Алимжанов Н және 11-сынып оқушыларының арқасында жаңа оқу жылының басты мерекесі Білім күні жылдағыдан ерекше өтті десек артық айтқанымыз емес.


Педагог-ұйымдастырушы: Закарин Н.С.

«Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»
Мектебіміздің зейнеттегі ардагер-мұғалімдері мен олардың ұрпақтары өнегелік игі іс жасауда.
Биылғы жаңа оқу жылы мектеп шығармашылық тобының қиялынан туындаған айшықты безендірулерімен жаңа оқу жылына дайындық барысында жақсы жаңалықтарға толы болды. Барша ұжым қуанудамыз. Қуанатынымыз қазақ әліпбиі 1-сынып оқушыларына салтанатты түрде табыс етілетіндігі және қос бірдей ардагерлер атынан математика кабинеті ашылған болатын. Атап айтсақ мектебіміздің математика пән мұғалімі ардагер ұстаз Құлтаева Білімкүл Диханбайқызы шәкірттеріне сонау жылдардан бастап, білім нәрінен сусындатып қана қоймай, бастауыш сынып оқушыларына құны үш миллион тұратын «Б.Д. Құлтаева атындағы математика» кабинетін жеке қаржысынан заман талабына сай безендірілген толық жаңарту жұмыстарынан өткізіп, жаңа жиһаздармен жабдықтап берді. Бұл ұлағатты ұстаз жыл сайын дәстүрлі «Мектепке жол» қайрымдылық акциясына да белсенді түрде атсалысуда. Тағы да қуанатыны 50 жыл математикадан сабақ берген Адалбай Бейсенбиевтер ұрпақтары мектебімізге демеушілік етіп, оның сыртында жоғарғы сынып оқушыларына «Адалбай атындағы математика» кабинетін заман талабына сай жасақтап берді. Мектеп кітапхана жанынан ұзақ жыл қазақ тілі мен әдебиетінен дәріс берген марқұм Мәкен Әлібайұлы атындағы буккроссинг бұрышы ашылды. Ерекшелігі мектебімізде ұзақ жылдар еңбек еткен марқұмның жары сыйға тартқан ерекше кездесетін қазақ тілі грамматикасы мен әдеби кітаптармен толықты. Жаңа оқу жылы қарсаңында «Оқуға құштар мектеп» кешенді бағдарламалық жобасы іске қосылып, сүйікті жас оқырмандарына жол тартты.

"Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл"
5 мен 15 қыркүйек аралығында Ұлттық тәрбие бағытын негізге ала отырып ұйымдастырылған «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай, қазақ ақыны, әдебиеттанушы ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына – 150 жыл толуына арнап, айтулы он күндіктің іс-шаралары өз дәрежесінде атқарылып өтті.
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз - қазақ тілі болып бекітілгені анық. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз - тіліміз.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі, Бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі»,- деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, кез келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Біздің Отанымыз байтақ та бай ел. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен кіріп, бойға тарайды. Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі, көркемдігі өрлігінде, орасан зор байлығында. Атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұраны дәріптеу мақсатында қазақ, орыс, шет тілдері бірлестігі 2021жылдың 5-15 қыркүйек аралығында ауқымды онлайн тілдер апталығын өткізді. Тілдер апталығының жоспары құрылып, бекітілген бағдарламаға сәйкес көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ-
Мекреке қарсаңында мектеп директоры және тілдер бірлестігі атынан алғы сөздер мен мағыналы бейнежазбалар, ұлағатты ұстаздардың жүрек жарды қанатты сөздері жолданды.
Мектеп жас мамандары айтулы он күндікке бірлесе отырып, тақырыпқа сай безендіру жұмыстарын жүргізді. Фойе алды Ұлы ойшылдардың нақыл сөздерімен толықты.

5-6 сыныптар арасынан Көркемсөз оқу шеберлерінің сайысы онлайн түрде өрбіді. Қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың тіл байлығына, тіл мәдениетіне, сыртқы келбетіне, мәнерлеп оқу деңгейіне, өзін-өзі ұстай білуіне, әртістік шеберлігіне, дауыс ырғағына баса көңіл аударылды . Әр сыныптан бір оқушы қатысып, сайысқа арнап жасаған бейнежазбалары мектеп әлеуметтік Instagram, FacebooK парақшаларына жүктелді.

Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемілекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру және шәкірттерге ана тіліміздің қадір-қасиетін ұғындырып, оны өшпес мұра етіп сақтау, ұрпақтан-ұрпаққа аманаттап жеткізу, мемлекеттің тіл саясатын жүзеге асыруда жетістіктерді паш ету мақсатында өткізген бұл айтулы он күндіктегі ең негізгі бірегей жұмыстардың бірі ол-«Қара сөздердегі даналық ой» Ахмет Байтұрсыновтың бір ғана қара сөзін айтып, саналы түрде мағынасын ашу. Ахмет Байтұрсыновтың өлең жолдарына өз түсінігін айту яғни «Мен қазақша сөйлеймін!» бір күндік жалпы республикалық акция аясында өзге ұлт өкілдерінен қазақша сөйлеу. «Көркем жазу» Ахмет Байтұрсыновтың қара сөздеріне немесе өлең жолдарына көркем жазу болатын.

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Көсенбаева Гүлзат апайдың жетекшілігімен дайындалған 11 «ә» «Жас Ұлан» ұйымының белсенді оқушысы Ерболқызы Камила Ахмет Байтұрсыновтың «Қара сөздердегі даналық ой» тақырыбына сынып атынан қатысып, мектеп желісінде қалын оқырманының көптеген қолдауына ие болды. Бұл он күндікте осындай кешенді жұмыстардың арқасында Ұлттық құндылықтарымызды шәкірт бойына дарытып, айтарлықтай сіңіре білдік десек артық айтқанымыз емес. Бұл жұмыстарды жылдан жылға дамытатындығымыз-хақ. Өйткені біздің шығармашылық топ үнемі іздену үстінде. Сөз соңын мына қанатты сөз жолдарымен аяқтағым келеді.
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қуанышым, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі, тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Олар елге, ұлтқа пайдалы мәселелерді қозғап, жауапкершілікті сезінеді. Өйткені, мемлекеттік тіл елімізде аса маңызды да, ең өзекті мәселе. Олай болса, тілімізді қадірлей білейік!

Педагог-ұйымдастырушы: Закарин Н.С.


«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ
2021-2022 оқу жылы

07-қыркүйек дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыттарын негізге ала отырып, ұйымдастырылған жалпы республикалық денсаулық күніне орай, «Денсаулық фестивалі-2021» атты мектепішілік онлайн апталық іс-шарада атқарған жоспарына
Хабарлама.

Мақсаты: Өскелең ұрпақтың денсаулық принциптерін, салауатты өмір салты негіздерін меңгеруге жағдай жасау, жас ұрпақтың өмірге деген құштарлығын арттыру. Салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дәріптеу. Мұғалімдер арасында спорттық шеберлікті жетілдіру, тәжірибе алмасу және достық қатынастарды орнату. Мұғалімдердің бос уақытын ұйымдастыру, моральды-эстетикалық дамуына ықпал ету, мұғалімдер арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Апталыққа дайындық жұмыстары: Айтулы іс-шараға байланысты мектеп дене тәрбиесі мұғалімдері мектеп спорт залын тақырыпқа сай толық безендіру жұмыстарын жасады. Атап айтсақ-жаттығу алаңына түрлі-түсті флажоктар тартылып, денсаулық жайлы ұранды плакаттар, нақыл сөздер ілініп, жарыстың ережелерін ескере отырып, бір неше шеңбер алаңдары сызылылды. Жарысқа керекті құрал-жабдықтар алдын ала әзірленіп қойылды.
Ауқымды апталықтың ашылуы: Қазақстан республикасының гимні ойнатылды. Дене шынықтыру мұғалімдері сап түзеп, мұғалімдер арасынан рапорт берілді. Сөз мектеп жас маманы Адамов Санжар Садырұлына беріліп, өз сөзінде-«Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние» дей келе бұл апталық ауқымды фестиваль ұйымдастырудағы басты мақсатымызды өскелең ұрпақтың денсаулық принциптерін, салауатты өмір салты негіздерін жалынды сөздерімен түсіндіре келе жастарға салауатты өмір салтын қалыптастыру, олардың спортпен жүйелі түрде айналысуы жөнінде нақыл сөздермен барынша қашықтықтан насихаттай білді. «Белсенді қозғалыс және ептілік» атты дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің арасынан қашықтанан спорттық іс-шаралар бір неше спорттың түрлерінен яғни ұлттық және бұқаралық спорт түрлерінен өз дәрежесінде атқарылып өтті. Олар мына төмендегі ережелер бойынша атап айтсақ –мұғалімдер үш командаға бөлініп, әр команда атауы, ұраны мен белгілері тағылды.
1 команда (3 дене шынықтыру пәні мұғалімдері) мектеп спорт залында, спорттық киімде қашықтықтан өтетін жарыс ережесіне сәйкес жұмыстар орындады.
1. Қайталап жүгіру /челночный бег/ ара қашықтығы 5 метр, 5-рет барып қайту, 3 қатысушы бірлесіп жүгіреді.(ұпай уақыт жылдамдығы есебімен беріліп отырды)
2. Қолды тіреп жерден кеудені көтеру /отжимание/ ережесіне сәйкес N-рет жеке және командалық ұпайлар саналды. (1 отжимание – 1 ұпай болып есептелді)
3. «Дарыс» ойыны.
4. Асық ату, алаңға көмбе сызығы сызылды, осы жерге әр қатысушы 20 см аралығында 10 асық тігілді. Көмбе сызығынан диаметрі бес табан өлшеніп шеңбер сызылды, ол бес табан шеңбері болады, шеңберден 3 метр қашықтықта атыс сызығы сызылды.
Осы сызықтан қатысушылар көмбедегі асықты қатты құлаштап атып, тігілген асықтарды шеңберден шығарды. Шеңберден шыққан әрбір асық 1 ұпай болып есептелінді. Егер шеңберден шығара алмаса, сақа тиген асық қайта тігілетін болып шешті. Ойын осылайша жалғаса берді, әр қатысушыға 5 мәрте атуға мүмкіндік берілді. Іс-шара соңында мектебіміздің аға жаттықтырушысы Момынкулов Болат ағай ұлтқа тән өзінің ұлағатты сөздерімен бастап, шараның маңыздылығына тоқтатылып өтті. Арнайы комиссияның шешімдері бойынша 1-орын «Жалын» Шыңғыс ағайдың командасы, 2-орын «Достық» Нүрсейіт ағайдың командасы, 3-орын «Жігер» Дархан ағайдың командасы марапатталып өтті. Сайыс командалар арасынан қызықты да тартысты өтті. Бұл заман талабына сай бір неше спорт түрлерінен атқарылып жатқан жұмыстарды алға қою жағын жан-жақты қарастырып, бұл жұмыстардың жаңғыруына барынша мектеп дене тәрбиесі бірлестігі бірлесіп, жүелі болашақ мақсаттарын құруда.


Бірлестіктің аға жаттықтырушысының марапаттау рәсімінен бір сәттік естелік.


10 «ә» сынып оқушыларының қашықтықтан өткізген таңғы сергіту жаттығулары. «Жас Ұлан» ұйымының белсенді оқушысы Кешубай Диастың нұсқауымен өткен жаңа жаттығудың әдіс-тәсілдері еді. Жетекшілері Нәдірбекова Элмира апай.

11 «ә» сынып жетекшісі Балқыбаева Венера Өкілбекқызы қашықтықтан денсаулық апталығына арнап, барша ұжым ұстаздарына, келер жас ұрпаққа жүрек жарды жалынды, өсиетті сөздерімен әдемі бейнажазбасынжолдады.


9 «б», 10 «б» оқушылары және ата-аналары мен жетекшілері Войцеховская Зульфия Абдыхалыққызы қашықтықтан әдемі әуенде жазылған бейнежазбаларжіберді. Оқушылар ережеге сай жаттығулар орындап, барша шәкірттерге үлгі боларлық істер атқарды.

5-8 оқушылары арасынан «Салауатты өмірді қолдаймыз!» тақырыбында плакаттар байқауы өтіп, мектебіміздің ІІІ қабатына ілінді. Плакаттарға оқушылар денсаулық, спорт жайлы нақыл сөздер жазып, арнайы тақтайшаға тізілді. Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда.
Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық денсаулық.
Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну. Денсаулық дегеніміз — ағзаның айналаны қоршаған сыртқы орта факторларына бейімделуі болып табылады. Әдемілік — азат жанның және мықты денсаулықтың жемісі дей келе осы айтулы апталыққа бейжай қарамай белсенді түрде атсалысқан дене тәрбиесі ер мұғалімдеріне, сынып жетекшілерге шын жүректен мекптеп әкімшілігі атынан алғыс айтамын. Сіздер айрықша табандылықтың және зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеттіңіздер.Бұл мектебіміздің рухани өміріне деген шынайы сүйіспеншіліктің көрінісі деп санаймын.

Педагог-ұйымдастырушы: Закарин Н.С.



«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ
2021-2022 оқу жылы

14-21қыркүйек аралығы Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде Отбасы тәрбиесін негізге ала отырып ұйымдастырылған «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» атты апталық іс-шарада атқарған жоспарына
Хабарлама.

Мақсаты: Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қатынастарын нығайту, ата – анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын арттыру.
"Отан отбасынан басталады" деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, ол болмаса, отанасы, одан қалса, үлкен аға не әпке басқарады, олардың сөзін, ұйғарымын өзгелері жерде қалдырмайды. Әрбір ересек адам өзі бақытты болуы үшін, ең бастысы, өзгелерді, оның ішінде бірінші болып балаларды бақытты ету керек екендіктерін білулері қажет. Бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ержететінін білеміз. Мұның бәрін неге қозғап отырмыз? Себебі - 14-21 қыркүйек аралығы жарық дүниедегі ең жақын жандарыңыздың төл мерекесі болып республика көлемінде аталып өтуде. Мектебімізде Отбасы тәрбиесін негізге ала отырып, «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» атты кешенді апталық онлайн іс-шаралар жоспары құрылды.Әр түрлі тақырыптардан құралған тәрбиелік бір қатар жұмыстар атқарылып өтті. Атап айтсақ: 9,10,11-сынып оқушылары және ата-аналар мен мектеп психологтары Чокенова Салтанат, Болат Еңлік Мақсатқызының ұйымдастыруымен «Аяулы алақан» тақырыбында ата-аналар арасында Конференция , тренингтер мен онлайн сауалнамалар өтті. Қашықтықтан өткен бұл іс-шара барысында мектебіміздің тәжірибелі психологы Чокенова Салтанат Газизовна ата-аналарға өз сөзінде «Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз. Сондықтан да бүгінгі мерекеде бір-біріңізге әдемі де әсерлі сөздер арнап, ерекше сыйластық көрсете біліңіздер! Аса қадырменді ата-аналар тек қана бүгін емес, жылдың әрбір минутында, әрбір сағатында, жанұяларыңызды ыстық ықыластарыңыз бен шексіз махаббаттарыңызға бөлей жүріңіздер!» деп өзінің тәрбиелік жалынды сөздерімен апталықтың жұмысын айшықтап аша білді.

1-4 сыныптар арасынан «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» атты Отбасы күніне сынып сағаттары өрбіді. Соның бір дәлелі 3 «а» сыныбымен Дүйсенбекова Кенжекгүл апай, 4 «б» Көпбосынова Ш, 2 «а» Дәркембаева Ж, 2 «б» Ахметова А, 4 «а» Жолдыбаева Айжан сияқты жетекшілер өз оқушыларына басты ұлттық отбасы құндылықтарын жақсы бір ұстанымда толығымен баяндап берді. Оқушылар тәжірибелі ұстаздардың бұл тәрбиелік сағатынан ерекше әсер алып, өз ойларын ашық айта білді.




Бұл апталық ішіндегі ең өнегелік жұмыстар жасаған 3 «ә» жетекшісі Сатова Маржан мектебіміздің «Үштік одақ» ұйымы аясында мерекеге орай, маңызды жұмыстар атқарып, ата-аналарының жақсы әуенде жазылған алғы сөздері бейнежазбаға жинақталып, мектеп әлеуметтік Instagram, Facebook-парақшаларына жарияланды.
Педагог-ұйымдастырушы: Закарин Н.С.

«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ
2021-2022 оқу жылы

01- қазан Рухани-адамгершілік тәрбие беру бағытын негізге ала отырып ұйымдастырылған Халықаралық қарттар күніне орай, «Аман-сау жүрші, менің ата-әжем!» атты іс-шарада атқарған жұмыстарына
Хабарлама.

Мақсаты: Оқушыларға ұлттық қадір—қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. Дәстүрге құрметпен қарау. Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.

01-қазан Рухани-адамгершілік тәрбие беру бағытын негізге ала отырып, Халықаралық қарттар күніне орай, «Аман-сау жүрші, менің ата-әжем!» атты іс-шараның ұйымдастырылуы жөнінде бірінші лездемеде жетекшілерге толық таныстырылып, бір қатар ұсыныстар қаралды. Осы жоспар аясында жетекшілер тарапынан атқарылған жұмыстар төмендегідей. Атап айтсақ:
1-Оқушылар құттықтап, қарттар күніне арналған ақын жазушылардың қысқаша өлең шумақтарын жаттап, WhatsApp желісі арқылы сапалы видео жіберу.Жауаптылар: 1«а» Сапаралиева Айнур толық атқарылды
1 «ә» Сатиева Роза толық атқарылды
1 «б» Өнербекова Аида толық атқарылды
1 «в» Ананина Любовь толық атқарылды
2 «а» Дәркембаева Ж.К. толық атқарылды
2 «ә» Оматаева Ж.Н. толық атқарылды
2 «б» Ахметова А.Ж. осы аталған сыныптар толық атқарылды. Осы аталған сынып жетекшілер оқушының жұмыстарының атқарылуна жауапкершілікпен қарап, жоспар аясында жасалған жұмыстарын, қарттар күніне арналған құттықтауларын, ақын жазушылардың қысқаша өлең шумақтарын жаттатқызып, толық жұмыстарын видео арқылы мектеп әлеуметтік парақшаларына жолданды.
Дәстүрге құрметпен қарап, оны бала бойына сіңіру мақсатында бала мен ата-әже арасындағы жақсы бір сәтті сапалы бейне жазба арқылы көрсету. (оқушы «Жеті атасын» жаттап айту, үйдегі ата-әжелері немересіне бата беру) WhatsApp желісі арқылы сапалы видео жіберу болатын. Жоспарды негізге ала отырып, жетекшілер тарапынан мағыналы видеолар жолданып, жүйелі жұмыстар атқарылып өтті. Жауапты: 3 «а» Дүйсенбекова К.Д, 3 «ә» Сатова М.Т,3 «б» Исаева О.А,4 «а» Мухатова Ж.З,4 «ә» Дүйсебаева Р.Т,4 «б» Копбосынова Ш.О,4 «в» Козлова О.В.


Педагог-ұйымдастырушы: Закарин Н.С.


«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ
2021-2022 оқу жылы

05-13 қазан Рухани-адамгершілік тәрбие беру бағытын негізге ала отырып ұйымдастырылған Ұстаздар мерекесіне орай, «Ұстаз мектептің жүрегі» атты апталықта атқарған жұмыстарына
Хабарлама.
Мақсаты: Ұстаздың әрі маман, әрі оқушыға дос, жанашыр, ақылшы екендігі туралы түсінік беру. Ұстазбен өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту. Ұстаздың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу және «сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу мен «білім», «еңбек» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

01 қазан мектепішілік лездемеде алда кележатқан Жалпы Республикалық Ұстаздар мерекесіне байланысты апталық іс-шаралар жоспары құрылып, жауапты маманндар, жетекшілер мен жас мамандарға таныстырылып, бекітілді. Оның сыртында Ұстаздарға құрмет ретінде бір күндік «Өзін-өзі басқару» күнінің кешенді жоспары аясында 9-11 оқушыларынан сынып жетекшілер, пән мұғалімдері, әкімшілік мүшелері тағайындалып, жұмыс барысымен таныс болды. 11-сынып арасынан мектеп директоры, әкімшілік мүшелері тағайындалды. 10-сыныптар 5-8 сыныптарға пән мұғалімі мен жетекшілік орынға тағайындалды. Ал 9-сыныптар 1-4 бастауыш пән мұғалімі мен жетекшілік орынға тағайындалды.
Апталық іс-шара жоспарында бекітілген жұмыстар:
Безендіру жұмыстары: І қабат фойе алдына кең көлемді тақырып атауын ілу, мұғалімдер бөлмесі, мектеп алды саптық алаңын безендіру; шарлар, гүлдер, флажоктар, ленталар, «әліппе» «букварь» мүсінін жасау, билбордтар т,б. жұмыстарын мектеп жас мамандары және 11-сынып оқушылары мен жетекшілері бірлесе отырып, мереке қарсаңында атқарған жұмыстары көңіл толып, көз қуантатындай, жаңа аяқ басқалы тұрған балғын бүлдіршіндерге шаттық пен шапағат сыйлай білді.

А йтулы іс-шараның ашылуы:
Үш сынып бірігіп ұстаздарға арналған қабырға гезетін ілу, 11-сынып оқушылары бірлескен айтулы мерекеге арнап, Ұлағатты Ұстаздарға арналған нақыл сөздер мен жалынды тілектерге толы тілек газеттерін фойе алдына ілді. Мектеп мұғалімдер бөлмесіне 11-сыныптың ұйымдастыруымен ұстаздар құрметіне ақпараттық тақта жасалды. Ақпараттық тақтада мұғалімдердің жетістіктері мен жұмыс барысындағы суреттер мен құттықтау қоржыны ілінді.11-сынып оқушылары мен жетекшілері музыка ырғағымен ұстаздарды Фойе алдынан қошеметпен қарсы алып, әр сыныптан ізгі тілек, құттықтау сөздер жолданды. «Ұстаздарға құттықтау хат» табысталып, мерекелік тосын сый жасалды. Барша ұстаздарды мұғалімдер бөлмесінде қарсы алып, аяулы ұстаздар алаңға шақырырылып, ұстаз туралы жақсы әуенде әдемі өлеңдер мен шынайы тілектер арқылы оқушылар барша ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлай білді.

«Ұстазым – ұлы тұлға» тақырыбында Ұстаздарға арнап, сынып атынан бір қабырға газетін шығару болатын. 9 «а» Мусаева А, 9 «ә» Момынкулова Л, 9 «б» Войцеховская З, 10 «а» Сауранбаева А, 10 «ә» Нәдирбекова Э, 10 «б» сынды жетекшілердің нұсқауымен мектеп ІІІ-қабатына әр сынып атынан қабырға газеті шығарылып ілінд

«Ұстаз-ұлы есім» атты тақырыбында ұстаз туралы эссе жазу. Бұл жұмыстар 7-8 сыныптар аралығында өрбіді. Ұстаз туралы ойын жеткізе білген оқушы жұмысы мектеп әлеуметтік Instagram, FacebooK парақшаларына жарияланды. Айтулы мерекеге оқушылар арасынан мағыналы бейнежазбалар, алғы сөздер жолданып, мектебіміздің барша ұстаздарын бір қуантып тастады.
13.10.2021жыл, 9-11 оқушылары арасынан мектепішілік «Өзін-өзі басқару» күнінде мына төмендегі жұмыстар атқарылып өтті.
Мақсаты: Оқушыларды өзін-өзі басқаруға бейімдеу, білімге деген құштарлығын арттыру және өзара ауызбіршілігін сақтау, бірігіп жұмыс істуге баулу, жауапкершілігін ұлғайта түсу. Әр бір оқушының жан-жақты болып, ізденуіне қолдау көрсету.
І ауысым:
7:30. Лездеме; оқу және тәрбие жұмыс барысымен таныстыру, сабақ жоспарларын тексеру.
8:00. Оқушылардың сүйемелдеуімен қойылатын таңғы сергіту жаттығулары Педагог-ұйымдастырушы.
8:15. Мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг «Жақсы көңіл күй» психолог, пед-ұйымдастырушы. (Бұл жұмыстар тағайындалған оқушылар арасынан өтеді)
8:30 Интеллектуалды ойындар (тағайындалған мұғалімдер мен оқушылар арасында)
9:35 9-11 арасынан тағайындалған алғашқы әскери даярлық мұғалімінің ұйымдастыруымен сейсможаттығу өткізіледі.
9:25. «Қызықты үзіліс» 9-сынып оқушыларының қойылымы тағайындалған Пед-ұйымдастырушы.
11:00. Мектеп 7-бірлест арасынан өтетін спорттық жарыстар Ережесі: 1-команданың аты, ұраны, сәлемдесу. 2-Дарс ойыны 3 метрден ату. 3-Баскетбол ойыны себетке лақтыру. 4-Секіртпе жіппен секіру. 5-Шалқалап дене көтеру яғни дене жаттығулары. Жауапты: Дене шынықтыру бірлестігі. Жетекшілері Алимжанов Н.Т.
13:00-ден14:00 аралығы 10-сыныптардың Ұстаздарға арналған концерттік бағдарламасы
ІІ ауысым:
15:35. Кіші сыныптарға арналған сынып ішінен тренинг «Біз бақытты балалар» психологтар
16:00. Мұғалімдер арасында өтетін «Қызықты старт» эстафедалық топтық ойындар Пед ұйымдастырушы, дене шынықтыру мұғалімдері
15:00. Мектепішілік тәртіп пен әкімшілік кезекшілік және ұстаздардың кезекшілік атқарған атқармаған жөнінде жұмыс жасау.
19:20. Осы жоғарыдағы жұмыстарды қортындылай келе оқушылар оқу күнінің соңын жиналыспен аяқтап, жақсы атқарған әкімшілік мүшелері мен ұстаздарға жақсы мотивация беріп, жалынды сөздер сөйлеп, бір-біріне сыйластық көзқараспен бүгінгі күннің жұмысын қорытындылап абыроймен тарқасты. Марапаттау рәсімінде мынандай номинациялар қарастырылды: Өзін-өзі басқару күніндегі администрацияның бақылауымен «Ең үздік мұғалім», «Ең ұқыпты сынып журналы», «Ең жақсы сынып жетекші» атты номинациялар мен салтанатты түрде қошеметпен табыс етілді. Бұл кезде әр мұғалімнің сырт –келбеті, өзін-өзі ұстауы, этикалық-эстетикалық қасиеттері, сабақты өткізе алу шеберлігі, сынып журналын толтыруы, және өз сыныбына қарап, оларды бағындыра білуі ескерілді.












Педагог-ұйымдастырушы: Закарин Н.С.

“№1 Жамбыл атындағы орта мектебі” МКМ
2021-2022 оқу жылы.
29-қазан көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие бағытын негізге ала отырып, ұйымдастырылған “Арайлы алтын-күз!” атты бір неше тақырыптан жоспарланған мектепішілік іс-шарада атқарған жұмыстарына
Хабарлама.
Мақсаты: Күз-молшылық мезгілі. Сол арқылы оқушыларға еңбектің, молшылықтың қадірін түсіндіру. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың рухани дамуына әсер ету.
1-4 сыныптар арасынан өтетін, күз мезгіліне арналған ертеңгілік сайыс түрінде жоспарланды.
Сайыс 3-кезеңнен атқарылуы шарт делінген.
І - бөлім «Күз ханшайымы» өз қолдарынан жасалған көйлектерінің көрсетілімі.
ІІ - бөлім Өнер көрсету. Алтын күз мерекесіне арнайы дайындаған ән,би жаттауларын ортаға салады.
ІІІ – бөлім «Күз байлығы» оқушылардың күздік бау бақшалардан жинаған дастархан мәзірі мен өз қолдарымен жасалған жұмыстарымен таныстыру.

Ертеңгілікте мынандай ескертулер берілді: Күз мезгіліне арналған әр сыныптың ішінен өтетін ертеңгілікте бастауыш жетекшілері оқушылардың күз мерекесіне арналған костюмде болуы және жоғары дәрежеде өтуі сұралады делінген. Әр жетекші сынып ішінен Ханшайым мен Ханзаданы анықтап, белсене қатысқан оқушыларды жетекші оқушы еңбектерін бастауыш ішінен тағайындалған әділқазылардың шешімімен номинациялармен марапаттайды деп ескертілді.
Бастауыш бірлестігі арасынан жетекшілер тарапынан бұл ертеңгілікті ұйымдастыру жөнінде ата-аналар комитетімен кеңес өтіп, кеңесте бастауыш тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен бірлестік жетекшісі бұл ертеңгіліктің жоғары дәрежеде өтуі туралы толық мағлұмат беріп, оның іске асуына жетекші тарапынан сұралатындығын ескерте кетті. Бұл ертеңгілік күз мерекесі молшылықты табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесті. Іс-шара барысында байқағанымыз-бала қиялын жан-жақты дамыта отырып, шығармашылық жұмысқа баулумен олардың рухани дамуына ерекше әсер етті.

5-8 сынып арасынан өтетін, күз мезгіліне арналған «Күзгі пейзаж» атты плакаттар байқауы өтті. Бұл байқау мектебіміздің ІІІ қабат фойе алдындағы тақтайшаға сыныптың бірлескен қабырға газеттері ілінуі жайында бір қатар шарттарымен таныстырып өтті. Әр сынып газет бетіне жапырақтардан немесе дәнді-дақылдардан қосуы мен суретші шеберлігі, бояу мәнері баса назарға алынып, бағаланады делінген. Оқушылар бұл шеберлік байқауында әр сыныптан қол өнер мен қыл қалам шеберлері өнерлерін ортаға салып, фойе алдындағы тақтайшаға орналастырылған газеттер беті сарғылт, күрең-қоңыр жапырақтар мен түпсіз терең тұңғиықта жататын маржандай көрінетін әдемі әрі әспеттеліп жасалған дәнді-дақылдар және мағыналысөздерге толы болды.


29.10.2021 жыл, сағат 17:00-ден 20:00 уақыт аралында мектепішілік 9,10,11-сынып оқушылары арасынан “Арайлы алтын-күз!” атты 11 «а», 11 «ә»-сынып «Жас Ұлан» ұйымының бір топ белсенділерінің ұйымдастыруымен күзгі бал кеші өтті.
Мақсаты: Мектебімізде өткізілген “Арайлы алтын-күз!” атты мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу. Өздеріне ерік бере отырып; ауыз-бірлікке, ынтымақтастыққа баулу. Басты мақсат-күз Ханзадасы мен Ханшайымын анықтау болып табылады.
Күзгі бал кешіне байланысты 11-сынып оқушыларымен ауқымды жиналыс өтті. Жиналыста оқушылар тарапынан бір қатар ұсыныстар ортаға салынып, оны жан-жақты қарастыра келе күзгі бал кешінің ережелері бекітіліп, хабарландыруы ілінді. Хабарландыруда мынандай шарттары ретімен орналастырылған болатын:
1-«Кел танысайық» ( өздері жайлы мәліметпен таныстыру)
2-Сұрақ-жауап (тарихи-әдеби және логикалық сұрақтар)
3-Ас үйлік өнер (күздік жеміс-жидектер және салаттар т,б өнімдер)
4-Жұптық вальс (көрініс арқылы көрсету) сияқты бір неше кешкі балдың жұмыс жоспарымен оқушылар таныс болды. Оның сыртында ескертулер де айтыла кетті. Айтулы кешке оқушылар балға арналған маска мен өз қиялдарынан туындаған киімімен келуі шарт. Балға оқушылар жұмымен қатысуы, көпшілік ортасында өз жұбымен жақсы өнер көрсетуі тиіс делінген. Нәтижесінде -бұл“Арайлы алтын-күз!” атты мерекесіне әдемі жұптар ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін жиналған жанкүйерлерге өздерінің арнайы дайындап әкелген киім-келбеттері мен ортаға салған жұптық өнерлерімен әспеттеп жеткізе білді. Бұл өздеріне ерік бере отырып ұйымдастырылған кеште бір байқағанымыз жоғарғы сынып оқушылары арасынанда ауыз-біршіліктің туы желбіреп, ынтымақтастық ыстық желі орын алғандығын анық түрде байқатты.


Педагог-ұйымдастырушы: Закарин Н.С.
“№1 Жамбыл атындағы орта мектебі” МКМ
2021-2022 оқу жылы.
Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымына жаңа Ұланбасын сайлау жөнінде 9-10 сыныптар арасынан өткен «Ұланбасы-2021» атты ашық сайлауында атқарған жұмыстарына
Хабарлама.

Бұл сайлау тәрбие жұмыстарының 8 басты бағыттарын негізге ала отырып, өтті. олар:
1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие беру;
2. Ұлттық тәрбие беру;
3. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру;
4. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие беру;
5. Рухани-адамгершілік тәрбие беру;
6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие беру;
7. Отбасы тәрбиесі ;
8. Зияткерлік, ақпараттық мәдениет тәрбие беру бағыты;
Сайлау ережесі:
"Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау туралы"
Оқушылардың өзін-өзі басқаруы – бұл мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруға қатысу формасы, ол оқушылардың мұғалімдер құрамымен және мектеп басшылығымен бірге оқу үдерісін ұйымдастырудағы мәселелерді шешуге қатысуын қарастырады.
Мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы қызметінің негізгі мақсаты: оқушылардың мектептегі басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыру, жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар, шешім қабылдауға қабілетті, жауапты және тәртіпті, өз бетінше таңдау жасауға дайын және мектепте белсенді өмірлік ұстанымға ие тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.
I. Жалпы бөлім
1. Осы Ереже оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлауды дайындау мен өткізуді реттейді.
2. Өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлауда сынып жетекші өзінің белсенді оқушысын, сайлауалды бағдарламасына дайындау мен оқушы формада болуын қадағалайды, өз бағдарламасын презентациямен жатқа қорғайды. Әр үміткер өз сайлауалды бағдарламасын ұсынады.
3. Өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде мектеп әлеуметтік Instagram, FacebooK парақшаларына жүктелініп, қалың оқырманның қолдауы мен лайк басуы арқылы жеңіске жетеді.
4. Оқушылардың сайлауға қатысуы ерікті болып табылады. Ешкімнің оқушыны сайлауға қатысу немесе қатыспауына мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркін білдіруіне шектеу қоюға құқығы жоқ.
5. Сайлаушылар-9-10 сынып оқушылары қатыса алады делінген.
6. II. Іріктеу кезеңі үшін критерийлер
• Үш тілді еркін меңгеру (әсіресе қазақ тілінде);
• Кез-келген түрдегі ескертулердің болмауы;
• Тәртіптік жазалардың болмауы;
• Мектеп өміріне белсенді қатысу (олимпиадалар, жобалар, іс-шаралар және т.б.);
• Оқу үлгерімі өте жақсы (GPA 4.5/5). Осы бес негізгі критерийлер арқылы үміткер оқушыларды қабылдадық.
ІІІ кезең Алдағы сайлау күндерін төмендегі кезеңдер арқылы таныстырдық:
І кезең 25.10.2021, сағат 9:00– ықтимал үміткерлерден өтінімдерді қабылдау және критерийлер бойынша тексерілді, фое алдындағы тақтайшаға үміткердің суреті мен бағдарламасы ілінді, оқушылардың бағдарламалары мектеп әлеуметтік Instagram, FacebooK парақшаларына жариялау.

Мектеп әлеуметтік Instagram, FacebooK парақшаларына жарияланған бағдарламаларын лайк басу әдісі арқылы көп лайк жинаған үміткерлер арасынан бағаладық.
1-Тұрдалы Амина 2902 лайк
2-Кешубай Диас 566 лайк
3-Сейілхан жарқынай 397 лайк
4-Ансат Абылайхан 350 лайк
5-Саят Анель 3014 лайк жинап, жобасы қалың оқырманның көңілінен шығып, бұл жоба «Жас Ұлан» жұмысының алға басуына лайық деп тауып, 5 ұпай санымен алға шықты.
VI кезең Сайлау күндері
26-29.10.2021 – үгіт-насихат (үміткер сайлауалды бағдарламасымен таныстыру ұзақтығы: 4 күн мектеп мәжіліс залында орын алады делінген. 29-күні мектеп мәжіліс залында 5-үміткер арасынан өз бағдарламаларын қорғап, кеңінен таныстырып өтті. Сайлау комиссиялары әзірлеген бағалау парағында 5-10 балдық жүйе арқылы шешімін айтып отырды. Бағалау парағында-“Мектеп Парламенті” президенттігіне үміткердің сайлау алды бағдарламасының мақсаттары айқын әрі жүйелі болуын бағалау. Үміткердің өз бағдарламасын таныстыру кезінде өзін-өзі ұстауы, формасы мен сөз саптау шеберлігін бағалау. Үміткердің өз бағдарламасын таныстыру сәтінде қатысушы көрермендердің қолдауын баса назарға алып бағалау. Әр үміткерге қосымша сұрақтар қою арқылы бағалау (сұрақтарға жауап беру Мектеп президентінің қандай көшбасшылық қасиеттері бар ? деген тосын сұрақ қойылды. Үміткерлер ішінен Саят Анель-мектеп көшбасшылығы: патриотизм, рухани байлық, отанға деген сүйіспеншілік пен адалдық деп нақты жауап берді. Саят Анель өзінің бағдарламалық жобасын таныстырып, қорғауда арман-мақсаттарын айқын көрсетіп, әрі көшбасшылыққа тән сөз саптау шеберлігімен өзін-өзі ұстауы, тапқырлығымен топ ішінен алға шықты.

Соңғы кезең тест сұрақ жауап арқылы 5-11 сынып оқушылары арасынан жетекшілерге сілтеме жіберіліп, сайлаушылардың тест қорытындысы бойынша көп дауыс жинаған Саят Анел болатын. Сайлау комиссияларының әділ шешімімен оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Президенті Саят Анель деген шешімге келіп, бір ауыздан жарияланды.

Алдағы мақсатымыз-мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының жаңа Президентін ұлықтау; сайлау қорытындысы бойынша мектеп мәжіліс залында жеңіске жеткен жаңа ұланбасын салтанатты түрде жаңа министрлермен ант қабылдау болып шештік.
Педагог-ұйымдастырушы: Закарин Н.С.

13.10.2021жыл, 9-11 оқушылары арасынан мектепішілік «Өзін-өзі басқару» күнінде мына төмендегі жұмыстар атқарылып өтті.
Мақсаты: Оқушыларды өзін-өзі басқаруға бейімдеу, білімге деген құштарлығын арттыру және өзара ауызбіршілігін сақтау, бірігіп жұмыс істуге баулу, жауапкершілігін ұлғайта түсу. Әр бір оқушының жан-жақты болып, ізденуіне қолдау көрсету.
І ауысым:
7:30. Лездеме; оқу және тәрбие жұмыс барысымен таныстыру, сабақ жоспарларын тексеру.
8:00. Оқушылардың сүйемелдеуімен қойылатын таңғы сергіту жаттығулары Педагог-ұйымдастырушы.
8:15. Мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг «Жақсы көңіл күй» психолог, пед-ұйымдастырушы. (Бұл жұмыстар тағайындалған оқушылар арасынан өтеді)
8:30 Интеллектуалды ойындар (тағайындалған мұғалімдер мен оқушылар арасында)
9:35 9-11 арасынан тағайындалған алғашқы әскери даярлық мұғалімінің ұйымдастыруымен сейсможаттығу өткізіледі.
9:25. «Қызықты үзіліс» 9-сынып оқушыларының қойылымы тағайындалған Пед-ұйымдастырушы.
11:00. Мектеп 7-бірлест арасынан өтетін спорттық жарыстар Ережесі: 1-команданың аты, ұраны, сәлемдесу. 2-Дарс ойыны 3 метрден ату. 3-Баскетбол ойыны себетке лақтыру. 4-Секіртпе жіппен секіру. 5-Шалқалап дене көтеру яғни дене жаттығулары. Жауапты: Дене шынықтыру бірлестігі. Жетекшілері Алимжанов Н.Т.
13:00-ден14:00 аралығы 10-сыныптардың Ұстаздарға арналған концерттік бағдарламасы
ІІ ауысым:
15:35. Кіші сыныптарға арналған сынып ішінен тренинг «Біз бақытты балалар» психологтар
16:00. Мұғалімдер арасында өтетін «Қызықты старт» эстафедалық топтық ойындар Пед ұйымдастырушы, дене шынықтыру мұғалімдері
15:00. Мектепішілік тәртіп пен әкімшілік кезекшілік және ұстаздардың кезекшілік атқарған атқармаған жөнінде жұмыс жасау.
19:20. Осы жоғарыдағы жұмыстарды қортындылай келе оқушылар оқу күнінің соңын жиналыспен аяқтап, жақсы атқарған әкімшілік мүшелері мен ұстаздарға жақсы мотивация беріп, жалынды сөздер сөйлеп, бір-біріне сыйластық көзқараспен бүгінгі күннің жұмысын қорытындылап абыроймен тарқасты. Марапаттау рәсімінде мынандай номинациялар қарастырылды: Өзін-өзі басқару күніндегі администрацияның бақылауымен «Ең үздік мұғалім», «Ең ұқыпты сынып журналы», «Ең жақсы сынып жетекші» атты номинациялар мен салтанатты түрде қошеметпен табыс етілді. Бұл кезде әр мұғалімнің сырт –келбеті, өзін-өзі ұстауы, этикалық-эстетикалық қасиеттері, сабақты өткізе алу шеберлігі, сынып журналын толтыруы, және өз сыныбына қарап, оларды бағындыра білуі ескерілді.