«Біз сыбайлас жемқорлыққа, қоғам мүдделеріне деген сатқындыққа қарсымыз» » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Біз сыбайлас жемқорлыққа, қоғам мүдделеріне деген сатқындыққа қарсымыз»
26
январь
2022

«Біз сыбайлас жемқорлыққа, қоғам мүдделеріне деген сатқындыққа қарсымыз»

«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ
2021-2022 оқу жылы
11-қараша қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие беру бағытын негізге ала отырып, 5-8 сыныптар арасынан өткен «Біз сыбайлас жемқорлыққа, қоғам мүдделеріне деген сатқындыққа қарсымыз» атты кездесуде атқарған жұмыстарына
Хабарлама.
Кездесудің мақсаты: Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын нығайту, білім және мәдени деңгейін арттыру.

Кездесудің басты міндеттері: Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асыру, саяси-құқықтық білімді қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез – құлқының адамгершілік – этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру.

Бұл кездесу «Жас Ұлан» ұйымының жаңа тағайындалған Бөлімбасыларының ұйымдастыруымен өтті. Кездесуде атқарған жұмыстарды атап айтсақ:
1.«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты ұранымен баяндама оқылды.Мектеп Ұланбасы 9 «ә» оқушысы Саят Анел кездесу барысында баяндама оқып, өз сөзімен мысалдар келтіру арқылы оқушыларға жүйелі етіп түсіндіре білді. Сөз соңында Ұлы ойшылдардың парасатты әрі нақыл сөздерін айтып, мектеп жастарын адалдық алаңына шақырды.
2.«Жемқорлыққа жол жоқ. Жемқорлықпен күрес қоғам борышы» атты ұранымен ортаға мектеп Жалпы Бөлім басы 10 «ә» оқушысы Тұрдалы Амина жемқорлықпен күрес жайлы қоғам көрінісін өзі арнайы дайындап әкелген мағыналы бейнеролик көрсетіп, қоғамдағы белең алған жемқорлықтың алдын алу жолдарын өз сөзімен қысқаша түсініктер беру арқылы жеткізе білді.
3.«Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ» атты ұранымен мектеп Мәдениет Бөлім басы 10 «ә» оқушысы Сейілхан Жарқынайдың осы кездесуге арнайы дайындаған, оқушылар арасынан өткен Пікірталасында да оқушылар өз ойларын ашық айтып, ашық пікірлері қызу талқыланды. Кездесу соңында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты тақырыпта «Жас Ұлан» ұйымының бір топ Бөлімбасыларының нұсқауымен оқушылардан сауалнамалар алынды. Осы тәрбиелік кездесуге арнайы дайындалып келген «Жас Ұлан» ұйымының белсенділері салған қабырға газеттеріне әр сурет шеберлері тіл бітіріп, сурет салғандағы мақсаты мен мағынасына мән беріп, тақырыпты барынша әр қайсы да аша білді. Кездесуге белсенді атсалысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталып, Сөз соңында Мектебіміздің Ұланбасы Саят Анел «Біз сыбайлас жемқорлыққа, қоғам мүдделеріне деген сатқындыққа қарсымыз» деген ұранды ұстана отырып, жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кешенді жоспарлары құрылғанын ашық айтып, алдағы уақыттарда бұл ауқымды жұмыстардың жүйелі түрде іске асуын қадағалау мектеп Бөлім басыларынан сұралатынын баршаға түсіндіріп, өз сөзімен жеткізе білді.
image
image