«Патриоттық әндер» » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
январь
2022

«Патриоттық әндер»

«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ
2021-2022 оқу жылы
23.11.2021 жыл сағат: 18:00 де қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие беру бағытын негізге ала отырып, 5-8 аралығында ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, өткен дүбірлі «Патриоттық әндер» байқауында атқарылған жұмыстарына Хабарлама.
Мақсаты: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру.Өз елін, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу. Патриоттық әндерді орындау шеберлігін арттыру. Өзін-өзі басқаруға бейімдеу, оқушыларды шығармашылық пен өнерге баулу және олардың жүйелі айналысуына ықпал жасау. Ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп, жан-жақты ізденуіне қолдау көрсету.
Қараша айының 19 жұлдызында мектеп Ұланбасы мен Бөлімбасылары арасынан алдағы Тәуелсіздік күніне орайластырылған кешенді мерекеге тарту ретінде іс-шаралар жоспары жайлы жиналыс өтті. Жиналыста мектеп Ұланбасы бөлімбасылар арасынан бұл жұмыстарды Мәдениет бөлімі мен Тәрбиелік бөлімге жүктеді. Мектеп директорына жақсы ұсыныстар ұсынылып, мекеме басшысы тарапынан келісіліп, бекітілді. Байқау шарты бойынша әр сыныптан 1-оқушы қатысады делінген. Оқушылар «Отан», «Туған жер», «Елтаңба», «Ту» тақырыбында ән шырқаулары керек және сахна мәдениеті, орындалатын әнге байланысты киім үлгісі қаралады. Байқау жеңімпаздары әділ қазылар алқасы арасындағы келісім бойынша анықталады. Биылғы бұл байқаудағы басты ерекшеліктер ол мектеп әкімшілігі тағайындаған әділқаза алқаларының бағалаудағы негізгі критерийлерінде болатын. Олар: үш негізгі критерийлер: 1. Ән орындау мәдениеті (эмоция, сезімдері) 2. Сахнада өзін-өзі ұстауы (жүріс-тұрысы, қимылы) 3. Киімнің үйлесімділігі, эстетикалық талапқа сай болуы. Байқаудағы әділқазы алқалары: Музыка пән мұғалімі Балабекова М, Жас мамандар-Адамов С, Әлібек Әлия, психолг-Болат Е, қыздар ұйымы-Марат А, Тұрсын А, Ырғайбай А. Марапаттау рәсімі: Үздік сайыскерлерді марапаттау (бас жүлде, 1-орын, 2-орын, 3-орын, «Көрермен көзайымы» номинациясы, ынталандыру болып марапатталады). Байқау әділ әрі оқушылар патриоттық әндерді орындауда асқан шеберліктерін танытып, жан-жақты ізденгендіктерін анық байқатты. Оқушылар «Отан», «Туған жер», «Елтаңба», «Ту» тақырыбында ән шырқаулары қалың көрерменді қызықтыра түсті. Іс-шара соңында өнерлі оқушылар қошеметпен сахна төріне шақырылып, Бас жүлде, 1-орын, 2-орын, 3-орын, «Көрермен көзайымы» номинациясы, ынталандыру марапаттары салтанатты түрде қолдарына табыс етілді.
image
image