21-28 желтоқсан аралығын қамтыған Жаңа жыл мерекесіне арналған «Жасыл шырша жанындағы оқиға» » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 21-28 желтоқсан аралығын қамтыған Жаңа жыл мерекесіне арналған «Жасыл шырша жанындағы оқиға»
26
январь
2022

21-28 желтоқсан аралығын қамтыған Жаңа жыл мерекесіне арналған «Жасыл шырша жанындағы оқиға»

«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ
2021-2022 оқу жылы
21-28 желтоқсан аралығын қамтыған Жаңа жыл мерекесіне арналған «Жасыл шырша жанындағы оқиға» атты апталық іс-шарада атқарған жұмыстарына
Хабарлама.
Жаңа жыл – барша адамдардың тағатсыздана күтетін таңғажайып қызыққа, қуанышқа, сиқырға толы мерекесі. Бастауыш бүлдіршіндері мен қоса мектеп ересек адамдары да ең сүйікті мерекесі келе жатқанын айтып, қуанысып, асыға күткен болатын. Мектебімізде Жаңа жыл жақындаған сайын мектеп алды, мектеп І-қабат, ІІ-қабат, ІІІ-қабат және мектеп спорт залы, сияқты жан – жақтың бәрі безендіріліп, мәжіліс залдар да күнделікті жаңа жылдық әуендер ойнатылып, оқушылардың жүзіне қуаныш орнап, құдды барлық әлем ертегі әлеміне айналғандай күй кешті. Бұл қуаныш пен шаттыққа толы мереке қарсаңында «Жас Қыран» мен «Жас Ұлан» ұйым мүшелігінің бір топ белсенділері мектебімізден тағайындалған Аяз ата мен Ақшақарға хат жазып, қанатты сөздерін жолдау арқылы жыл бойы тәртіптерінің жақсы болғанын айтып, қалаған сыйлықтарын күткен болатын.
Жаңа жыл мерекесіне орай, мектеп әкімшілігінен құралған мүшелігі мен мектеп шығармашылық тобы, сынып жетекшілер, жас мамандар арасынан ауқымды лездеме өтті. Лездемеде жаңаша идеяшыл жас әріптестер мен белсенді жетекшілер арасынан мынандай сұрақтар мен жақсы ұсыныстар ортаға салынып, әріптестер өз дәрежесінде мәмілеге келіп, қойылған сұрақтар шешімін тауып отырды. Ұсыныстар мен сұрақтар мына төмендегідей:
Жаңа жылға мерекелік атмосфераны қалай құруға болады? Жаңа жылға шынымен мерекелік атмосфераны құру үшін қажетті атрибуттарды жинау, және мерекенің қай жерде және жаңа жылдың басты кейіпкерлерімен өтетіндігі маңызды екендігі жайында жақсы ұсыныстар қаралды. 11 «ә» сынып жетекшісі Балқыбаева Венера Өкілбекқызы мынандай жүйелі ұсыныстарды ортаға салды-« Жаңа жылдық кешке арналған ең жақсы идеялар – бұл ортақ фантазия, балалардың көңілділігі және, әрине, бөлме үшін де, тақырыптық кештер үшін де көптеген әшекейлер, әдемі безендірулер, қызыққа толы кейіпкерлер сомдаған жақсы номерлер деген болатын».Осындай ұсыныстардың арқасында мектеп директоры тарапынан жаңа жылдың апталық іс-шара жоспары келісіліп, бекітілді. 1-4 бастауыш арасынан ертеңгіліктер өтті. 5-6 сынып арасынан әр сынып өз алдына сақтық шараларын сақтай отырып, тәрбиелік сағаттар өткізді. 7,8,9-сыныптары жеке-жеке өз алдына мерекелік кештер ұйымдастырды. 10-11 оқушылары мен жетекшілері Балқыбаева В.Ө бастаған Нәдірбекова Э, Сауранбаева З.А, Алимжанов Н, Токсанбаева В, сынды ұстаздар бірлесе отырып, мектеп дәліздері, І қабат фойе алдын, спорт залды толық әдемі әшекейлер мен безендірді. Оның сыртында жаңа оқу жылының мектеп Ұланбасы Саят Анель мен оның мүшелігіндегі бір топ бөлім басылары топ басшылары мерекеге жолдаған құттықтау сөздері мен видео жолдаулары мектеп әлеуметтік парақшаларына жарияланды. Жоғарыда аталып өткен мектеп ұстаздарының ортақ мәмілеге келіп, жан-жақты жаңаша ойды бір жүйеге тоғыстыра білген әр-кез ауызбіршілігі жарасқан әріптестеріміздің арқасында апталық ертеңгіліктер, тәрбиелік сағаттар, мағыналы бейне жазбалар, мерекелік кештер қызыққа толы әрі әсерлі өтті.
image
imageimage
image
image