Сәуір айының 8 жұлдызында еңбек, экономикалық және экологиялық бағытын негізге ала отырып, «Мамандықты таңдарда-сен өзіңнің болашағыңды таңдайсың!» атты 9-11 оқушылары арасынан өткен кездесуде атқарған жұмыстарына » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сәуір айының 8 жұлдызында еңбек, экономикалық және экологиялық бағытын негізге ала отырып, «Мамандықты таңдарда-сен өзіңнің болашағыңды таңдайсың!» атты 9-11 оқушылары арасынан өткен кездесуде атқарған жұмыстарына
12
май
2022

Сәуір айының 8 жұлдызында еңбек, экономикалық және экологиялық бағытын негізге ала отырып, «Мамандықты таңдарда-сен өзіңнің болашағыңды таңдайсың!» атты 9-11 оқушылары арасынан өткен кездесуде атқарған жұмыстарына

«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ

2021-2022 оқу жылы

Сәуір айының 8 жұлдызында  еңбек, экономикалық және экологиялық бағытын негізге ала отырып, «Мамандықты таңдарда-сен өзіңнің болашағыңды таңдайсың!» атты 9-11 оқушылары арасынан өткен кездесуде атқарған жұмыстарына

Хабарлама. 

Мақсаты: Білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, дені сау, өзгермелі жағдайда білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау. 

Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті – баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы бағыттай білу. Кәсіпке баулу – бұл әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктерін және халық шаруашылығына, жеке салаларға қажетті сұранысы бар мамандықтарды ескере отырып жастарды еркін және өзіндік мамандық таңдауға дайындаудың ғылыми негізделген жүйесі. Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді.  Мектептегі жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған жұмыстар жөнінде Қазақ ұлттық аграрлы университетінің білікті мамандары, «Бақанас аграрлы индустиалдық колледжінің» студентері  мен арнайы кездесу өтті. Кездесуде арнайы келген насихаттық топ мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар жөнінде кеңінен насихаттай келіп, мамандық туралы жеткіліксіз білу — мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соқтырып жататындығын мысалдар арқылы келтіріп, мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын жек көріп, жұмысорнын жиі өзгертуге себепші болтындығын астарлап жеткізді.  Сөз барысында мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттерін жік-жігімен атап өтті. Атап айтсақ:   

— оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру;

— кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында

оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу;

— мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу;

— оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу сияқты негізгі міндетті жұмыстарды толық түсіндіріп, атап өтті. 

Бүгінгі күні мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстары қайтадан жандана бастады. Біз жоғарыда атап өтілген кезеңдерді талдай отырып, кәсіби бағдар беру жұмыстарының маңызын үлкен сұранысқа ие болуда деп білеміз.





Педагог-ұйымдастырушы:               Закарин Н.С.



«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ

2021-2022 оқу жылы

15-қараша 10-11 оқушылары арасынан қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие беру бағытын негізге ала отырып, Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 75 жыл толуы мен  ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған атты мектепішілік әскери қолтаңбалы өнер сайысында атқарылған жұмыстарына 

Хабарлама. 

Сайыс өткізудегі мақсатымыз: Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Қазақстан халқының ұлттық, әскери , еңбек дәстүрлерін жалғастыру. Жарысқа қатысушылардың спорттық шеберлігін көтеру.

Әскери-патриоттық тәрбие – Отанымыздың мықты да, қайсар қорғаушыларын даярлауға ықпал ететін, жастар арасында адамгершілік қағидаларын дәріптейтін маңызды бағыттарының бірі екенін атап өткен жөн. Ұлттық, әскери , еңбек дәстүрлерін жалғастыру мақсатында 15-қараша 10-11 оқушылары арасынан қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие беру бағытын негізге ала отырып, Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 75 жыл толуы мен  ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай, АӘД пәнін оқытушы – ұйымдастырушы Сапаралиев Дархан, мектеп Педагог-ұйымдастырушысы Закарин Нұрланмен бірлесе отырып, әскери спорттың 6-түрінен командалық сайыс өткізілді. Ашылу салтанатында алғы сөз мектеп директоры Қамзина Бибігүл Мұхамадиқызына беріліп, командаларға сәттілік тіледі.  

Әскери спорттық жарыс мына төмендегі кезеңдер бойынша атқарылды: Оқушылардың барлығы Автоматты бөлшектеу және жинақтаудан әр топтан бір оқушы қатысты. Әр команда атынан шыққан топ басшы команданың атын, ұранын айтып, намысын қорғай білді. Жалпы әскери қорғаныш костюмін (ЖӘҚК) уақытқа кию, гир тасын санаққа көтереді, дене көтеру жаттығулары, кермеге тартылу, кросс ұлдар 1500 метр қыздар 1000 метр сияқты жарыс барысында барлық командалар әскери-қолдаңбалы спорт түрлері мен алғашқы әскери дайындықтың жақсы деңгейін көрсетті. Мұның бәрі 2021-2022 оқу жылында өтіп жатқан «Жас сарбаз» қозғалысының жемісті қызметі, сондай-ақ оқушылардың жеке ынталарының арқасы. Ауқымды іс-шара соңы салтанатты марапаттау рәсімімен жалғасын тауып, сөз мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Толықбаев Данияр Дәулетұлына берілді. Барша қатысушы командаларды құттықтап, өзінің тәрбиелік маңызы зор ғибратлы сөздерімен бір қанаттандырды. Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күнін мерекелеуге арналған спорттық-тәрбиелік жарыстар алдағы уақытта да ұйымдастырылатынын айтып, оқушылар жақсы көңіл-күймен тарқасты. Қатысқан сыныптар: 10 «ә» І орын, 10 «а» ІІІ орын жетекшісі Сауранбаева З.А, 10 «б» ІІІ орын Войцеховская З.А, 11 «а» номинация Алимжанов Н.Т, 11 «ә» ІІ орын Балқыбаева В.Ө, 11 «б» оқушылары қатысқан жоқ жетекшілері Тоқсанбаева Венера. Бұл ауқымды кездесуде төрешілер көзіне түсіп, әскери жауынгерлік әдістің 6-ережесін мүлткісіз орындаған 10 «ә» оқушысы Кешубай Диастың еңбегін төрешілер жоғары бағалады. Қошеметпен ортаға шақырылып, қолына осы сайыстың дәрежелі дипломы табыс етілді. Жетекшісі Нәдірбекова Э.










АӘД пәнін оқытушы – ұйымдастырушысы:                  Сапаралиев Д.С.

                         Педагог-ұйымдастырушы:                  Закарин Н.С.