"Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл" » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл"
25
ноябрь
2021

"Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл"

"Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл"
5 мен 15 қыркүйек аралығында Ұлттық тәрбие бағытын негізге ала отырып ұйымдастырылған «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай, қазақ ақыны, әдебиеттанушы ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына – 150 жыл толуына арнап, айтулы он күндіктің іс-шаралары өз дәрежесінде атқарылып өтті.
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз - қазақ тілі болып бекітілгені анық. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз - тіліміз.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі, Бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі»,- деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, кез келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Біздің Отанымыз байтақ та бай ел. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен кіріп, бойға тарайды. Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі, көркемдігі өрлігінде, орасан зор байлығында. Атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұраны дәріптеу мақсатында қазақ, орыс, шет тілдері бірлестігі 2021жылдың 5-15 қыркүйек аралығында ауқымды онлайн тілдер апталығын өткізді. Тілдер апталығының жоспары құрылып, бекітілген бағдарламаға сәйкес көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ-
image
Мекреке қарсаңында мектеп директоры және тілдер бірлестігі атынан алғы сөздер мен мағыналы бейнежазбалар, ұлағатты ұстаздардың жүрек жарды қанатты сөздері жолданды.
Мектеп жас мамандары айтулы он күндікке бірлесе отырып, тақырыпқа сай безендіру жұмыстарын жүргізді. Фойе алды Ұлы ойшылдардың нақыл сөздерімен толықты. image image image image 5-6 сыныптар арасынан Көркемсөз оқу шеберлерінің сайысы онлайн түрде өрбіді. Қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың тіл байлығына, тіл мәдениетіне, сыртқы келбетіне, мәнерлеп оқу деңгейіне, өзін-өзі ұстай білуіне, әртістік шеберлігіне, дауыс ырғағына баса көңіл аударылды . Әр сыныптан бір оқушы қатысып, сайысқа арнап жасаған бейнежазбалары мектеп әлеуметтік Instagram, FacebooK парақшаларына жүктелді. image image Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемілекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру және шәкірттерге ана тіліміздің қадір-қасиетін ұғындырып, оны өшпес мұра етіп сақтау, ұрпақтан-ұрпаққа аманаттап жеткізу, мемлекеттің тіл саясатын жүзеге асыруда жетістіктерді паш ету мақсатында өткізген бұл айтулы он күндіктегі ең негізгі бірегей жұмыстардың бірі ол-«Қара сөздердегі даналық ой» Ахмет Байтұрсыновтың бір ғана қара сөзін айтып, саналы түрде мағынасын ашу. Ахмет Байтұрсыновтың өлең жолдарына өз түсінігін айту яғни «Мен қазақша сөйлеймін!» бір күндік жалпы республикалық акция аясында өзге ұлт өкілдерінен қазақша сөйлеу. «Көркем жазу» Ахмет Байтұрсыновтың қара сөздеріне немесе өлең жолдарына көркем жазу болатын. image
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Көсенбаева Гүлзат апайдың жетекшілігімен дайындалған 11 «ә» «Жас Ұлан» ұйымының белсенді оқушысы Ерболқызы Камила Ахмет Байтұрсыновтың «Қара сөздердегі даналық ой» тақырыбына сынып атынан қатысып, мектеп желісінде қалын оқырманының көптеген қолдауына ие болды. Бұл он күндікте осындай кешенді жұмыстардың арқасында Ұлттық құндылықтарымызды шәкірт бойына дарытып, айтарлықтай сіңіре білдік десек артық айтқанымыз емес. Бұл жұмыстарды жылдан жылға дамытатындығымыз-хақ. Өйткені біздің шығармашылық топ үнемі іздену үстінде. Сөз соңын мына қанатты сөз жолдарымен аяқтағым келеді.
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қуанышым, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі, тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Олар елге, ұлтқа пайдалы мәселелерді қозғап, жауапкершілікті сезінеді. Өйткені, мемлекеттік тіл елімізде аса маңызды да, ең өзекті мәселе. Олай болса, тілімізді қадірлей білейік!
Педагог-ұйымдастырушы: Закарин Н.С.