«Жас Сарбаз-2022» атты әскери – патриоттық, спорттық сайыста атқарылған жұмыстарына Хабарлама. » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жас Сарбаз-2022» атты әскери – патриоттық, спорттық сайыста атқарылған жұмыстарына Хабарлама.
12
октябрь
2022

«Жас Сарбаз-2022» атты әскери – патриоттық, спорттық сайыста атқарылған жұмыстарына Хабарлама.

Қазан айының 12-ші жұлдызында 10-11-сынып оқушылары арасынан «Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие беру» бағытын негізге ала отырып ұйымдастырылған «Жас Сарбаз-2022» атты әскери – патриоттық, спорттық  сайыста атқарылған жұмыстарына

Хабарлама.


            Бұл әскери сайыс мектеп педагог-ұйымдастырушысы және мектеп алғашқы әскери пән мұғалімі-Толықбаев Данияр Дәулетұлы, дене тәрбиесі бірлестігімен бірлесе отырып, ұл-қыз балаларды тәрбиелеуде алға қойған айқын мақсаттарынан туындаған ауқымды бастамалардың бірі еді. Сайыс өткізудегі мақсатымыз: Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Қазақстан халқының ұлттық, әскери , еңбек дәстүрлерін жалғастыру. Жарысқа қатысушылардың спорттық шеберлігін жоғары деңгейге көтеру болатын. 25 қазан Республика күніне тарту ретінде мектепішілік іс-шаралар жоспары  жасақталып, «Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие беру» бағытын негізге ала отырып тәрбиелік маңызы зор жұмыстар жүргізілді. Соның бір дәлелі «Жас Сарбаз-2022» атты жоғарғы сынып ұлдары мен қыздары арасынан өткен әскери спорттық ауқымды сайыстар еді. Мектеп әкімшілігінің қадағалауымен құрылған ер азаматтардан құралған жарыстағы комиссия мүшелерінің атсалысушы командаларға қойған шарттары мына төмендегі сайыс ережелерімен ескертіліп отырды. Жоғарғы сынып оқушыларынан құралған 6-команда жарыста әскери спорттың 6-түрінен сайысқа түсті. Атап айтсақ:

а) АК-74 автоматын жартылай бөлшектеу және жинақтау. (әр топтан бір оқушы қатысады) 

ә) Саптық жүріс (команданы бірқатарлы сапқа тұрғызу, «ТҮЗЕЛ!», «ТІК ТҰР!» пәрмені, бірқатарлыдан екіқатарлы сапқа тұрғызу, топ командирінің рапорты, топтың аты, ән ұраны, әні, туға қарап түзелу)

б) 16 кг. гір тасын көтеру. (әр топтан бір оқушы қатысады)

в) Армрестлинг (әр топтан бір ұл, бір қыз қатысады)

г) Кермеге тартылу (турник) (әр топтан бір ұл) 

д) Кросс ұлдар 1500 метр, қыздар 1000 метр.


Бұл жоғарғы сынып ұлдар мен қыздар арасынан өткен әскери спорттық ауқымды сайыста қатысушы командалардың іс-шара барысында алғашқы әскери пән мұғалімі Толықбаев Данияр Дәулетұлының оқушыларына қойған талап-міндеттерін әр ұл-қыз жауапкершілікпен атқарғаны арнайы келген қатысушы көрермен мен комиссия мүшелерінің көңілінен шыға білді.   Сайыста топ жарған команда копитандары номинациялармен марапатталып, қалған қатысушылар І,ІІ,ІІІ-дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сайыс тартысты әрі әсерлі өтті.




АӘТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы:                  Толықбаев Д.Д. 

         Педагог-ұйымдастырушы:                Закарин Н.С.