«Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік»
03
февраль
2022

«Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, мектепішілік құрылған «Тәуелсіздікке 30 тарту» атты айлық іс-шаралар жоспарының негізінде бір қатар жұмыстар атқарылып өтті. Соның бірі «Жас сарбаз-2021» атты ұлдар арасынан өткен әскери спорттық сайысы еді. Бұл әскери сайыс мектеп педагог-ұйымдастырушысы және мектеп алғашқы әскери пән мұғалімі Сапаралиев Дарханмен бірлесе отырып, ұл балаларды тәрбиелеуде алға қойған айқын мақсаттарынан туындаған ауқымды бастамалардың бірі еді. Сайыс өткізудегі мақсатымыз: Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Қазақстан халқының ұлттық, әскери , еңбек дәстүрлерін жалғастыру. Жарысқа қатысушылардың спорттық шеберлігін жоғары деңгейге көтеру болатын.
« Тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін біз жанымызбен, тәнімізбен қызмет етеміз тіпті сол үшін жанымызды пида қылуға дайынбыз деп өзімізді де, жастарды да тәрбиелеуіміз керек. Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған алдағы уақыттарда тарих бетінде аты алтын әріппен жазылып, келер ұрпаққа өнеге болып қалатын ол біздің қасиетті Тәуелсіздік күні!»
Мемлекетіміздің тәуелсіздігі –ең алдымен халқымыздың бақыты. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу-біздің буынның бағыты болуы тиіс. Олай болса мектебімізде Тәуелсіздік күніне тарту ретінде мектепішілік айлық іс-шаралар жоспары жасақталып, рухани адамгершілік тәрбиелік маңызы зор жұмыстар жүргізілуде. Соның бір дәлелі «Жас сарбаз-2021» атты жоғарғы сынып ұлдары арасынан өткен әскери спорттық ауқымды сайыстар еді. Мектеп әкімшілігінің қадағалауымен құрылған ер азаматтардан құралған жарыстағы комиссия мүшелерінің атсалысушы командаларға қойған шарттары мына төмендегі сайыс ережелерімен ескертіліп отырды. 1. Киім түрі; әскери форма, спорттық форма. 2. Сараптаушы топ 3.Оқушыларды сапқа тұрғызу 4.Мемлекеттік Тудың кіргізілуі; 5.Ән ұран ойнатылуы 6. Әділқазылар алқасымен таныстыру.7. Марапаттау сияқты шарттарды қатаң қадағалап отырды. Бұл ұлдар арасынан өткен әскери спорттық жарыс түрлері мынандай ережелерге сүйене отырып, команда намысы үшін сайысқа түскен команда белсендісіне әділ бағасын беріп отырдық. Атап айтсақ: Автоматты бөлшектеу және жинақтау. Әр топтан бір ұл қатысады. Команданың намысын қорғайды. Жалпы әскери қорғаныш костюмін (ЖӘҚК) уақытқа кию (4а – 4б) Гир тасын көтеру. Әр топтан бір оқушы қатысады. Санаққа көтереді. Дене көтеру жаттығулары Әр топтан бір бала қатысады делінген. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, ұйымдастырылған «Жас сарбаз-2021» атты ұлдар арасынан өткен әскери спорттық ауқымды сайыста қатысушы командалардың іс-шара барысында алғашқы әскери пән мұғалімі Сапаралиев Дархан ағайларының оқушыларына қойған талап-міндеттерін әр ұл жауапкершілікпен атқарғаны арнайы келген қатысушы көрермен мен комиссия мүшелерінің көңілінен шыға білді.
image
image

Похожие публикации:

26 январь 2022 «Жас сарбаз-2021»
25 ноябрь 2021 1-қыркүйек
30 январь 2020 "Қызықты үзіліс"