«Денсаулық фестивалі-2021» » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
ноябрь
2021

«Денсаулық фестивалі-2021»

«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ
2021-2022 оқу жылы

07-қыркүйек дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыттарын негізге ала отырып, ұйымдастырылған жалпы республикалық денсаулық күніне орай, «Денсаулық фестивалі-2021» атты мектепішілік онлайн апталық іс-шарада атқарған жоспарына
Хабарлама.

Мақсаты: Өскелең ұрпақтың денсаулық принциптерін, салауатты өмір салты негіздерін меңгеруге жағдай жасау, жас ұрпақтың өмірге деген құштарлығын арттыру. Салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дәріптеу. Мұғалімдер арасында спорттық шеберлікті жетілдіру, тәжірибе алмасу және достық қатынастарды орнату. Мұғалімдердің бос уақытын ұйымдастыру, моральды-эстетикалық дамуына ықпал ету, мұғалімдер арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Апталыққа дайындық жұмыстары: Айтулы іс-шараға байланысты мектеп дене тәрбиесі мұғалімдері мектеп спорт залын тақырыпқа сай толық безендіру жұмыстарын жасады. Атап айтсақ-жаттығу алаңына түрлі-түсті флажоктар тартылып, денсаулық жайлы ұранды плакаттар, нақыл сөздер ілініп, жарыстың ережелерін ескере отырып, бір неше шеңбер алаңдары сызылылды. Жарысқа керекті құрал-жабдықтар алдын ала әзірленіп қойылды.
Ауқымды апталықтың ашылуы: Қазақстан республикасының гимні ойнатылды. Дене шынықтыру мұғалімдері сап түзеп, мұғалімдер арасынан рапорт берілді. Сөз мектеп жас маманы Адамов Санжар Садырұлына беріліп, өз сөзінде-«Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние» дей келе бұл апталық ауқымды фестиваль ұйымдастырудағы басты мақсатымызды өскелең ұрпақтың денсаулық принциптерін, салауатты өмір салты негіздерін жалынды сөздерімен түсіндіре келе жастарға салауатты өмір салтын қалыптастыру, олардың спортпен жүйелі түрде айналысуы жөнінде нақыл сөздермен барынша қашықтықтан насихаттай білді. «Белсенді қозғалыс және ептілік» атты дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің арасынан қашықтанан спорттық іс-шаралар бір неше спорттың түрлерінен яғни ұлттық және бұқаралық спорт түрлерінен өз дәрежесінде атқарылып өтті. Олар мына төмендегі ережелер бойынша атап айтсақ –мұғалімдер үш командаға бөлініп, әр команда атауы, ұраны мен белгілері тағылды.
1 команда (3 дене шынықтыру пәні мұғалімдері) мектеп спорт залында, спорттық киімде қашықтықтан өтетін жарыс ережесіне сәйкес жұмыстар орындады.
1. Қайталап жүгіру /челночный бег/ ара қашықтығы 5 метр, 5-рет барып қайту, 3 қатысушы бірлесіп жүгіреді.(ұпай уақыт жылдамдығы есебімен беріліп отырды)
2. Қолды тіреп жерден кеудені көтеру /отжимание/ ережесіне сәйкес N-рет жеке және командалық ұпайлар саналды. (1 отжимание – 1 ұпай болып есептелді)
3. «Дарыс» ойыны.
4. Асық ату, алаңға көмбе сызығы сызылды, осы жерге әр қатысушы 20 см аралығында 10 асық тігілді. Көмбе сызығынан диаметрі бес табан өлшеніп шеңбер сызылды, ол бес табан шеңбері болады, шеңберден 3 метр қашықтықта атыс сызығы сызылды.
Осы сызықтан қатысушылар көмбедегі асықты қатты құлаштап атып, тігілген асықтарды шеңберден шығарды. Шеңберден шыққан әрбір асық 1 ұпай болып есептелінді. Егер шеңберден шығара алмаса, сақа тиген асық қайта тігілетін болып шешті. Ойын осылайша жалғаса берді, әр қатысушыға 5 мәрте атуға мүмкіндік берілді. Іс-шара соңында мектебіміздің аға жаттықтырушысы Момынкулов Болат ағай ұлтқа тән өзінің ұлағатты сөздерімен бастап, шараның маңыздылығына тоқтатылып өтті. Арнайы комиссияның шешімдері бойынша 1-орын «Жалын» Шыңғыс ағайдың командасы, 2-орын «Достық» Нүрсейіт ағайдың командасы, 3-орын «Жігер» Дархан ағайдың командасы марапатталып өтті. Сайыс командалар арасынан қызықты да тартысты өтті. Бұл заман талабына сай бір неше спорт түрлерінен атқарылып жатқан жұмыстарды алға қою жағын жан-жақты қарастырып, бұл жұмыстардың жаңғыруына барынша мектеп дене тәрбиесі бірлестігі бірлесіп, жүелі болашақ мақсаттарын құруда.
image image image image image image
Бірлестіктің аға жаттықтырушысының марапаттау рәсімінен бір сәттік естелік. image image
10 «ә» сынып оқушыларының қашықтықтан өткізген таңғы сергіту жаттығулары. «Жас Ұлан» ұйымының белсенді оқушысы Кешубай Диастың нұсқауымен өткен жаңа жаттығудың әдіс-тәсілдері еді. Жетекшілері Нәдірбекова Элмира апай.
image 11 «ә» сынып жетекшісі Балқыбаева Венера Өкілбекқызы қашықтықтан денсаулық апталығына арнап, барша ұжым ұстаздарына, келер жас ұрпаққа жүрек жарды жалынды, өсиетті сөздерімен әдемі бейнажазбасынжолдады.

image
image
9 «б», 10 «б» оқушылары және ата-аналары мен жетекшілері Войцеховская Зульфия Абдыхалыққызы қашықтықтан әдемі әуенде жазылған бейнежазбаларжіберді. Оқушылар ережеге сай жаттығулар орындап, барша шәкірттерге үлгі боларлық істер атқарды.
image 5-8 оқушылары арасынан «Салауатты өмірді қолдаймыз!» тақырыбында плакаттар байқауы өтіп, мектебіміздің ІІІ қабатына ілінді. Плакаттарға оқушылар денсаулық, спорт жайлы нақыл сөздер жазып, арнайы тақтайшаға тізілді. Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда.
Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық денсаулық.
Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну. Денсаулық дегеніміз — ағзаның айналаны қоршаған сыртқы орта факторларына бейімделуі болып табылады. Әдемілік — азат жанның және мықты денсаулықтың жемісі дей келе осы айтулы апталыққа бейжай қарамай белсенді түрде атсалысқан дене тәрбиесі ер мұғалімдеріне, сынып жетекшілерге шын жүректен мекптеп әкімшілігі атынан алғыс айтамын. Сіздер айрықша табандылықтың және зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеттіңіздер.Бұл мектебіміздің рухани өміріне деген шынайы сүйіспеншіліктің көрінісі деп санаймын.

Педагог-ұйымдастырушы: Закарин Н.С.