СанПИН бұйрық №611 16.08.2017ж » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
ноябрь
2020

СанПИН бұйрық №611 16.08.2017ж

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 28 тамызы
№ ҚР ДСМ-98/2020
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы « »
№ бұйрығына қосымша


Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 16 тамыздағы
№ 611 бұйрығымен
бекiтiлген


«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) меншік нысанына қарамастан білім беру объектілерінде объект салынатын жер учаскесін таңдауға, жобалауға, реконструкциялауға, пайдалануға, сумен жабдықтауға, су бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге, ауаны баптауға, жөндеуге және күтіп-ұстауға, тұру, тамақтану, оқыту жағдайларына және өндірістік практикаға, өндірістік бақылауға, персоналдың еңбек және қызмет көрсету жағдайларына, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
2. Осы Санитариялық қағидалар балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілерін (бұдан әрі – мектепке дейінгі ұйымдар) қоспағанда, білім беру ұйымдарының объектілеріне, оның ішінде білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту, тәрбиелеу, тұру және тамақтану орнын ұйымдастыру объектілеріне, барлық түрдегі және типтегі интернат ұйымдарына (бұдан әрі – объектілер) қолданылады.
3. Объектілерде осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес зертханалық-аспаптық зерттеулер жүргізіледі.
4. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) арнайы білім беру ұйымдары – бұл ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) оларсыз жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, арнайы оқу бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық және өзге де құралдарды, өсір сүру ортасын, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайларды қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары;
2) бастауыш мектеп – бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдары;
3) бракераж – органолептикалық көрсеткiштер бойынша тамақ өнiмдерiнiң және дайын тағамдардың сапасын бағалау;
4) білім беру ұйымдары – заңды тұлғалар, сондай-ақ меншік нысанына және ұйымдық құқықтық нысанына қарамастан, бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын іске асыратын және (немесе) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді бағуды және оларға тәрбие беруді қамтамасыз ететін халықаралық мектеп мәртебесі бар заңды тұлғалардың филиалдары, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын, заңды тұлға құрмаған дара кәсіпкерлер;
5) гимназия – білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және өзге де оқыту бағыттары бойынша кең ауқымда және тереңдете білім беруді қамтамасыз ететін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
6) дене тәрбиесі – адам денсаулығын нығайтуға және дене қабілеттерін дамытуға бағытталған қызмет саласы;
7) жазу құралдары – жазу дәптерлері, жазуға және сурет салуға арналған құралдар, оларға қаламдар, қарындаштар, фломастерлер, пенал, циркуль, маркерлер, көмір түйірлері, борлар, стерженьдер, грифельдер жатады;
8) жалпы білім беретін мектеп – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
9) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары – жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұратын орындар бере отырып, оларды тәрбиелеу, оларға білім беру үшін қолайлы жағдай жасалатын ұйым;
10) жеке медициналық кітапша – жұмысқа жіберу туралы белгі қойылып, міндетті медициналық тексеріп-қараулардың нәтижелері енгізілетін, халықтың декреттелген тобының өкіліне берілетін жеке құжат;
11) жиынтық оқу жүктемесі – Үлгілік оқу жоспарының инвариантты және вариативті бөлігі сағаттарының жалпы саны;
12) интернат ұйымдары – тұратын орын беріле отырып, белгілі бір санаттағы адамдардың білім алу құқықтарына мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары;
13) кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары (бұдан әрі – КТБО) – ата-анасын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтағанға дейін үш жастан он сегіз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балалар мен жасөспірімдерді, уақтылы орналастыру мүмкiн болмаған жағдайда ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды, қорғаншылық және қамқоршылық органы балалардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қатер төнген кезде ата-анасынан (олардың бiреуiнен) немесе қамқорлыққа алған басқа адамдардан алып қойған балаларды, арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберiлетiн балаларды, сондай-ақ әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соққан қатыгездiкпен қарау салдарынан өмiрлiк қиын жағдайда жүрген балаларды қабылдауды және уақытша бағуды қамтамасыз ететiн, бiлiм беру органдарының қарамағындағы ұйымдар;
14) лицей – білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес оларға кең ауқымда және тереңдете жаратылыстану-математикалық білім беруді қамтамасыз ететін негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
15) мамандандырылған білім беру ұйымы – жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары негізінде әзірленген және ғылым, мәдениет, өнер, спорт, әскери іс негіздерін терең игеруге, олардың шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған негізгі және жалпы орта білім берудің мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
16) мектеп алды сыныптары (0) – жалпы білім беретін мектептерде бес, алты (жеті) жастағы балаларды тегін міндетті мектеп алды даярлау жүргізілетін сыныптар;
17) мектептен тыс қосымша білім беру ұйымы – білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын дамытуға, денсаулығын нығайтуға және өзін-өзі кәсіптік тұрғыдан айқындауға, шығармашылық еңбегіне, олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруға, жеке тұлғаны қоғамдағы өмірге бейімдеуге, бос уақытын пайдалы өткізуді ұйымдастыруға қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге арналған оқу-тәрбие ұйымдары (бұдан әрі –мектептен тыс объектілер);
18) оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) – білім алушының оқу пәні (пәндер) бойынша білім мазмұнын меңгеруін қамтамасыз етуге бағытталған және оқулыққа ілеспе болатын жекелеген оқу және әдістемелік басылымдардың жиынтығы;
19) оқу жүктемесі – әрбір жас тобы үшін оқу сағаттарымен өлшенетін оқу-тәрбие процесіне қатысудың нормаланатын жиынтығы;
20) оқу сағаты – сабақтың (жаттығудың) немесе дәрiстердiң сабақ басталғаннан үзiлiске дейiнгі ұзақтығы;
21) оңтайлы микроклиматтық жағдай – білім алушылар мен тәрбиеленушілерге ұзақ және жүйелі әсер ету кезінде термореттегіш тетіктерінің көмегінсіз организмнің қалыпты жылу жағдайын сақтауды қамтамасыз ететін микроклиматтың сандық көрсеткіштерінің үйлесімдігі;
22) өндірістік бақылау – өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам мен мекендеу ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға орындайтын іс-шаралар, оның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынақтар кешені;
23) рекреация – үзіліс кезінде және сабақтан бос уақытта білім алушылар мен тәрбиеленушілердің демалуына және күшін қалпына келтіруге арналған үй-жай;
24) санитариялық-аулалық қондырғылар (бұдан әрі – САҚ) – орталықтандырылған кәрізбен байланысы жоқ, объектінің аумағында орналасқан жер үсті бөлігі мен қазылған шұңқыры бар дәретхана;
25) санитариялық арнайы киім (бұдан әрі – арнайы киім) – шикізатты, қосымша материалдар мен дайын өнімді механикалық бөлшектермен, микроорганизмдермен ластанудан және басқа да ластанулардан қорғауға арналған персоналдың қорғаныш киімінің жиынтығы;
26) септик – шағын көлемдегi тұрмыстық сарқынды суды тазалауға арналған құрылыс;
27) спорт объектілері – қызметі балалар және жасөспірімдерді емдеу-сауықтыру, дене шынықтыру-сауықтыру, оқу-тәрбие жұмыстарын және мәдени бос уақытты ұйымдастырумен және жүзеге асырумен байланысты ұйымдар;
28) сыныптардың толықтырылуы – сыныптағы білім алушылардың нормаланған саны;
29) ұтымды тамақтану – тамақтанудың физиологиялық және жас ерекшелігі нормаларын ескере отырып, теңестірілген тамақтандыру;
30) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары – кресло-арбалармен және/немесе басқа да қосалқы құралдардың көмегімен қозғалатын, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған және ауыратын мүгедектер, сондай-ақ сүйемелдеушілердің көмегімен қозғалатын, нашар көретін және/немесе көзі көрмейтін азаматтар;
31) шағын жинақталған мектеп – білім алушылар контингенті аз (5 баладан бастап), біріккен сынып-жиындары бар және оқу сабақтарын ұйымдастыру нысаны ерекше жалпы білім беру мектебі.

10-тарау. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезеңінде білім беру ұйымдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

151. Білім алушылар білім беру ұйымдарының ғимаратына кірген және шыққан кезде:
1) барлық қызметкерлер мен білім алушылардың медицина қызметкерлері күнделікті таңертеңгі сүзгіні (жанаспайтын термометрия, ғимаратқа кіреберісте қолды антисептикпен өңдеу, аяқ киімнің табанын өңдеу, аяқ киімді ауыстыру) жүргізеді;
2) мектепте жүріп-тұру, оның ішінде баспалдақпен көтерілу «бір жақты қозғалыс» қағидасы бойынша арнайы көрсеткіштермен таңбаланады;
3) кезекте қашықтықты қамтамасыз ету үшін кірер алдында асфальтқа таңба қойылады;
4) жалпы білім беру объектісінің үй-жайларында да, ғимаратында да да қашықтықты сақтау үшін сигналдық белгілер қойылады;
5) білім беру объектілеріне, білім беру объектісінің аумағында, дәліздерде, үй-жайда оқушылардың қозғалысы кезінде кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтау;
6) оқушылардың, персоналдың қолдарын өңдеуге арналған тері антисептигі бар санитайзерлер әр қабатта, әр сыныпта (аудиторияда, кабинетте), санитариялық тораптарда және лас маскаларға арналған таңбаланған сыйымдылықтарда орнатылады;
7) оқушылар мен қызметкерлерге арналған санитариялық тораптарда дозаторларда сабынның, дозаторларда қолға арналған дезинфекциялық құралдардың болуы, қол жуу қағидалары бар плакаттардың болуы қамтамасыз етіледі.
152. Сабақ режимін және жұмыс орнын ұйымдастыру кезінде мынадай іс-шараларды жүргізу талап етіледі:
1) сабақтар арасындағы үзіліс уақыты әр түрлі уақытта әр түрлі сыныптар (топтар) үшін белгіленеді;
2) кабинеттік жүйені болдырмау;
3) 1 оқу күніне үстелде оқу құралдары бар (дербес оқулықтар, кеңсе) ресурстық лотокпен бір-бірінен кемінде 1,5 метр қашықтықта 1 нақты білім алушыға 1 партаны (үстелді) бекіту;
4) үй-жайларды толтырудың жобалық қуатын сақтау (асырмау);
5) таза ауада дене шынықтыру сабақтарын жылы уақытта (атмосфералық ауа температурасы -18 °С аспайтын кезде) ұйымдастыру немесе спорт залдарын үнемі желдету.
153. Білім беру ұйымдарында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі:
1) әр қабаттағы санитариялық бекеттердің жұмысын ұйымдастырылады, мектепке келген кезде (сабақ басталғанға дейін), үзілістерде, көшеде серуендегеннен кейін, санитариялық торапта болғаннан кейін және басқа да ластану жағдайларында оқушылардың қолдарын уақтылы жууын (сұйық сабынды пайдаланып қолды жуу) сыныптарда (топтарда) бақылау жүзеге асырылады;
2) қажетті медициналық жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен (термометрлермен, шпательдермен, маскалармен) қамтамасыз ете отырып, медициналық кабинеттер мен изоляторлардың жұмыс істейді (күн сайын температураны өлшеу, ауру белгілерін анықтау, ауырған адамдар анықталған жағдайда оқшаулау үшін);
3) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена қағидаларын сақтау және олардың мүлтіксіз орындалуын бақылау қажеттілігі туралы апта сайын нұсқама жүргізіледі;
4) түшкіру және жөтелу кезінде пайдаланылған маскаларды, қолғаптарды, сулықтарды кәдеге жарату үшін арнайы орындар ұйымдастырылады;
5) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамды тағайындау (температураны жанаспайтын термометрмен өлшеу, персоналға нұсқаулық беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама, термометрия жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);
6) коронавирустық инфекциямен ауыратын науқаспен байланыста болған, ауырып сауыққан білім алушылардың білім беру ұйымына баруына дәрігердің білім беру ұйымында болу үшін медициналық қарсы айғақтардың жоқ екендігі туралы медициналық қорытындысы болған кезде жол беріледі;
7) сырқаттанушылықты тіркеу кезінде сыныпқа, топқа карантин белгіленеді.
154. Білім беру ұйымдарында инфекциялық аурулардың (респираторлық, ішек, дене қызуының көтерілуі) белгілері бар білім алушылар мен қызметкерлер жіберілмейді.
Инфекциялық аурулар белгілері бар білім алушылар мен қызметкерлер көрсетілген белгілер анықталған сәттен бастап жедел (кезек күттірмейтін) медициналық көмек бригадасы келгенге дейін не ата-аналары (заңды өкілдері) келгенге дейін дереу оқшауланады немесе үй жағдайында өздігінен оқшаулау жүзеге асырылады.
155. Білім беру ұйымы инфекциялық аурулардың белгілері бар білім алушылар мен қызметкерлерді кез келген қолжетімді тәсілмен анықтаған кезде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерін осы Санитариялық қағидалардың 154-тармағында көрсетілген адамдар анықталған сәттен бастап инфекциялық аурулардың (респираторлық, ішек, жоғары дене температурасы) белгілері бар адамдар туралы хабардар етеді.
156. Білім беру ұйымдарында ата-аналарды (заңды өкілдерді) және басқа да келушілерді, оның ішінде жүкті әйелдерді және білім беру ұйымдарына барғанға дейін 14 күн бұрын шетелден келген білім алушыларды (карантин) 65 жастан асқан адамдарды жіберу шектеледі. Ата-аналардың (заңды өкілдердің) балаларды жалпы білім беретін мектептерге алып жүруі мектепке кіргенге дейін жүзеге асырылады.
157. Білім беру ұйымында білім алушылар мен қызметкерлерге көліктік қызмет көрсету жүргізілетін өз көлігі болған кезде жүргізушілер қолдарын өңдеуге арналған антисептикпен және оларды міндетті түрде қажетті жиілікпен ауыстыра отырып, қорғаныш құралдарымен (маскамен), сондай-ақ әрбір рейс алдында автокөлік салонына дезинфекция жүргізу, кейіннен желдету арқылы жабдықталады.
158. Білім беру ұйымының әкімшілігі үй-жайларды жинауға, қызметкерлердің қолдарын өңдеуге, тыныс алу ағзаларының ЖҚҚ-на арналған дезинфекциялау және жуу құралдарының азаймайтын (кемінде бір ай) қорын қамтамасыз етеді, дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы айғақтары жоқ кәмелетке толған адамдарға рұқсат етіледі.
Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы айғақтары жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі.
159. Дезинфекциялау құралдары вирустық инфекциялар кезінде дезинфекциялау режимі көрсетілген, оларға қоса берілетін нұсқаулықты қатаң сақтаған кезде қолданылады.
160. Дезинфекциялау құралдары өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбадағы жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталады. Ыдыстың заттаңбасы дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады, бөгде адамдарға берілмейді және қараусыз қалдырылмайды.
161. Оқу, жаттығу, өзге де ұйымдастыру процестері мен жұмыс режимінің кестесіне сәйкес ауаны зарарсыздандыру жөніндегі жабдықты пайдалана отырып, ауаны тұрақты зарарсыздандыру және үй-жайларды желдету жүргізіледі.
162. Вирулицидтік әсер ететін дезинфекциялық құралдары бар сыныптарды күніне кемінде 2 рет ылғалды жинау, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, баспалдақ марштарын, байланыс беттерін (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (спорт, акт залдары, киім ілетін орындар, асхана, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялау, сондай-ақ профилактикалық тексеру, жөндеу, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялау жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етіледі.
Үй-жайларды күрделі жинау аптасына кемінде 1 рет жүргізіледі.
163. Жинау мүкәммалы (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланылғаннан кейін арнайы бөлінген орындарда өңделуге және сақталуға жатады.
164. Білім беру ұйымдарында ауыз су режимін сақтау қамтамасыз етіледі.
Ауыз су, оның ішінде ыдыстарға құйылған (графиндер, шәйнектер, бөшкелер және т.б.) немесе қауіпсіздік сапасының көрсеткіштері бойынша бөтелкеге құйылған су нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес келеді.
Жеке бөтелкедегі ыдысты пайдалануға рұқсат етіледі. Ішу үшін таза ыдысты (шыны, фаянс, бір рет қолданылатын стақандар) пайдаланады. Қайнатылған ауыз суды үш сағаттан аспайтын уақыт сақтаған жағдайда пайдалануға жол беріледі.
Ауыз су режимін ұйымдастыру үшін объект басшысының бұйрығымен жауапты адам тағайындалады, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің объектіде болған барлық уақыт ішінде ауыз суға еркін қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.
165. Бастауыш, орта және негізгі орта деңгейдегі білім беру ұйымдарында асханада тамақтану қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша және тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің келісімі бойынша ұйымдастырылады.
166. Асханада оқушыларды отырғызу олардың арасындағы кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып қамтамасыз етіледі.
167. Бірнеше рет қолданылатын ыдыстарды пайдалану кезінде – оны өңдеуді арнайы жуу машиналарында, оны пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, 650с төмен емес температурада 90 минут бойы ыдыс-аяқ пен асхана аспаптарын дезинфекциялауды қамтамасыз ететін өңдеу режимдерін қолдана отырып немесе оларды қолдану жөніндегі талаптарға сәйкес дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, сол температурада қолмен жүргізеді.
168. Ыдыс-аяқты қолмен жуу үшін асхана ыдыстарына арналған үш секциялы ванналар, шыны ыдыстар мен асхана құралдарына арналған екі секциялы ванналар көзделуі қажет.
169. Асхана ыдыстарын қолмен жуу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) тамақ қалдықтарын механикалық жою;
2) ваннаның бірінші секциясында жуу құралдарын қоса отырып, суда жуу;
3) ваннаның екінші секциясында температурасы 40°С-тан төмен емес суда жуу және ваннаның бірінші секциясына қарағанда екі есе аз мөлшерде жуғыш заттарды қосу;
4) ваннаның үшінші секциясында тұтқалары бар металл торда ыдысты температурасы 65°С төмен емес ыстық ағынды сумен себезгі саптамасы бар икемді шланг көмегімен шаю;
5) барлық асхана ыдыстары мен аспаптарын оларды қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау құралдарымен өңдеу;
6) ваннаның үшінші секциясында тұтқалары бар металл торда ыдысты себезгі саптамасы бар икемді шланг көмегімен ағынды сумен шаю;
7) ыдысты торлы сөрелерде, стеллаждарда кептіру.
170. Ыдыс жуғыш машина істен шыққан кезде ыдыстарды қолмен жууға жағдай жасау, жуу және дезинфекциялау құралдарымен, щеткамен, шүберекпен қамтамасыз ету және ыдыс жуу сапасын бақылау қажет.
171. Асхана қызметкерлері (тамақ өнімдерімен тікелей байланыста болатын қызметкерлер) өз қызметтерін ауысымда кемінде екі рет ауыстыруға жататын бір рет қолданылатын қолғаппен және бүтіндігі бұзылған жағдайда және медициналық немесе мата маскаларын киіп (маскаларды 3 сағатта кемінде 1 рет ауыстыру) көрсетеді.
172. Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (немесе кемінде 6 сағаттан кейін) үй-жайларды дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақшаларын), тамақтану залына (асханаға) кіре берісте қол жууға арналған Раковиналарды дезинфекциялау сулықтарымен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүрту жолымен желдету және ылғалды жинау жүргізіледі.
173. Вирустар мен микроорганизмдерді жою үшін экспозиция уақыты және препаратқа арналған нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау құралының жұмыс ерітіндісінің концентрациясы сақталады.
174. Өңдеуден кейін беті сумен жуылады және қағаз сүлгілердің немесе бір рет қолданылатын сулықтарың (шүберектердің) көмегімен кептіріледі.
175. Дезинфекциялау құралын пайдалану регламенті жекелеген дезинфекциялау құралдарын қолдану жөніндегі нұсқаулықпен айқындалған, онда дезинфекциялау құралын экспозициядан кейін жуу қажеттілігі немесе қажеттілігінің болмауы түсіндіріледі.
176. Бір уақытта қолданылатын асхана ыдыстары мен аспаптарының саны ұйымның қажеттіліктерін қамтамасыз етуі керек. Жарықтары, сынықтары, шеттері сынған, пішіні өзгерген, эмалі зақымдалған ыдыстарды пайдалануға жол берілмейді.
177. Білім беру ұйымдарында сабақтардың аралас және штаттық режимін ұйымдастыру кезінде мынадай көрсеткіштері бар қауіп тобына жататын педагогтердің жұмысын шектеу:
1) жасы 65 жастан асқан педагогтың;
2) қан айналымы жүйесінің ілеспе аурулары бар (артериялық гипертония, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі);
3) жоғарғы тыныс алу жүйесінің қатар жүретін созылмалы аурулары (өкпенің созылмалы обструктивті бронхиті, бронх демікпесі, өкпедегі фиброзды өзгерістер);
4) эндокринопатиялар (қант диабеті метаболикалық синдром, семіздік және басқалар);
5) иммундық тапшылығы жай-күйі (онкологиялық, гематологиялық, иммуносупрессивті терапиядағы науқастар және басқалар);
6) жүкті әйелдер;
7) басқа да ауыр созылмалы аурулар.
Аталған аурулары бар педагогтар қашықтан оқытуға ауыстырылады.
178. Білім беру ұйымдарының жатақханаларында демалыс және өзге де бұқаралық іс-шараларды өткізу тоқтатылады, үй-жайларды санитариялық өңдеуге және белгіленген өткізу режимінің қамтамасыз етілуіне бақылау күшейтіледі.
179. Жатақханадан шығуға оқу сабақтарына қатысу үшін және басқа ерекше жағдайларда рұқсат етіледі. Тұратын адамдардың ғимаратқа кіруіне және одан шығуына, жатақханаларға бөгде адамдардың кіруіне жол берілмейді.
180. Жатақхананың әрбір қабаты жанаспайтын шашыратқыш диспенсерлермен немесе оларды құюға арналған дезинфекциялық ерітіндісі бар санитайзерлермен жабдықталады.
181. Жатақханаларда қашықтықтан оқыту үшін жағдай жасалады (тұрмыстық жағдайлармен, компьютермен, интернетпен қамтамасыз ету).
182. Қашықтан оқыту форматында оқу кезінде жатақханаларда тұратын адамдар азық-түлік дүкендері мен дәріханаларда сатып алу үшін шығуды қоспағанда, тұрақты тұратын орындарына немесе өзге де орындарға шықпайды.
183. Білім алушылар қашықтан оқыту режимінде жатақханадан уақытша шыққан кезде жатақханадан шығу уақытын, қайтып келу уақытын және ол жіберілетін орынды көрсете отырып, білім беру ұйымын жазбаша, оның ішінде электрондық байланыс арқылы хабардар етеді.
184. Білім беру ұйымы кәмелетке толмаған білім алушының жатақханадан шығуы туралы ата-аналарға (заңды өкілдеріне) хабарлайды.
185. Білім беру ұйымдары жатақханадан шыққаннан кейін қайтып келген білім алушының денсаулық жағдайына қайтып келген күннен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде мониторинг жүргізеді.
186. Жатақханаларда мынадай эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі:
1) білім алушылардың бірге тамақтануын болдырмау;
2) дәретханаларда, қолжуғыштарда, себезгі және тұрмыстық бөлмелерде дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үнемі ылғалды жинауды жүргізу;
3) жалпы пайдалану орындарын қол жууға арналған құралдармен және антисептиктермен қамтамасыз ету;
4) жинау жиілігі мен сапасын арттыру (тұтқаларды, басқа беттерді қосымша өңдеу);
5) білім алушылардың жатақханадан шығуы мен кіруін журналға тіркеу;
6) жатақханада тұруға қалған білім алушылардың дене қызуының көтерілуінің барлық жағдайларын немесе жіті респираторлық вирустық инфекцияның (бұдан әрі – ЖРВИ) өзге де белгілерін журналға тіркеу);
7) тәуекел топтарын ескере отырып, созылмалы аурулары бар студенттерге ерекше бақылауды қамтамасыз ету.


1-параграф. Бастауыш, орта және негізгі орта білім беру
ұйымдарындағы сабақ режиміне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

187. Мектепалды, 1-11 сыныптар үшін оқу процесін ұйымдастыру санитарлық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтай отырып, 5-тен 180 адамға дейінгі контингенті бар мектептерден басқа, сыныптарда 15 адамға дейінгі балалары бар мектептерді қоспағанда, қашықтықтан жүргізіледі. Мектептерде тиісті жағдайлар болған кезде (күшейтілген санитарлық талаптар, педагогтердің келісімі) балалардың ата-аналары мен заңды өкілдерінің өтініштері бойынша ғана санитарлық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтай отырып, мектепалды, 1-4 сынып оқушылары үшін 15 балаға дейін кезекші сыныптарды ашуға рұқсат етіледі.
188. Жергілікті атқарушы органдардың шешімі және тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерімен келісім бойынша мектептерде тиісті жағдайлар болған кезде балалардың ата-аналары мен заңды өкілдерінің өтініштері бойынша мектепалды даярлық, 1-4 сыныптарда 15 балаға дейін толықтырылатын кезекші сыныптарда білім беру ұйымдарында оқыту жүргізіледі.
189. Кабинеттерде жүру, мұғалімге бару, сыныптан тыс іс-шаралар мен ата-аналар жиналыстарын өткізу шектеледі.
190. Кезекші сыныптарда оқытуды ұйымдастыру кезінде мынадай талаптардың орындалуы қамтамасыз етіледі:
1) сыныптың толымдылығы - 15 баладан аспайды;
2) сабақтың ұзақтығы - 40 минут;
3) әр түрлі сыныптар үшін әр уақыттағы өзгерістер;
4) әр сабақтан кейін кабинеттерді желдету, кварцтау;
5) әр сабақтан кейін қолды жуу және арнайы құралдарды қолдану;
6) сабақ кестесі білім беру ұйымының оқу жылына арналған жұмыс оқу жоспарына сәйкес жасалады;
7) сабақтар кестеге сәйкес өткізіледі.
191. Арнайы сыныптарда/мектептерде кезекші сыныптарды қалыптастыру ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініштері бойынша толымдылығы 12 адамнан аспайтын мектепалды даярлық және 1-4 сыныптар үшін жүзеге асырылады. Өтініштер электрондық нысанда қол жетімді байланыс құралдары арқылы осы Санитариялық қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылданады.
192. Сырқаттанушылықтың тұрақты қысқаруы кезінде мектептің, арнайы сыныптардың/мектептердің аралас форматқа біртіндеп ауысуы жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген форматқа бірінші болып мектепалды, 1-4 сынып оқушылары ауысады, 5-11 сынып қашықтықтан оқытуды жалғастырады.
193. Мектепалды, 1-4 сыныптар үшін білім беру ұйымдары ауысыммен және ауысыммен сабақ кестесін жасайды.
194. Білім беру ұйымдарында аралас форматта оқытуды ұйымдастыру кезінде мынадай талаптарды сақтау қажет:
1) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, мектепалды, 1-4 сыныптар үшін ауысымдарды ұлғайту және ауыстыру, физикалық байланыстарды қысқарту;
2) әр түрлі сыныптар үшін әр уақытта сабақтар арасында 1-4 сыныптарға арналған үзілістерді ұйымдастыру;
195. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай одан әрі тұрақты жақсарған жағдайда 5-11 сынып оқушылары штаттық режимге көшеді.
196. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған), дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың, жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, барлық сыртқы байланыстары шектелген мектеп жанындағы интернаттардың жабық режимдегі жұмысын ұйымдастыру ата-аналардың (заңды өкілдердің) өтініштері негізінде жүргізіледі.
197. Жабық форматта сабақ режимін ұйымдастыру кезінде мынадай талаптарды сақтау қажет:
1) оқу жылының басында мектеп-интернатта тұру үшін білім алушылар мен қызметкерлердің бір мезгілде келуі жүзеге асырылады;
2) білім беру ұйымының әкімшілігі жасаған және бекіткен кестеге сәйкес ауысыммен (7-14 күн) педагогикалық қызметті жүзеге асырылады (мұғалімдер, тәрбиешілер, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мамандары);
3) білім беру ұйымдары үшін белгіленген тәртіппен ауысымға түсетін педагог қызметкерлердің денсаулық жағдайын бақылауды жүзеге асырылады;
4) білім беру процесін жабық режимде жүзеге асыратын мұғалімдер, тәрбиешілер мен мамандар үшін тұру, тамақтану, педагогикалық процеске дайындалу үшін жағдайларды қамтамасыз етіледі;
5) оқу-тәрбие процесіне тікелей қатысы жоқ әкімшілік-басқару құрамының, қосалқы және техникалық қызметтердің қызметі қашықтықтан да, штаттық режимде де жүзеге асырылуы мүмкін.
6) штаттық режимде қызметті ұйымдастыру кезінде педагогикалық ұжымның, техникалық қызметтердің байланыстарын болдырмайды.
7) интернет-ресурстарды, басқа да қол жетімді байланыс құралдарын пайдалана отырып, ата-аналармен (заңды өкілдермен) қашықтық тәртіппен байланысты жүзеге асырылады;
8) сабақтың ұзақтығы - 40 минут деп белгіленеді;
9) әр түрлі сыныптар үшін әр уақыттағы үзілістер белгіленеді;
10) әр сабақтан кейін кабинеттерді желдету, кварцтау жүргізіледі;
11) әр сабақтан кейін қолды жуу және арнайы құралдарды пайдалану;
12) сабақ кестесі білім беру ұйымының оқу жылына арналған жұмыс оқу жоспарына сәйкес жасалады;
13) сабақтар кестеге сәйкес өткізіледі.
198. Білім алушының компьютерде жұмыс істеуі сабақ ұзақтығына қойылатын талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.
199. Мектепалды сыныптарда және мектептерде тікелей бейнетерминалмен, дербес компьютермен, планшетті дербес компьютермен және ноутбуктермен сабақтардың үздіксіз ұзақтығы оқу сағаты ішінде:
1) мектепалды, мектепке дейінгі топтарда / сыныптарда және 1 сыныптарда - 15 минуттан аспайды;
2) 2-3 сыныптарда - 20 минуттан аспайды;
3) 4-5-сыныптарда - 25 минуттан аспайды;
4) 6-8 сыныптарда - 25 минуттан аспайды;
5) 9-11(12) сыныптарда - 30 минуттан аспайды.
200. Компьютерлермен және ноутбуктермен тікелей жұмыс істеу ұзақтығы 2 сағаттан аспайды. Жұмыс кезеңінде профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі: әр 20-25 минут сайын көзге арналған жаттығулар және үзіліс кезінде 45 минуттан кейін дене шынықтыру үзілісі.
201. Арнайы білім беру ұйымдарында (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (бұдан әрі – ПМПК), психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде (бұдан әрі – ППТК), оңалту орталықтарында (бұдан әрі – ОО) жұмысты ұйымдастыру жергілікті атқарушы органдардың шешімі және тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің келісімі бойынша қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, қашықтықтан, штаттық режимде жүргізіледі.
202. ППТК-да ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен психологиялық-педагогикалық процесті ұйымдастыру белгіленген оқу жүктемесіне, жеке және кіші топтық бағдарламаларға, жеке кестеге және бірнеше ауысымдағы сабақ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
203. Жеке және кіші топтық сабақтарды оларды кезектестіре отырып өткізуге жол беріледі: біреуі штаттық режимде – біреуі педагогтің қашықтан қол жеткізу мүмкіндігімен қашықтықтан форматта (ұйымнан тыс).
204. ППТК-да кіші топтық сабақтар баланың ата-анасын (заңды өкілдерін) қоса отырып, 5 баладан аспайтын құрамда өткізіледі.
205. ППТК жағдайындағы сабақтардың ұзақтығы ерте жастағы балалар үшін 20-25 минутты, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар үшін 30-35 минутты құрайды. Сабақтар арасындағы аралық 10-15 минутты құрайды.
206. Емдік дене шынықтыру (бұдан әрі – ЕДШ) залда ата-аналары (заңды өкілдері) ата-анасы (заңды өкілдері) мен педагог (1-1,5 м.) арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтай отырып, сабаққа қатыса отырып өткізіледі. Сабақтарға балаларды алып жүретін адамдардың мынадай санаттары жіберілмейді:
1) расталған коронавирустық инфекциямен байланыста болғандар;
2) жүкті әйелдер;
3) 65 жастан асқан адамдар;
4) жедел респираторлық аурулардың белгілері бар адамдар. ЕДШ нұсқаушысының баламен жұмысы бір рет қолданылатын қолғаптар мен маскаларды пайдалана отырып жүргізіледі.
207. Ауырып сауыққан балаға және (немесе) ол коронавирустық инфекциямен ауыратын науқаспен байланыста болған жағдайда, ППТК-да сабақтарды жалғастыру үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы дәрігердің медициналық қорытындысы болған кезде жол беріледі.
208. ОО-да ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен оқу-дамыту және психологиялық-педагогикалық процесті ұйымдастыру белгіленген оқу жүктемесіне, жеке, топтық және топтық бағдарламаларға, жеке кесте мен сабақ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
209. Коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша санитариялық – эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін жеке және кіші топтық сабақтарды кезектестіре отырып өткізу: біреуі штаттық режимде-біреуі қашықтықтан форматта. Педагогтың қашықтан қол жеткізу мүмкіндігімен (ұйымнан тыс) қашықтан оқыту форматында сабақтар өткізу жүргізіледі.
210. Сабақтарды штаттық режимде ұйымдастыру кезінде мүмкіндігінше баламен дене байланысын шектеу, мүмкіндігінше баланың қажетті ойыншықтары мен үйдегі дидактикалық материалдары пайдаланылады.
211. РО-да кіші топтық сабақтар баланың ата-анасын (заңды өкілдерін) қоса отырып, 5 баладан аспайтын құрамда өткізіледі.
212. Сабақтың ұзақтығы ерте жастағы балалар үшін 20-25 минутты, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар үшін 30-35 минутты құрайды. Сабақтар арасындағы интервал 10-15 минутты құрайды.
213. ЕДШ сабаққа ата-ананы (заңды өкілдері) қосып, ата-ана мен педагог арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтай отырып, қатаң түрде залда өткізіледі (1-1,5 м). ЕДШ нұсқаушысының баламен жұмысы бір рет қолданылатын қолғаптар мен маскаларды пайдалана отырып жүргізіледі.
214. Ата-аналарының (заңды өкілдерінің) қалауы бойынша ОО-да 12 адамнан аспайтын күндізгі және қысқа мерзімді болу топтары штаттық режимде жұмыс істеуі мүмкін.
215. Физиопроцедураларды, массаждарды жүргізу кезінде кушеткалар арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтай отырып, бөлмеде 2-ден аспайтын баланың болуын шектеу. Баламен медициналық процедуралар бір рет қолданылатын қолғаптар мен маскаларды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
216. ПМПК балаларды консультацияға алдын ала жазылу бойынша қызметті жүзеге асырады.
217. ПМПК-да диагностикалық топ болған жағдайда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен қашықтан режимде жұмысты ұйымдастыру ОО және ППТК үшін іс-шараларға сәйкес жүзеге асырылады.

Похожие публикации:

12 ноябрь 2020 Вебинар
02 март 2020 Тамақтану
30 январь 2020 Тамақтану