Отбасы күні » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
ноябрь
2020

Отбасы күні

« №1Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ
2020-2021 оқу жылы
Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 14-21 қыркүйек аралығында өткен «Отбасы-бақыт мекені!» атты апталық іс-шараның
Хабарламасы.
Жалпы Республикалық отбасы күнін мерекелеуге байланысты мектепішілік «Отбасы-бақыт мекені!» атты 1-11 сынып оқушылары аралығында апталық іс-шаралар жоспары «Онлайн платформасында» сынып жетекшілерге түсіндіріліп, мектеп директоры тарапынан бекітілді.
Мақсаты: Қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы мен балалар мүддесіне мемілекеттік саясатын жүзеге асыру бойынша мемілекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік ұйымдардың, бизнес- топтардың, Бақ-тың күштерін бекіту. Бастысы ата-ана мен сынып жетекші, оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту болып табылады.
Атаулы апталықта атқарылған жұмыстар:
1-«Менің отбасым» атты 1-сыныптар арасынан отбасы тақырыбында суреттер көрмесі ұйымдастырылып, үздік сынып сурет көрмелері мектеп әлеуметтік парақшаларына жарияланды. Бұл апталықта 1-сынып жетекшілері ата-анамен жұмыстеуде белсенділік танытты.
2-«Отбасы-шағын мемілекет» атты 17-19 күндері аралығында 2,3,4-сынып оқушылары арасынан отбасымен түскен фото суреттерден жасалған сапалы видео презентация жасалып, мектепішілік «Онлайн платформасында» атқарылған жұмыстар мектеп әлеуметтік парақшаларында көпшілік көрерменнің назарына ұсынылды. Бұл аталған жұмыстар желіде көрерменнің ыстық ықыласы мен көптеген қолдауларға ие болды.
3-«Отбасы-адам тұлғасының бесігі» атты 5-6 сынып оқушылары арасынан отбасылық құндылықтарды насихаттау, бала мен ата-ана арасындағы ұлттық мүдделерді сақтау мақсатында еркін тақырыпта отбасылық өнер сайысы (ән, би, флешмоб, т,б) отбасылық сапалы видео жұмыстары жүйелі түрде атқарылып, бұл апталықтағы айшықты іс-шараларды бірі болғандықтан мектеп әкімшілігі тарапынан марапатталып, әлеуметтік желіге жүктелді. Жақсы деген қолдауларға ие болды. Үздік сайыскер отбасы бағалы силықтар мен мақтау қағаздары қолдарына табысталды.
4-«Әке көрген-оқ жонар, Шеше көрген тон пішер» атты 15-19 қыркүйек аралығында 7-8 сыныптары арасынан отбасылық қолөнер бұйымдарын жасау, тігін тігу, тоқыма сияқты еркін тақырыпта видео ролик жасау сайысы өтті. 7-8 сынып ата-аналары арасынан еш қайталаусыз мағыналы, салт-дәстүрді дәріптеу шеңберінде сапалы видео жазбалар желіде жарық көріп, өз дәрежесінде қолдаулар тапты.
5-6 тақырып «Отбасы-бақыт мекені», онлайн конференциясы мен «Қайрымдылық жылы жүректен» қайрымдылық акциялары сияқты қайрымдылық жұмыстары апталықтың жұмыстарын жандандыра түсті.






Педагог-ұйымдастырушы: Закарин Н.С.

« №1Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ
2020-2021 оқу жылы
01-қыркүйек Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие беру мақсатында Жалпы республикалық білім күніне орай, мектепішілік Онлайн платформасында «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» атты патриоттық сағаттарында атқарған жұмыстарына
Хабарламасы.
15-тамыз мектепішілік ZOOM платформасында ұйымдастырылған кеңесте Жалпы республикалық білім күніне орай, мектепішілік Онлайн платформасын негізге ала отырып, іс-шара жоспары құрылып ұйымдастырылатыны, төтенше жағдайда жауапты мамандар ғана сақтық шараларын сақтай отырып, ішкі әзірлеме дайындық жұмыстарын жүзеге асыратындығы туралы ұжыммен таныстырылып өтті. «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» атты тақырып аясында 1-11 сынып оқушылары арасынан патриоттық сағаттары, мектеп әкімшілігі мен белсенді ұстаздар, бірлестік жетекшілері, ұйым белсенділері атынан даналық ойлар, қанатты құттықтау сөздер, әдемі бейне жазбалар, айшықты әзірлеме жұмыстары жоспарға сай жүйелі түрде атқарылып, мектеп әлеуметтік парақшасына жарияланды. Бұл Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие беру бағытында мектепішілік Онлайн платформасында өткен іс-шараның басты мақсаты: 1-қыркүйек Білім күні үлкен мереке екенін оқушыларға жеткізе білу, сезіну білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу.


Педагог-ұйымдастырушы: Закарин Н.С.
« №1Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ
2020-2021 оқу жылы
07-қыркүйек Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында жалпы республикалық денсаулық күніне орай, «Денсаулық фестивалі-2020» атты мектепішілік Онлайн платформасында ұйымдастырылған апталық іс-шарада
атқарған жұмыстарына
Хабарламасы.
Жалпы республикалық денсаулық күніне орай, бірінші лездемеде «Денсаулық фестивалі-2020» атты мектепішілік іс-шара жоспары таныстырылып, бекітілді. 07-қыркүйек апталық іс-шараның ашылу салтанатына дене тәрбиесі мұғалімдері арнайы келіп, сақтық шараларын сақтай отырып, салтанатты түрде Қазақстан республикасының гимні ойнатылды. Дене тәрбиесі мұғалімдері арасынан рапорт беріліп, өскелең ұрпаққа «Салауатты өмір салтын» қашықтықтан барынша насихаттады. 08-қыркүйек мектеп психологі Чокенова 5,6,7,8,9-сынып оқушылары арасынан «Денсаулыққа қадам басайық» атты тақырыпта айтарлықтай жақсы тренинг жүргізді. 08-қыркүйек мектеп медбикесі Касейнова 1-сынып оқушылары арасынан «Ауруы жоқтың бағы бар» атты көрсетілім жүргізіп, оқушылар жеке бастың гигиенасы жайында өздеріне толығырақ мағлұматтар алды. 09-қыркүйек «Салауатты өмірді қолдаймыз!» атты ұранымен 5,6,7,8-сынып оқушылары арасында қашықтықтан плакаттар байқауы өтті. Байқауға 6 «б» белсене қатысқаны үшін марапатталды, 6 «ә» номинациямен марапатталды, 7 «а» І-орынмен марапатталды, 8 «б» ІІ-орынмен марапатталды, 7 «б»ІІІ-орынмен марапатталды, 8 «ә» ІІІ-орынмен марапатталып, сынып оқушылары арасынан қыл қалам шебері 5 «б» оқушысы Бериков Алишер бас жүлдені иеленді. Сынып жетекшісі Даукенова Фарида бұл апталықта ата-ана, оқушы арасындағы тығыз байланысты өзінің педагогқа тән жақсы қарым-қатынасымен көрсетті. Тақырып аясында тәрбие сағаттары, таңғы сергіту, Отбасылық дене жаттығулары сияқты мағыналы бейне роликтер мектеп әлеуметтік парақшасында көптеп қолдаулар тапты. Мақсаты: Өскелең ұрпақтың денсаулық принциптерін салауатты өмір салты негіздерін меңгеруге жағдай жасау, жас ұрпақтың өмірге деген құштарлығын арттыру. Жақсы менен жаманды айыра біліп, жаман әдеттерден бойларын аулақ салуға дағдыландыру. Өз бетінше ізденуге, зерттеуге баулу. Жауапкершілігін арттыру.




Педагог-ұйымдастырушы: Закарин Н.С.
«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ
2020-2021 оқу жылы

5-21 қыркүйек аралығын қамтыған Ұлттық тәрбие беру бағытында «Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер» мерекесі күніне орай, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты он күндікте атқарған жұмыстарына
Хабарлама
5-21 қыркүйек Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты он күндіктің іс-шаралар жоспарын құру және оны мектеп тарапынан келісіліп, бекіту жөнінде 2-қыркүйек күні екінші мектепішілік «Онлайн» платформасында он минуттық үзіліс яғни лездемеде толықтай таныстырылып, мектеп директоры тарапынан бекітілді. Яғни бұл он күндікте мынандай жұмыстар жоспарланды:
1-Он күндіктің ашылуы; әдеби мантаждар, үш тілді насихаттау мақсатында 11-сыныптардың орындауында көрініс. Тіл жөнінде патриоттық ән. Бастауыш сыныптарының атынан хор. Мектеп әкімшілігі атынан құттықтау сөздер. Тілдер бірлестігі атынан қанатты сөздер, насихаттық жұмыстар толықтай атқарылып, мектеп әлеуметтік парақшасына жарияланды.
2-1-4, 5-8, 9-11 сыныптар аралығында сынып сағаттары.
3-Тілге қатысты топқа бөлу, зияттық ойындар ұйымдастыру, мерекеге орай сақтық шараларын сақтай отырып, сыртқы ішкі әзірлеме жұмыстарын ұйымдастыру сияқты бір қатар жұмыстар атқарылған болатын. Бұл атқарған айтулы он күндіктің ішінде Тілдер бірлестігі ішінен Сауранбаева Айзада Әлтайқызы, Абдыхалыковна Зульфия ұйымдастырушылығымен топ ішінен оқ бойы озық шығып атқарған жұмыстарында белсенділік танытып, әлеуметтік желіде көптеген қолдауларға ие болды.
Қатысқандар: 1-11сынып оқушылары және пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері бұл он күндікте ұйымдастырушылығы мен атсаплысуда белсенділік танытты.
Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемілекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру және шәкірттерге Абай әлемі, өмірі, ақынның өлеңдері мен қарасөздері, келешек ұрпаққа арнаған адамгершілік жайлы өсиеттері, қазіргі кездегі Абай ілімінің өзектілігі туралы ұғындыру.



Педагог-ұйымдастырушы: Закарин Н. С.

«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ
2020-2021 оқу жылы

01- қазан Рухани-адамгершілік тәрбие беру бағытында Халықаралық қарттар күніне орай, мектепішілік «Онлайн» платформасында «Аман-сау жүрші, менің ата-әжем!» атты іс-шарада атқарған жұмыстарына
Хабарлама
01-қазан Халықаралық қарттар күніне орай, мектепішілік «Онлайн» платформасында бірінші лездемеде іс-шаралар жоспары құрылып, алда атқаратын жұмыстары жайлы кеңінен таныстырылып өтті. 1 «а» Дәркембаева Ж.К, 1 «ә» Оматаева Ж.Н, 1 «б» Ахметова А.Ж , 2 «а» Дүйсенбекова К.Д, 2 «ә» Сатова М.Т, 2 «б» Исаева О.А. осы сыныптар арасынан оқушылар құттықтап, қарттар күніне арналған ақын жазушылардың қысқаша өлең шумақтарын жаттап, онлайн платформасы арқылы сапалы видеолар жинақталып, әлеуметтік желіге жарияланды. Осы аталған жұмыстардың ішінен 2 «а» Дүйсенбекова К.Д ауыл ардагерлеріне арнайы барып, шоқ гүлдерімен мереке қарсаңында құттықтап бір қуантты. 3 «а» Мухатова Ж.З, 3 «ә» Дүйсебаева Р.Т, 3 «б» Копбосынова Ш.О, 3 «в» Козлова О.В, 4 «а» Досбаева К, 4 «ә» Сатиева Р.А, 4 «б» Онербекова А.Б, 4 «в» Ананина Л.А. Осы аталған сыныптарға дәстүрге құрметпен қарап, оны бала бойына сіңіру мақсатында бала мен ата-әже арасындағы қарым-қатынасты, оқушы «Жеті атасын» жаттап айту, үйдегі ата-әжелері немересіне бата беру сияқты тәрбиелік жақсы бір сәтті сапалы бейне жазба арқылы көрсету болатын. Осы аталған жұмыстар жоспарға сай толық атқарылып, мектеп әлеуметтік Instagram, facebook-парақшаларына жарияланды. Мақсаты: Оқушыларға ұлттық қадір—қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. Дәстүрге құрметпен қарау. Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.






Педагог-ұйымдастырушы: Закарин Н. С.
«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ
2020-2021 оқу жылы

05-қазан Рухани-адамгершілік тәрбие беру бағытында Ұстаздар мерекесіне орай, «Ұстазым-мақтанышым» атты мектепішілік Онлайн платформасында қашықтықтан ұйымдастырылатын апталық
іс-шарада атқарған жұмыстарына
Хабарлама
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 короновирусын пандемия деп жариялауына байланысты Қазақстан Республикасы халқының қауыпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдай жариялануына орай, мектепішілік іс-шаралар жоспары қашықтықтан ұйымдастырылуда. Төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан Ұстаздар мерекесіне орай, мектепішілік іс-шаралар Онлайн платформасында жүйелі атқарылуы жайлы мектеп әкімшілігі мүшесі арасынан отырыс өтті. Бұл отырыстың шешімі бойынша іс-шара жоспары құрылып, мектеп директоры тарапынан бекітілді.
1) Айтулы іс-шараның ашылуы: 11 «а» Найзабекова А.С, 11 «ә» Чокенова С.К,11 «б» Фазылова Т.М. «Жас мамандар» Ізгі тілек, құттықтау сөздер WhatsApp желісі арқылы сапалы видео жіберу. Мереке қарсаңына жоспарға сай осы аталған сыныптардан белсенді оқушылар сақтық шараларын сақтай отырып, мектеп кемесі алдында ұстаздарға құттықтау сөздері жолданды. 11-сынып оқушылары арасынан ерекше көзге көрінетін жұмыс ол 11 «б» оқушысы мектеп президенті Син Инессаның бастамасымен сүйікті ұстаздарына арнаған, ыстық ықыласы мен қошемет, құрмет, ізеттілігі жазылған әдемі конверттері болатын. Бұл конветтер жинақталып, Ұлағатты ұстаздарының жеке почталарына салынып, қуанышқа бөледі.
2) Мұғалімдер күніне арнап ZOOM платформасымен онлайн ашық тәрбие сағаттарын өткізу. WhatsApp желісі арқылы әр сынып тәрбие сағатындағы сапалы суреттерін жіберу сияқты жұмыстар 9 «а» Сауранбаева З.А, 9 «ә» Надирбекова Э, 9 «б»Түменбаева С.Н, 9 «в» Войцеховская З.А, 10 «а» Алимжанов Н.Т,10 «ә» Балқыбаева В.Ө, 10 «б» Токсанбаева В.К. сынып жетекшілеріне таныстырылған болатын. Алайда осы сынып жетекшілері арасынан Сауранбаева Зада Алтайқызының 06.10.2020-күні 9 «а» сыныбымен өткізген айтулы апталыққа арнап ZOOM платформасымен онлайн ашық тәрбие сағатында «сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу мен «білім», «еңбек» құндылықтары жайлы оқушы түсініктерін барынша кеңейте түсті.

3) «Ұстаз-ұлы есім» атты тақырыбында ұстаз туралы эссе жазу байқауы 7 «а» Танкибаева Ж.Е, 7 «ә» Сайлауова А.О, 7 «б» Кажымуханова Г.К, 7 «в» Топатаева О.Ж,8 «а» Мусаева А.Б, 8 «ә» Момынкулова Л.Б, 8 «б» Войцеховская З.А. сыныптар аралығында жоспары таныстырылған болатын. Ұстаз туралы ойын жеткізе білген үздік шығарма авторы мектеп директоры қолынан марапатталады. Эссе жұмыстарын WhatsApp желісі арқылы әр сыныптан жинақталған шығармаларды түсіріп жіберу болатын. Осы аталған сыныптар ішінен тек 7 «в» Топатаева Орынбасар Жақсылықбайқызының оқушысы, 7 «ә» Сайлауова Айназия апайдың оқушысы, 7 «б» Кажымуханова Гүлбану апайдың оқушысы жалпы ұстаздарға арнап, сүбелі ой, салихалы сөз жазып, мектеп әлеуметтік Instagram, facebook- парақшаларына жарияланды.
4) Ұстаздарға арналған Ұлы ойшыл, ақын-жазушылардың қанатты сөздері мен өлең шумақтарынан оқушылар жаттап WhatsApp желісі арқылы әр сынып жетекшілерінен жинақталған бейне жазба жолдау 5 «а» Алимжанова Б.М, 5 «ә» Кашкынбаева Н.Т,5 «б» Даукенова Ф.Қ, 6 «а» Байшымырова Т.Б, 6 «ә» Түстікбаева Г.С, 6 «б» Смагулова К.Ж, 6 «в» Жылысбаева М.Б. аталған сыныптар арасынан жоспарға сай жұмыстар іске асып, сынып жетекшілердің жүйелі жұмыстары мерекеге арнап жасаған ізеттілік акциялары мен мағыналы бейне жазбалары барша ұстаздарға көңіл сыйлады. Осы аталған жұмыстар мектеп әлеуметтік Instagram, facebook- парақшаларына жарияланып, көптеп қолдаулар тапты.




Педагог-ұйымдастырушы: Закарин Н. С.

Похожие публикации:

12 ноябрь 2020 Тіл күні
12 ноябрь 2020 100 есім
12 ноябрь 2020 100 есім
12 ноябрь 2020 Жүз есім