18-наурыз төл мерекемізге орай, «Наурыз-Ұлыстың ұлы күні» » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 18-наурыз төл мерекемізге орай, «Наурыз-Ұлыстың ұлы күні»
04
апрель
2022

18-наурыз төл мерекемізге орай, «Наурыз-Ұлыстың ұлы күні»


«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ
2021-2022 оқу жылы
18-наурыз төл мерекемізге орай, «Наурыз-Ұлыстың ұлы күні» атты тақырыбында ұлттық тәрбие бағытын негізге ала отырып, ұйымдастырылған мектепішілік өткен іс-шарада атқарған жұмыстарына 
Хабарлама.

Мақсаты: Халқымыздың ізгі қасиеттері яғни имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік  негізінде тәрбиелеу.Әр  баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу. Дәстүрімізді қайта жаңғыртып, оған деген құрметпен қарау.
1-22 наурыз аралығын қамтыған ұлттық рухты байыту мақсатында мектеп әкімшілігі тарапынан төл мейрамымыз наурыз мерекесіне орай, мектепішілік он күндік іс-шаралар жоспары құрылды. Лездемеде таныстырылып, мектеп директоры тарапынан бекітілді. Шуақты да шырайлы мерекеміз – наурыз мейрамына деген биылғы оқу жылында іс-шараға жауапты мамандар мен оқушылар ерекше дайындалып, айтулы мерекені жоғары деңгейде өткізді. Атап айтсақ мерекеге арналған Дене тәрбиесі мұғалімдері: Мурзаева Мира апай мен Тұрдалы Бекалының ұйымдастыруымен заман талабынан сай бұқаралық және ұлттық спорт түрлерінен 4-сыныптар арасынан өткен «Қызықты мәре» атты толағай спорттық шараларында атқарған жұмыстары бастауыш бүлдіршіндерін қызықтыра түсті. Бұл мереке қарсаңында 11 «а», 11 «ә» оқушыларының ұйымдастыруымен мектеп фойесінде жақсы әуенмен барша ұстаздарды қарсы алып, дәстүрімізді бір асқақтатып тастады. Бұл әдемі көріністердің өз дәрежесінде атқарылуына бірден бір себепші жетекшілер ол Балқыбаева Венера Өкілбекқызы мен Алимжанов Нүрсейіт Төкенұлы болатын. 1 «б» сынып жетекшісі Өнербекова Айданың ұйымдастыруымен өткен қыздар сыны да тәрбиелік жағынан бұл он күдік жұмыстарын толықтыра түсті. Наурыз –қазақ халқы үшін ежелден –ақ береке –бірліктің , ел-жұрт , ағайын –туыс арасындағы татулықтың , ерең еңбектің , жаңарған тіршіліктің ұлы символы болып табылады. Ата-бабамыз ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа қаз қалпында аманатқып кеткен салт-дәстүрге бай төл мерекені ары қарай қайта жаңғырту ардақты әріптестер баршамыздың парызымыз