«30 қайрымдылық игі-істер» » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
январь
2022

«30 қайрымдылық игі-істер»

18-қараша мен 25-желтоқсан аралығын қамтыған қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие беру бағытын негізге ала отырып, ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «30 қайрымдылық игі-істер» атты ауқымды акцияда атқарған жұмыстарына
Хабарлама.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, мектеп ұжымы арасынан лездеме өтті. Лездемеде мектеп әлеуметтік педагогы Найзабекова Рима Тұрғанбекқызы мен Копеева Алуа Кездікбайқызы «30 қайрымдылық игі-істер» атты ауқымды акция жұмыстарын ұйымдастырудағы басты мақсаты мен бағыт-бағдарын баяндап, жиналған қаражаттың қандай игі-істерге жұмсалатындығын және қалай атқарылатындығын түсіндіріп, қайрымды жұмыстарға барша ұжымды шақырды. Оның сыртында ауыл иманы, кәсіпкерлермен кездесіп, жақсы мәмілеге келді. 1-4 бастауыш, 5-8 орта буын, 9-11 жоғарғы буын мектеп оқушыларына да түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Акциялық іс-шараның ашылуында оқушылар арасынан әдеби монтаждар, әр түрлі жанрдағы флешмобтар билеп, алғы сөздер айтылды. Бұл қайрымды істерге арнап, қайрымдылық қоржын қорапшалары мектебіміздің І-қабаты мен ІІ-қабатының фойелеріне орналастырылып, ілінді. 18-қараша мен 25-желтоқсан аралығын қамтыған қайрымдылық акциялық іс-шара мәресіне жетіп, мектеп мәжілісінен мекеме басшысы Қамзина Бибігүл Мұхамадиқызының бастамасымен жетім, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың балаларына оқуға қажетті мектеп формасы және құрал-жабдықтармен жаңа жылдық сыйлықтармен қамтамасыз ету мақсатында ауыл иманының қатысуымен арнайы акция барысында жиналған қаражатқа алынған сыйлықтарды оқушыларға салтанатты түрде тарту кеші өтті. Акцияға демеушілік көрсетіп, белсене атсалысқан ауыл «Атымтай Жомарт» азаматтары мен Ұлағатты ұстаздар да тысқары қалмай қатысуға арнайы шақырылды. Соның бірі Балқыбаева Венера Өкілбекқызы, Закарин Марғұлан т,б салтанатты табыстау кешінің сыйлы қонағы болды. Іс-шара барысында Қамзина Бибігүл Мұхамадиқызы мен ауыл иманы сөз сөйлеп, жетім, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған, көпбалалы 57-отбасылардың балаларына салтанатты түрде арнайы әзірленген сыйлықтар табыс етілді.
image
image
image
image
image
image
image