Вебинар » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
ноябрь
2020

Вебинар

Қашықтықтан оқыту жағдайындағы тиімді кері байланысты ұйымдастыру жолдары
2020 жылы 06 қазан күні Балқаш ауданы N1Жамбыл атындағы орта мектебінде директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Бөртебаеваның ұйымдастыруымен "Қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылармен тиімді кері байланысты ұйымдастыру жолдары" тақырыбында вебинар өткізілді.
Вебинардың мақсаты: Қашықтықтан оқыту жағдайында сабақтар кері байланыс ұйымдастырудың маңызды мәселелері бойынша мұғалімдермен іс-тәжірибе алмасу,тиімді диалог алаңын құрып, әдістемелік қолдау көрсету және кеңес беру, кәсіби құзыреттіліктерін дамыту. Вебинарда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі З.Сауранбаева "Қашықтықтан оқыту жағдайында тиімді кері байланыс беру жолдары" тақырыбында таныстырылым жасады. Педагог-зерттеуші санатындағы орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі З.Войцеховская "Обратная связь при реализации четырех речевых навыков обучения русскому языку", математика пәні мұғалімдері Д.Батыршаева, Т.Фазылова, А.Алимбаева " Қашықтықтан оқыту жағдайында математика сабағында тиімді кері байланыс беру"тақырыптарында шебер- сынып өткізді.Вебинар жұмысына аудан мектептерінен 45 педагог қатысты. Вебинар соңында қатысушылармен кері байланыс ұйымдастырылып, рефлексия жасалды. Вебинар жұмысына оң баға берілді.