Бұйрық №345 13.08.2020ж » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
ноябрь
2020

Бұйрық №345 13.08.2020ж

№ исх: 345 от: 13.08.2020


Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы «13» тамыздағы
№ 345 бұйрығына 1-қосымша




Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында ұйымдстырылған оқу қызметтерін ұйымдастыру бойынша
әдістемелік ұсынымдар

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде ұйымдстырылған оқу қызметтерін (бұдан әрі - ҰОҚ) ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі - Әдістемелік ұсынымдар) балабақшада қашықтан оқытуды ұйымдастыру және жаңа оқу жылын ұйымдасқан түрде бастау үшін оңтайлы жағдайлар жасау мақсатында әзірленді.
2. Мектепке дейінгі ұйымдарда (бұдан әрі - МДҰ) ҰОҚ қызмет түрін ұйымдастыру санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларға байланысты анықталады:
1) ұйымдастырылған оқу қызметі (кеңестер) қашық форматта;
2) кезекші топтардың жұмысын ұйымдастыру;
3. Ұйымдастырылған оқу қызметін (кеңестер) ұйымдастыру қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, үй жағдайында балаларға материалдар ұсынылады, ата-аналардың жетекшілігімен педагогтердің тапсырмаларын үйренеді және орындайды (ересек, мектепалды топтары/сыныптары).
4. Ата - аналардың өтініші бойынша кезекші топтарды ұйымдастыру-тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің келісімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімдері негізінде санитарлық талаптарды сақтай отырып, штаттық режимде оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру нысаны.

2- тарау. Қашықтықтан оқыту форматындағы сабақтарды (консультацияларды) ұйымдастыру тәртібі

5. Қашықтан оқыту режимінде тәрбиеленушілерге бейнесабақтар өткізу ата-аналар қауымдастығының сұраныстарын және әлеуметтік тапсырысты орындауды, сондай-ақ қашықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы тәрбиеленушілердің ата-аналарын қолдауды қанағаттандырады.
1) Мектеп (шағын орталық болған жағдайда) және мектепке дейінгі ұйым басшыларына ата-аналардың (балалардың заңды өкілдерінің) хабардар болуын қамтамасыз ету және ересек, мектепалды даярлық балаларын қашықтан оқытуды ұйымдастыру (ата-аналардың қалауы бойынша):
- қашықтан оқытудың барлық қатысушыларының (педагогтер, тәрбиеленушілер, балалардың ата-аналары/заңды өкілдері) ересек, мектепалды даярлық балаларын қашықтан оқытуды ұйымдастыру туралы сабақтың басталу күнін көрсете отырып хабардар болуын;
- мектепалды топтар мен сыныптардың педагогтарында қашықтықтан оқытуды жүргізу үшін әр отбасында қолжетімді байланыс түрлерінің, интернет-ресурстардың тізімінің болуы;
- «Сауат ашу негіздері», «Математика негіздері»,«Қоршаған ортамен танысу» бойынша (күніне бір сабақ) педагогтердің қашықтан кіріктірілген сабақ кестесін құруын;
- педагогтердің демонстрациялық материалдарды, дидактикалық ойындарды және т. б. кеңінен қолдана отырып,ҰОҚ конспектілерін (оқыту бейнесабақтары) әзірлеуін;
- ересек, мектепалды даярлық (топтары) сыныптарының педагогтері әлеуметтік желілерде (WhatsApp, Facebook, Instagram және т.б.) топтар құрады, жас топтарын ескере отырып, бейнесабақтар, мультфильмдер, аудио-ертегілер орналастырылады;
- ата-аналар сабақ барысында, баланың сабақты қабылдауы туралы және т. б. барлық сұрақтарды нақтылау үшін кері байланыс арқылы ата-аналармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
- топтардың, сыныптардың контингентін бекіту, кестені, жұмыс кестесін, күн тәртібін жасау;
- еңбек заңнамасына сәйкес мектепке дейінгі ұйымның тыныс-тіршілігін және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлердің (әкімшілік, техникалық персонал) еңбек функцияларын қашықтықтан айқындау.
2) Басшының орынбасарлары, әдіскерлер:
- мектепалды жастағы балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын меңгеруіне бағытталған қашықтықтан оқытуды ұйымдастырады;
- педагогтармен бірге ересек топ, мектепалды жастағы балаларды қашықтықтан оқытуды қамтамасыз етеді;
- жұмысты ұйымдастыру туралы барлық қашықтан оқытуға қатысушылардың (педагогтар, тәрбиеленушілер, балалардың ата-аналар/заңды тұлғалар) белсенді ақпараттандырылуына ықпал етеді;
- қажет болған жағдайда балаларды қашықтан оқыту нәтижелерімен бейне талқылау жүргізеді;
- тәрбиеленушілердің қозғалысы, балабақша педагогтарының сапалық құрамы, материалдық база, балабақшаның техникалық қызметкерлері туралы мәліметтерді және басқаларды ҰБДҚ толтырады;
- ҰОҚ кестесін құрады;
- педагогтардың қызметін ұйымдастырады;
- топтың (кіші және мектепке дейінгі) тәрбиеленушілерінің ата-аналарымен жеке кеңестерді жүргізеді;
- тәрбиеленушілердің ата-аналарына (заңды өкілдерін) балабақшада қолданылатын білім беру платформасы, сабақ кестесі туралы хабардар етеді.
3) Педагогтар:
- қашықтан оқыту нәтижелерін ескере отырып, ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектілеріне үнемі түзету жүргізеді;
- бекітілген оқу кестесіне сәйкес қашықтықтан ұйымдастырылған оқу қызметін өткізеді;
- топтың тәрбиеленушілері (кіші және мектепке дейінгі соның ішінде ерекше білімді қажет ететен балалар) мен ата-аналармен жеке кеңестерді жүргізеді;
- қашықтықтан оқытудың барлық қатысушыларымен кері байланысты қамтамасыз етеді.
6. Қашық форматтағы ұйымдастырылған оқу қызметтеріне ұсынымдар:
1) Ересек, мектепалды тобы мен сыныптарында Санитариялық қағидаларға сәйкес 15 минуттан артық емес қашықтан форматта сабақтар жүргізеді.
2) Тәрбиеші тәрбиеленушілердің ата-аналарына әрекет алгоритмі жазылған жаднама ұсынып, оларды стриминг режимінде ҰОҚ алдын ала дайындауы керек.
ҰОҚ дейін:
- өз құрылғысына қолжетімді қосымшаны жүктеу;
- қосымша құралдардың жұмысын тексеруі (микрофон, бейне, экранды көрсету және т. б.);
- тіркелу үшін өзінің тегі мен атын, жас тобын/сыныбын пайдалану;
- ҰОҚ алдында 10-15 минут бұрын платформаға қосылуды тексеру.
ҰОҚ уақытында:
- бөгде дыбыстардың болмауын қамтамасыз етуі;
- микрофонның жұмыс істеуін қадағалауы (қажет болған жағдайда ғана қосу);
- бейненің көрінуін бақылауы;
- әдептілік мінез-құлық нормаларын сақтауы;
- платформа құралдарын дұрыс қолдануы (қажет кезде: педагогке (ата-анаға) хабарлама жазу, бейне/аудио немесе презентацияны қосу) қажет.
Ересек, мектепалды топтары мен сыныптарында сабақты синхронды форматта оқыту заманауи мүмкіндіктерді (Zoom, Skype, Facebook және т.б.) пайдалана отырып, педагогтің ата-аналармен және тәрбиеленушілермен нақты бір уақытта тікелей байланыста болуын көздейді. Тәрбиеші стримингке шығу үшін ҰОҚ белгілі бір бөлігін бөліп көрсете алады, ҰОҚ қалған бөлігін бейсинхронды форматта өткізе алады.
Сабақтың асинхронды форматы педагогтың ата-аналармен және тәрбиеленушілермен электрондық платформалардың мүмкіндіктері арқылы өзара іс-қимылын білдіреді.
7. Қашықтан оқыту үшін электрондық білім беру платформаларын қолдануға ұсынымдар:
Қашықтан оқыту үшін интернет-платформалар мен электрондық білім беру платформаларын, сондай-ақ, электрондық поштаны, басқа да байланыс құралдарын пайдалану ұсынылады.
- Білім беру Оnline.edu.kz платформасында ашылған парақшасында жас топтарын ескере отырып, бейне-сабақтар, мультфильмдер, аудио-ертегілер үлгілері, сондай-ақ мектепалды топтар мен сыныптарға арналған бейне-сабақтар үлгілері орналастырылған.

3 - тарау. Кезекші топтардың жұмысын ұйымдастыру

8. Кезекші топтардың жұмысы санитарлық талаптарды қатаң сақтаған жағдайда, оның ішінде осы тәртіпке сәйкес ата-аналардың (балалардың заңды өкілдерінің) өтініштері негізінде жүзеге асырылады. Өтініштер электрондық нысанда қолжетімді құралдар арқылы қабылданады (1-қосымша).
Кезекші топқа баруға ниет білдірген жағдайда балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері мектепке дейінгі ұйым басшысының атына өз ниеті туралы өтініш жазады және оны қол жетімді байланыс құралдары арқылы тәрбиешіге жібереді.
Тәрбиеші өтінішті әкімшілікке береді.
Мектепке дейінгі ұйымның әкімшілігі тәрбиешілерден берілген өтініштер негізінде 15 балаға дейінгі кезекші топтарды құрады.
Кезекші топтардың контингенті, кестесі, жұмыс кестесі, педагогикалық құрамы педагогикалық кеңестің отырысында бекітіледі, қажет болған жағдайда өзгерістер енгізіледі.
Кезекші топтардағы білім беру процесі мектепке дейінгі ұйымның бекітілген жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Балаларды қабылдау балабақшаның медицина қызметкерінің баланың денсаулық жағдайын тексерумен жүзеге асырылады.
Балабақшаның барлық қызметкерлерін және балалардың медицина қызметкері күн сайын таңертеңгі фильтрден өткізеді. Ауру белгілері анықталған жағдайда қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді, балалар ата-аналарымен үйіне қайтарылады.
Созылмалы аурулары жоқ балаларды кезекші топқа жіберу ұсынылады (өті
ніште көрсетіледі).
Кезекші топтарға баруды таңдау құқығы балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне тиесілі.
Таңдау құқығын ата-аналар немесе балалардың заңды өкілдері балабақша басшысының атына өтініш беру арқылы білдіреді.
Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларын кезекші топтарға апара отырып, індеттің таралмауына барлық шараларды қолданады, олардың қоғамдық ортада болатынына және коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупі бар екендігіне түсіністік танытады.
Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларын санитарлық қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етеді: қол орамалдар, дымқыл бактерияға қарсы майлықтар мен маскалар (5 жастан бастап).
Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларына әлеуметтік қашықтықтың қажеттілігі туралы түсіндіреді.
Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларын балабақшаның сыртқы кіретін есігіне дейін ертіп апарады, балабақша кіріберісінде тәрбиеші балаларды қабылдайды.
10. Балабақша дезинфекциялау құралдарының қорымен қамтамасыз етіледі (кіре берістегі дезинфекциялау кілемшесі, санитайзерлер, ылғалды, дезинфекциялық жинауды қамтамасыз етуге арналған құралдар).
11. Мектепке дейінгі ұйымда қамтамасыз етіледі:
- тәрбиеленушілер мен педагогтердің, басқа да қызметкерлердің физикалық байланыстарын қысқарту;
- әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету үшін ойын алаңдарын барынша пайдалану;
- кіреберісте тәрбиеленушілер мен ата-аналардың дене қызуын күн сайын өлшеу;
- топтарды, дәліздерді, холлдарды және басқа да үй-жайларды әрбір сабақтан кейін ылғалды жинау, ажыратқыштарды, есік тұтқаларын, сүйеніштерді, баспалдақтың араларын, терезенің алдын дезинфекциялау;
- медициналық кабинеттер мен оқшаулау бөлмесінің жұмыс істеуі (күн сайын дене қызуын өлшеу, ауру белгілерін анықтау, ауырғандар анықталған жағдайда оқшаулау, барлық топты қашықтан тәрбиелеу және оқытуға көшуді қамтамасыз ету, топтағы балалардың жағдайын бақылау, топты штаттық режимге қайтару);
- балалардың кіруі мен шығуы үшін балабақшаның әр жас тобында жеке кіру және шығу есіктері падаланылады.
12. Кезекші топтардың жұмыс істеуіне ұсынымдар:
1) топтардың толымдылығы - 15 баладан артық емес;
2) балалар үстелдерін 1 метр қашықтықта орналастыру;
3) әрбір ҰОҚ кейін кабинеттерді желдету, кварцтау;
4) әрбір ҰОҚ кейін қолды жуу және арнайы құралдарды пайдалану.
Тәрбиеші МДҰ-ға бару мәселесі бойынша ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді (жұмыс тәртібі, жас топтары, денсаулық жағдайы, тиісті киім-кешек, күн тәртібін сақтау және т. б.), баланы алдын ала алып келу, өйткені балаларды қабылдау белгілі бір уақытты алуы мүмкін);
Кезекші топтардағы сабақтар үлгілік оқу бағдарламалары мен оқу жоспарына сәйкес кесте бойынша өткізіледі.
Ұйқы, демалыс, тамақтану, ұйымдастырылған оқу қызметі режимі сақталады.
Оқу күні аяқталғаннан кейін ата-аналар немесе заңды өкілдер балаларды алып кетеді, тәрбиеші (бала күтуші) баланы шыққанға дейін ертіп жүреді.

4-тарау. Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, бейне сабақтарды әзірлеу бойынша ұсыныстар

13. Жалпы ұсынымдар:
- Ұйымдастырушылық
- МЖБС мен үлгілік бағдарламаға сәйкестігі;
- дидактикалық қағидаларды жүзеге асыру;
- ақпараттық-коммуникативтік және мультимедиялық технологияларды тиімді пайдалану.
- аудиовизуалды құралдар: графика, аудио, бейнематериалдар, презентациялар;
- тәрбиеленушінің кез келген уақытта көру мүмкіндігі (офлайн-режим);
- бейнежазба ұзақтығы - 15 минуттан аспайды.
2. ҰОҚ мазмұны:
- «классикалық» (баяндау) және стандартты емес стильдердің үйлесімі;
- түсіру мен таңбаны толтырудың үйлесімді қатынасы (экрандар және т.б.);
- слайдтар саны – бір ҰОҚ 2-3 слайд.
3. Эмоционалды фон:
- тәрбиешінің дауысы қалыпты, жағымды, дыбысталуы қабылдауға жетерлік, анық сөйлейді, дикциясы жақсы;
- баяндауы түсінікті, еркін, жетерлік шамада эмоционалды (қатысу эффектісі) баяндау қарқыны жылдам емес;
- психологиялық әсер: айтылатын мәтіннің стилі мен дыбысталуы, жеке сөйлемдердің үйлесімділігі, эмоционалды ынта, кідіріс;
- сәйкесінше (эмоционалды) музыкалық сүйемелдеу;
4. ҰОҚ дизайны:
- түс фоны тұрақты-түс гаммасына жақын үш түстен тұрады;
- дыбысы анық ( бөгде дыбыстарсыз), дыбыстың біркелкі естілуі.
5. Педагогтың дайындық деңгейіне ұсынымдар:
Психологиялық –педагогикалық дайындық:
- тәрбиеленушілердің жас және психологиялық ерекшеліктерін білу;
-электрондық оқыту ресурстарын әзірлеуге және құруға қойылатын талаптарды білу;
Әдістемелік дайындық:
- электрондық білім беру материалдарын әзірлеу мен қолданудың әдістемелік тәсілдерін меңгеру;
- стандартты емес жағдайларда сабақтың мақсаттарын анықтау және жүзеге асыру;
IT-технологиялармен жұмыс істеу дағдылары:
- IT-құзыреттіліктердің болуы;
- электрондық білім беру ресурстарын әзірлеу және қолдану дағдылары.
Бейнесабақтарға қойылатын талаптар:
Ұйымдастырушылық:
- ұзақтығы: 15 минуттан аспайды;
- икемді жеке кесте;
- кез келген уақытта қарау мүмкіндігі.
Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты жақсарған кезде санитариялық талаптарды сақтай отырып, мектепке дейінгі ұйымның штаттық режимде жұмыс істеуге біртіндеп көшуі жүзеге асырылады.







Коронавирустық инфекцияның таралуына
жол бермеуге байланысты
шектеу шаралары кезеңінде
мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында оқу
қызметтерін ұйымдастыру
бойынша әдістемелік ұсынымдарға
1- қосымша

Ата-аналар өтініші нысаны


Кімге __________________
Аты-жөні _______________
Кімнен_________________
осы мекенжайда тұратын__
Телефон ________________


ӨТІНІШ
Менің ұлым (қызым) толық аты-жөні, тобы _____________________________________________________________________ кезекші топқа. Менің баламда созылмалы аурулар жоқ. Мен карантиндік және шектеу іс-шаралары кезеңінде менің баламның мектепке дейінгі ұйымға бару шарттарымен таныстым және келісетінімді хабарлаймын. Өз баламның санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өз міндеттерімді орындауға міндеттенемін.


Күні ___________
Қолы __________















Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы «13» тамызда
№ 345 бұйрығына 2-қосымша



Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыруға жөніндегі осы Әдістемелік ұстаным (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде қашықтан оқытуды ұйымдастырудың оңтайлы жағдайларын және орта мектепте жаңа оқу жылының ұйымдасқан түрде басталуын қамтамасыз ету мақсатында жасалынған. Әдістемелік ұстаным меншік түріне қарамастан барлық білім беру ұйымдарында пайдаланылады.
2. Орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру нысаны санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты анықталады:
1) Білім алушылардығ, педагогтердің және басқа қызметкерлердің денсаулығын сақтау мақсатында оқу процесі мектеп алдындағы, 1-11 (12) сыныптарда қашықтық форматта ұйымдастырылатын болады.
2) Жалпы орта білім беретін мектептердің 1-4 сынып оқушыларына әр сыныпқа 15 балаға дейін кезекшілік сыныптар ашуға рұқсат етіледі. Мектептерде тиісті жағдайлар болған жағдайда, ата-аналардың немесе балалардың заңды өкілдерінің өтініші бойынша білім алушылар қабылданады.
3) 5-тен 180 адамға дейін контингенті бар шалғайдағы ауыл мектептерінде, санитариялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, сыныптарда балалар саны 15 адамға дейін штаттық режимде оқыту жүзеге асырылады.
4)Халықтың сырқаттанушылық деңгейінің тұрақты төмендеуіне байланысты санитарлық талаптарды сақтай отырып, мектептердің аралас және штаттық оқыту форматтарына біртіндеп көшуі жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген форматқа бірінші болып 1-4 сынып оқушылары санитарлық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтай отырып көшеді. Мектепалды, 5-11 сыныптар қашықтан оқытуды жалғастырады. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай одан әрі тұрақты жақсарған жағдайда мектепалды, 5-11 сынып білім алушылары қатаң санитариялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, штаттық режимге көшеді.
5) Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттарда (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға) ата-аналардың өтініштері негізінде, тиісті жағдайлар болған жағдайда, қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, барлық сыртқы байланыстарды шектей отырып, жабық режимде жұмыс ұйымдастырылатын болады.
6) Мектеп қашықтан оқытудан штаттық режимге ауысқан кезде білім алушылар ата-аналарының қалауы бойынша қашықтан оқытуды жалғастыруы мүмкін. Ол үшін ата-аналар 1-қосымшада ұсынылған үлгі бойынша өтініш беруі керек.
3. 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін мектептерде мәдени-бұқаралық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар толығымен тоқтатылады.
4. Директормен кездесулер, педагогикалық кеңестердің мәжілістері, ата-аналар жиналыстары және т.б. қашықтық форматта өтеді.
Оқу форматына қарамастан, қазақ және орыс тілдерінде оқитын оқушыларға мұғалімдер мен ата-аналардың көмегімен 1-11 сыныптардан бастап республикалық «Ел-Арна», «Балапан» теледидарлық сабақтары арқылы оқу мүмкіндігі беріледі. Теледидар сабақтары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми арналарында ақысыз көрсетіледі. Теледидар сабақтары қосымша білім беру ресурсы ретінде қолданылады.
Білім беру ұйымдарының жұмысы штаттық режимде: кезекші сыныптардың жұмыс істеуі, бір сыныпқа 15 балаға дейін жұмыс жасайтын ауылдық мектептердің жұмысы, арнайы мектеп-интернаттардың, жалпы мектеп-интернаттардың жұмысы ата-аналардың немесе балалардың заңды өкілдерінің өтініші бойынша тиісті аумақтық бас мемлекеттік дәрігермен келісімімен жергілікті атқарушы органдардың шешімі негізінде жүргізіледі.


2-тарау. Жалпы білім беру ұйымдарындағы оқу процесін ұйымдастыру

5. Оқу процесін қашықтық форматында ұйымдастыру үшін мектеп мұғалімдердің негізгі сұраныстарына сәйкес келетін функционалдылық тұрғысынан ең қолайлы инфрақұрылымы мен білім мазмұны бар Интернет-платформаны таңдайды.
Қашықтан оқыту процесі синхронды және асинхронды форматтарда, Санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормалар (бұдан әрі – СанҚжН) талаптарын және оқу уақытын ұтымды пайдалануды ескере отырып өтеді. Бұл жағдайда сабақтар екі форматты біріктірумен немесе тек асинхронды форматта өткізілуі мүмкін.
6. Сабақтың синхронды форматындағы оқыту мұғалімнің қазіргі заманғы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, нақты уақыт режиміндегі білім алушылармен тікелей байланысын (стриминг) көздейді.
7. Педагог стримингке шығу үшін сабақтың белгілі бір бөлігін (30-80%) арнайды, сабақтың қалған бөлігін асинхронды форматта өткізе алады.
8. Сабақтың асинхронды форматы – электронды платформалардың мүмкіндіктері арқылы мұғалімнің білім алушылармен өзара әрекеттесуі, мұндай формат өз бетінше оқуға арналған контент және оған мұғалімнің кері байланысын көздейтін оқу тапсырмаларынан тұрады.
9. Оқу процесін қашықтан (синхронды және асинхронды формат) ұйымдастыру үшін мектеп барлық педагогтер мен білім алушылар үшін электрондық платформаларға қосылуы тиіс.
10. Мектептегі сабақ кестесі білім алушылардың шамадан тыс жүктемесін болдырмау мақсатында Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына, Үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес барлық сыныптар үшін оқу күні мен апта бойы синхронды және асинхронды форматтағы сабақтардың кезектесуін ескере отырып жасалады.
11. Синхронды форматтағы сабақтар бойынша ұсынымдар
1) Тікелей трансляцияда синхронды формат негізінде оқыту үшін оқу процесін асинхронды оқыту форматымен үйлестіре отырып, СанҚжН-ға сәйкес сабақтың 10-нан 30 минутқа дейінгі уақытын бөлуге болады.
2) Мұғалім білім алушыларды стриминг режимінде сабаққа алдын-ала дайындап, оларға іс-қимыл алгоритмі бар жадынаманы беруі керек.
Сабаққа дейін:
- құрылғыға ХХХ қосымшасын жүктеңіз;
- қосымша баптауларының жұмысын тексеріңіз (микрофон, видео, экран демонстрациясы және т.б);
- сабақ алдында 10-15 минут ішінде платформаға қосылуды тексеріңіз;
- тіркеу үшін өзіңіздің аты-жөніңізді, сыныбыңызды пайдаланыңыз;
Сабақ кезінде:
- бөгде дыбыстардың болмауын қамтамасыз етіңіз;
- микрофон режимін қадағалаңыз (қажет болған жағдайда ғана қосыңыз);
- бейне режимді бақылаңыз;
- этикалық мінез-құлық нормаларын сақтаңыз;
- платформа құралдарын дұрыс пайдаланыңыз (қажет болған жағдайда: мұғалімге немесе чатқа барлығына хабарлама жазу, бейне/аудио немесе презентацияны қосу, «қолды көтеру», «иә/жоқ», «бас бармақ» және т.б. батырмаларды басу).
3) Қысқа мерзімді сабақ жоспарын әзірлеу және іске асыру кезінде мұғалім оқу мақсатына байланысты сабақтың синхронды және асинхронды бөлігі үшін мазмұны мен уақытын ұтымды бөлуі керек. Техникалық проблемалар туындаған және тікелей эфирге шығу мүмкін болмаған жағдайда мұғалім сабақты асинхронды форматқа ауыстырады.
4) Сабақтың синхрондық форматтағы сабақ құрылымына енеді:
-қамтылған материалдың қысқаша мазмұны: жаңа тақырыпты түсіндіру үшін қажетілігі бойынша логикалық байланысқан алдыңғы тақырыптардың негізгі бөлімін мазмұндау;
- білімалушылардың назарын жаңа материалды оқып үйренуге қажет болуы мүмкін білім мен дағдыларға аудару;
- жоспарға сәйкес жаңа материалды таныстыру;
- материалды бекіту бойынша ұсынымдар.
5) Сабақтың мазмұны келесі талаптарға сай болуы керек:
- ақпаратты нақты құрылымдау: тапсырыс беру, жүйелеу;
- негізгі дидактикалық принциптерді ескеру: ғылыми сипат, көріну, қол жетімділік, саналылық, теория мен практика арасындағы байланыс, циклдік, танымал ғылыми презентация, оқу материалының эстетикасы;
- теледидар, ақпараттық-коммуникациялық және мультимедиялық технологиялар саласындағы заманауи әлемдік жетістіктерге сәйкестігі;
- қабылдауды ескере отырып, аудиовизуалды ақпараттың жеткілікті көлемі мен әсер ету ұзақтығы;
- түрлі ақпараттық оқу материалдарын қолдану: мәтін, презентациялар, графика, медиа, суреттер, кестелер, инфографика және басқалар.
6) Оқу тапсырмалары ұсынылған көлемнен аспайды, орындау алгоритмімен және электронды оқу материалына қажетті сілтемелермен бірге жүреді (IV бөлім).
7) Мұғалім белгіленген тәртіппен кері байланысты қамтамасыз етеді; электрондық журналдар болмаған жағдайда кері байланыс мұғалімнің еркі бойынша байланыстың қолжетімді түрлері арқылы жүзеге асады;
8) Мұғалім сабақ жазбасын сақтайды және білім алушыларғв кез-келген уақытта материалдарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
9) Стримингке шығу мүмкіндігі болмаған жағдайда педагог сабақтарды тек асинхронды форматта өткізеді.
12. Асинхронды форматтағы сабақтар бойынша ұсынымдар
1) Асинхронды форматтағы сабақ мұғалім білімалушылармен электрондық платформалардың мүмкіндіктері арқылы өзара әрекеттескенде жүзеге асырылады. Сабаққа арналған оқу тапсырмаларын электрондық платформалардың мазмұны мен мүмкіндіктерін ескере отырып мұғалім әзірлейді. Оларға электронды оқулықтар, бейнелер, шеберлік тренажерлері, білімді бақылау ресурстары және басқалары кіретін цифрлық білім беру ресурстары жатады.
2) Педагог асинхронды форматтағы сабақ дайындау барысында:
- сабақтың түрін, мақсатын анықтайды;
- сабақтың мақсатына сәйкес оқу материалын дайындайды (электронды оқулықтар, бейнематериалдар, ТВ-сабақтар, презентациялар және т. б.);
- оқушыға өздігінен оқуы үшін оқу материалын ұсынады;
- білім алушыларға кез келген уақытта қайта қарауға электронды платформада орналастырылған немесе мұғалім жазған теледидар сабағын немесе бейне сабағын көруге мүмкіндік береді;
- Интернет-платформаларда орналастырылған қол жетімді сандық білім беру ресурстарын ұсынады;
- оқу тапсырмаларын сабақтың мақсатына сәйкес ұсынылған көлемге сәйкес, орындау тәртібі мен уақыт шығындарын, сондай-ақ білім алушылардың жеке мүмкіндіктері мен ерекше қажеттіліктерін ескере отырып әзірлейді;
- электрондық платформалар немесе электрондық пошта мүмкіндіктері арқылы қажетті сілтемелер бере отырып, жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын егжей-тегжейлі сипаттай отырып, білім алушыларға оқу тапсырмасын жібереді;
- орындалған жұмыстарды қабылдайды және білім алушыларға белгіленген тәртіппен кері байланысты жүзеге асырады, электрондық журналдар болмаған жағдайда кері байланыс мұғалімнің еркі бойынша байланыстың қолжетімді түрлері арқылы жүзеге асады;
- қажет болған жағдайда білім алушыларға, оның ішінде ерекше білім алуға қажет ететін балаларға жеке кеңес береді.
13. Білім алушыларға сабақ оқу күнін ұйымдастыру үшін ұсынымдар:
1) Оқушылар синхронды және асинхронды форматта ескере отырып, сабақ кестесін сақтайды және сабақ күнін жоспарлайды.
2) олар белгіленген кестеге сәйкес материалдарды оқиды және пәндер бойынша оқу тапсырмаларын орындайды.
3) Жауаптарды электрондық платформаның мүмкіндіктері арқылы тіркеледі немесе электрондық пошта арқылы жіберіледі.
4) Мұғалімнің тапсырмалар бойынша түсініктемелерін оқып, оның ұсыныстарын орындайды.
5) Сынып жетекшісімен байланыста болады.
6) мұғалімдермен кез-келген қол жетімді режимде жұмыс істейді, егер қажет болса, туындаған сұрақтарды мұғалімге жібереді.
7) Компьютерлік техникамен үздіксіз жұмыс істеу ұзақтығына қатысты санитарлық нормаларды сақтайды.
14. Электрондық оқу материалдарын қолдану бойынша ұсыныстар:
1) Цифрлық білім ресурстары (ЦБР) - компьютерлік технологиялар негізінде жасалынған және енгізілген оқу құралдарының жиынтығы, соның ішінде цифрлық білім беру ресурстары (ЦБР) - цифрлық технологиялар негізінде құрылған және жұмыс істейтін ресурстар.
2) Оқу процесінде мұғалімдер қолданатын ЦБР келесі талаптарға сай болуы керек:
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен таратуға тыйым салынған ақпарат болмауы керек;
-- үшінші тұлғалардың ар-намысы мен қадір-қасиетін, құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қозғайтын ақпарат бар ЦБР-ны пайдалануға жол берілмейді;
- мазмұны оқу нәтижелеріне, білімнің тиісті деңгейіне арналған оқу жоспарына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне арналған Мемлекеттік білім стандарты талаптарына сәйкес келеді;
- әртүрлі діни, этникалық және мәдени топтардың өкілдеріне толеранттылықпен қарау қағидаттарын ұстанады, этносаралық және конфессияаралық диалогқа араласпайды;
- білім алушылардың жынысына, ұлтына және тұрғылықты жеріне қарамастан қол жетімді және түсінікті;
- қазіргі ғылыми білімнің негіздеріне қайшы келмейді;
-: білім деңгейі, пән, оқу деңгейі, бақыланатын мазмұн элементтері, мазмұн түрі дұрыс таңдалған;
- суретте су белгілері мен сыртқы жазулар жоқ;
- автор және (немесе) қарызға алынған материалдың көзі көрсетіледі;
- ЦБР тәуелсіз танымдық мәнге ие;
- материалды таныстыру бірізділік пен дәйектілікпен сипатталады.
15. Қашықтан оқыту режиміндегі мектеп әкімшілігі мен педагогтердің функциялары
1) Білім беру ұйымының басшысы:
- жұмыс сапасына бағытталған басқару шешімдерін қабылдайды;
- қашықтан оқытуды ұйымдастыру жөнінде тиісті бұйрық шығарады;
- барлық педагогтер мен білім алушыларға заманауи талаптарға сәйкес келетін электрондық платформаларға қосылу мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
- мектеп оқушыларын компьютерлік техникамен қамтамасыз етуді және Интернет пен қосылуын бақылайды;
- сабақтың құрамын, сабақ кестесін, жұмыс кестесін, мектептің оқытушы құрамын педагогикалық кеңестің отырысында 28 тамыздан кешіктірмей бекітеді;
- білім беру процесінің ұйымдастырылуына, оның ішінде қашықтық форматта тұрақты бақылауды мен ұжайы мониторингті жүзеге асырады
- мұғалімдердің оқу жүктемесінің жұмыс оқу жоспарынан асып кетуіне жол бермей, тарифтік тізімге және мектептің 2020-2021 оқу жылына арналған оқу жұмыс жоспарына сәйкес бөледі;
- еңбекақы төлемін сақтай отыра, қызметкерлерге еңбекақы төлеу кезінде қашықтықтан форматта оқу процесін қамтамасыз ету бойынша еңбек функцияларын қайта бөледі;
- қашықтағы форматта ұйымның өмірлік белсенділігі мен қызметін қамтамасыз ететін қызметкерлердің еңбек функцияларын анықтайды (әкімшілік, техникалық персонал);
- білім беру ұйымының қызметкерлерін функцияларды қайта бөлумен таныстырады.
2) Білім беру ұйымы басшысының орынбасарлары:
- білім алушылардың қозғалысы, мектеп педагогтерінің сапалық құрамы, материалдық базасы, мектептің техникалық персоналы және т.б. туралы мәліметтерді Білім беру дерекқорының базасын (бұдан әрі – ҰБДҚ) толтырады;
- Санитариялық-эпидемологиялық қағидалар мен нормалар (бұдан әрі - СанҚжН) талаптарын ескере отырып және оқу уақытын ұтымды пайдалана отырып, синхронды және асинхронды форматта қашықтан оқыту процесін ұйымдастырады;
- білім алушылардың шамадан тыс жүктемесін болдырмау мақсатында барлық сыныптар үшін оқу күні мен апта бойы синхронды және асинхронды форматтағы сабақтардың кезектесуін ескере отырып, сабақ кестесін түзеді;
- бекітілген кестеге сәйкес педагогтердің қызметін және олармен кері байланысты ұйымдастырады.
3) Сынып жетекшісі:
- білім алушылардың қашықтан оқытуға техникалық мүмкіндіктері мен дайындығына мониторинг жүргізеді (компьютердің, Интернеттің болуы және басқа электрондық платформаларға қолжетімділік);
- білім алушылар мен олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне): мектеп пайдаланатын білім беру платформасы туралы, сабақ кестесі туралы хабарлайды;
- сабақ үшін қажетті жағдайлар туралы мәселені түсіндіреді (жұмыс орнын және жабдықтарды қамтамасыз ету, тыныштықты сақтау, жұмыс жағдайын қамтамасыз ету, бөгде шуды болдырмау, білім алушы бөлмесінде басқа балалардың немесе жануарлардың болмауы);
- стриминг режимінде сабақ кезінде білім алушылардың мінез-құлық ережелерін түсіндіреді;
- сынып білім алушылары арасынан кезекшіні тағайындайды, ол сабақты синхронды форматта өткізу кезінде сыныптағы тәртіпті қадағалайды.
4) Педагогтер:
- оқушылардың назарына сабақтың форматы және оқу процесін ұйымдастыру ережелері туралы ақпарат береді;
- бекітілген кестеге сәйкес оқу процесін жүзеге асырады
5) Студент-практиканттарының жұмысын ұйымдастыру:
Студент-практикант-ассистент мұғалімнің көмекшісі болып табылады.
Сабақта студент-практикант:
- оқушылардың сабаққа дайындығы зерттеуі;
- сабақта тәртіпті бақылауы;
- әр түрлі тапсырмалардың, оның ішінде дербес тапсырмалардың уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асыруы;
- сабақта кері байланысты қамтамасыз етуі;
- әр түрлі білім беру платформаларында топтық чат, бейнеконференция құру, байланысты қосу және тексеруі;
- демонстрациялық материалдарды (мәтіндік материалдар, презентациялар, суреттер және т. б.) дайындау және таратуы;
- денсаулық сақтау жаттығулары, физикалық минуттар, өзгерістерді профилактикалық іс - шараларды өткізуі;
- білім алушылармен, педагогтермен, ата-аналармен немесе заңды өкілдермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруға қатысуы;
- білім алушыларға, ата-аналарға кестедегі өзгерістер туралы, білім алушыларға кері байланыс беру туралы оқу барысы мен оқу нәтижелері туралы хабарлауы тиіс.

2.1 Білім беру платформаларына қойылатын ең төменгі талаптар

16. Білім беру ұйымы таңдаған білім беру платформасы келесі талаптарға сай болуы керек:
- қашықтықтан оқыту кезінде сабақты дамытуға және толықтыруға икемді құралдардың болуы;
- білім алушылардың бірлескен жұмысын қолдау (форумдар, чаттар, құжаттармен жұмыс, презентациялар және т.б.);
- Интернет (Веб-портал) арқылы білім беру платформасының қызметтеріне қол жетімділік;
- ағын режимін қамтамасыз ету;
- мұғалімдер мен білім алушыларға бірыңғай кіру нүктесін ұсыну;
- барлық оқу кезеңінде әр білім алушының білім деңгейі мен нәтижелерінің динамикасын көрсету;
- дербес компьютерлерге арнайы бағдарламалық жасақтаманы орнатудың қажеті жоқ;
- тегін мобильді қосымшаны орнату мүмкіндігі;
- кез-келген құрылғыда (компьютерлерде, планшеттерде, смартфондарда) жұмыс істеу мүмкіндігі.
- интуитивті және қолданушыға ыңғайлы интерфейс;
- пайдаланушының қажеттіліктеріне жауап беретін білім алушының барынша ыңғайлы және түсінікті жеке кабинеті.
- (кең жолақты) сыммен немесе сымсыз (3G немесе 4G / LTE) интернетке қосылу;
- динамиктер және микрофон – кіріктірілген немесе USB немесе сымсыз Bluetooth;
- веб-камера немесе HD-веб-камера - кіріктірілген немесе USB;
- HD-камера немесе видеозахват картасы бар HD-бейнекамера.
Жоғарыда аталған бағдарламалар қашықтықтан оқыту процесінің мониторингін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2. 2 Сыныпта 15 –ке дейін білім алушы бар шалғайдағы ауылдық мектептер үшін штаттық режимде оқытуды ұйымдастыру

17. Шалғайдағы ауылдық мектептерде штаттық режимде оқыту қатаң санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүзеге асырылуы тиіс.
Оқыту мектепте барлық сыныптарда, оның ішінде мектепалды сыныптарда білім алушылардың күн сайынғы температурасын өлшеуді қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылады.
Нормадан жоғары температурасы бар балалар үйге оралады, ауырған адамдар анықталған жағдайда барлық сыныпты қашықтан оқытуға көшу қамтамасыз етіледі, мектеп жұмысын жалғастырады.
Ауылдық мектептерде оқытудың штаттық режимін ұйымдастыру кезінде мынадай шараларды сақтау қажет:
1) басталу және аяқталу уақытын көрсете отырып, сабақ кестесін құру;
2) әлеуметтік алшақтық үшін, физикалық байланыстарды азайту үшін ауысымдарды ұлғайту және ауыстыру;
3) кабинеттік жүйені алып тастау, әр сынып белгілі бір кабинетте орналасады;
4) әртүрлі сыныптар үшін әр уақытта сабақтар арасындағы өзгерістерді ұйымдастыру;
5) мектепке кіру кезінде медицина қызметкерінің білім алушылар мен педагогтердің температурасын күн сайын өлшеуі;
6) маскаларды кию режимін қамтамасыз ету;
7) оқу үстелдерін 1 метр қашықтықта орналастыру;
8) кабинеттерді және барлық жайларды желдету, кварцтау;
9) қолды жуу және арнайы құралдарды пайдалану;
10) әрбір екінші сабақтан кейін сынып бөлмелерін ылғалды жинау;
11) дәліздердегі, реакреациялардағы, холлдардағы және басқа үй-жайлардағы ауысымдар, шағын ауысымдар арасындағы ылғалды жинау;
12) мектеп асханасының/буфеттердің жұмысын тоқтату;
13) күн сайын температураны өлшеуге, ауру белгілерін анықтауға, ауырғандар анықталған, карантин жарияланған және барлық сыныптың қашықтан оқытуға көшкен жағдайда сыныптағы білім алушылардың жағдайын бақылауға, кейіннен сыныпты штаттық режимге қайтарғанда оқшаулауға арналған медициналық кабинеттер мен оқшаулағыштардың жұмыс істеуі;
14) таза ауада дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру немесе спорт залдарын үнемі желдету;
15) мұғалімдерге кабинеттерде жүруге, мұғалімге баруға, сыныптан тыс іс-шаралар мен ата-аналар жиналыстарын өткізуге тыйым салынады;
16) мектеп заттардың, кабинеттердің, реакциялардың, холлдардың және басқа да үй-жайлардың бетін өңдеу үшін жеткілікті мөлшерде дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етіледі;
17) мектептің кіреберісінде дезинфекциялау тоннельдері, аяқкиімге арналған дезинфекциялау кілемшелері орнатылады, барлық қабаттарда қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады, термометрия қамтамасыз етіледі;
18) сапалы сумен жабдықтау, қолды жуу құралдары қамтамасыз етіледі.

2.3 бастауыш 1-4 сыныптарда кезекші сыныпта оқытуды ұйымдастыру

18. Кезекші сыныптардың жұмыс істеуі бастауыш сынып білім алушыларының жас ерекшеліктеріне, олардың оқуға деген ынтасының қалыптаспауына, олардың әлеуметтену дағдыларын, өздігінен білім алу және өзін-өзі ұйымдастыру құзіреттіліктерін қалыптастыра бастауына негізделген.
19. Кезекші сыныптардың қызметі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтаған кезде, оның ішінде осы тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
Кезекші сыныпта оқуға созылмалы аурулары жоқ балалар жіберіледі (өтініште көрсетіледі).
Балаларды кезекші сыныптарда оқытуды таңдау құқығы балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне тиесілі.
Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері таңдау құқығын жалпы білім беретін мектеп басшысының атына өтініш беру арқылы білдіреді.
Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларды кезекші сыныптарда оқуға жіберу арқылы балалардың қоғамдық ортада болатындығына және коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупі бар екендігіне түсініктері мен келісімдерін білдіреді.
Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларды санитариялық қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етеді: маскалар, қолғаптар, қолды өңдеуге арналған жеке құтыдағы антисептик немесе бактерияға қарсы дымқыл майлықтар.
Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларына әлеуметтік алшақтық қажеттілігі туралы түсіндіреді.
Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері оқу күні басталар алдында жалпы білім беретін мектептің сыртқы есіктеріне дейін балаларды алып жүруді және оқу күні аяқталғаннан кейін жалпы білім беретін мектептің сыртқы есіктерінен үйге дейін балаларды алып жүруді жүзеге асырады.
Мектеп дезинфекциялау құралдарының қорымен қамтамасыз етіледі (кіре берістегі дезинфекциялау кілемшесі, тепловизорлар, санитайзерлер, ылғалды, дезинфекциялық жинауды қамтамасыз етуге арналған құралдар).
20. Мектепте қамтамасыз етіледі:
- әлеуметтік алшақтық үшін ауысымдарды ұлғайту және ауыстыру;
- білім алушылар мен педагогтердің, басқа қызметкерлердің физикалық байланыстарын қысқарту;
- әлеуметтік алшақтықты қамтамасыз ету үшін мектеп алаңдарын барынша пайдалану;
кабинеттік жүйені жою, «бір сынып – бір кабинет» бойынша оқыту;
- әртүрлі сыныптар үшін әртүрлі уақытта сабақтар арасындағы өзгерістерді ұйымдастыру;
- мектепке кіру кезінде білім алушылардың температурасын күнделікті өлшеу;
- әр ауысымнан кейін, ауысымдар арасында, дәліздерде, рекреацияларда, холлдарда және басқа да үй-жайларда ылғалды жинау, ажыратқыштарды, есік тұтқаларын, тұтқаларды, сүйеніштерді, баспалдақ марштарын, терезе төсеніштерін дезинфекциялау;
- медициналық кабинеттер мен оқшаулағыштардың жұмыс істеуі (күн сайын температураны өлшеу, ауру белгілерін анықтау, ауырғандар анықталған жағдайда оқшаулау, барлық сыныпты қашықтан оқытуға көшуді қамтамасыз ету, сынып балаларының жағдайын бақылау, сыныпты штаттық режимге қайтару кезінде);
- білім алушылардың бір бағытта қозғалуы үшін дәліздердегі едендегі белгілер, біреуі балаларды қабылдау үшін, екіншісі – балалардың сабақтан кейін кетуі үшін.
- мектеп асханалары / буфеттері жұмыс істемейді.
21. Кезекші сыныптардың жұмыс істеуіне қойылатын талаптар:
1) сыныптың толымдылығы – 15 баладан артық емес;
2) сабақтың ұзақтығы – 40 минут; 1-сыныпта-сатылы режим;
3) үзілістер әртүрлі сыныптар үшін әр уақыттағы өзгерістер;
4) маскаларды кию режимін қамтамасыз ету;
5) оқу үстелдерін 1 метр қашықтықта орналастыру;
6) білім алушыларға жеке парта және орындық бекітілген;
7) білім алушы жеке оқу материалдарын (оқулықтар, дәптерлер, кеңсе заттары және т. б.) пайдаланады;
8) әр сабақтан кейін кабинеттерді желдету, кварцтау;
9) әр сабақтан кейін қолды жуу және арнайы құралдарды қолдану;
22. Кезекші сыныптарды қалыптастыру жалпы білім беретін мектептерде 2020 жылғы 15-24 тамыз аралығында балалардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініштері негізінде жүзеге асырылады. Өтініштер электрондық нысанда қолжетімді байланыс құралдары арқылы қабылданады (2-қосымша).
20. Балаларды кезекші сыныпқа қабылдау жалпы білім беретін мектеп басшысының бұйрығы негізінде 2020 жылғы 25 тамызда жүзеге асырылады.
25-27 тамыз аралығында кезекші сынып-комплектілер құрылады, әрбір сынып-комплектіге бір мұғалім бекітіледі.
Оқу тоқсаны ішінде балаларды кезекші сыныпқа қабылдау жалпы білім беретін мектеп басшысының бұйрығы негізінде сыныпта бос орындар болған жағдайда жүзеге асырылады. Өтініштер электрондық нысанда қолжетімді байланыс құралдары арқылы қабылданады.
24. Сынып жетекшісі қолжетімді байланыс құралдары арқылы балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне балаларды қашықтан немесе кезекші сыныпта оқытуды таңдау құқығының бар екендігі туралы хабарлайды.
Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері шешім қабылдайды және сынып жетекшісін қолжетімді байланыс құралдары арқылы балаларды қашықтан немесе кезекші сыныпта оқыту ниеті туралы хабардар етеді.
Ата-аналар немесе заңды өкілдер балаларды кезекші сыныпта оқытқысы келген жағдайда, олар жалпы білім беретін мектеп басшысының атына өз ниеті туралы өтініш жазады және қол қояды және оны қолжетімді байланыс құралдары арқылы сынып жетекшісіне жібереді.
Сынып жетекшісі өтінішті жалпы білім беретін мектеп әкімшілігіне береді.
Жалпы білім беретін мектептің әкімшілігі сынып жетекшілерінен берілген өтініштер негізінде 15 балаға дейінгі кезекші сынып-жинақтарды қалыптастырады.
25. Арнайы сыныптарда/мектептерде кезекші сыныптарды қалыптастыру ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініштері бойынша (1-4 сыныптар, психикалық дамуы тежелген, орташа, ауыр ақыл-ой кемістігі бар білім алушылар үшін 1-9 сыныптар) 6 адамнан аспайтын ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балалар үшін жүзеге асырылады.
26. Кезекші сыныптардың контингенті, кестесі, жұмыс кестесі, педагогикалық құрамы педагогикалық кеңестің отырысында 28 тамыздан кешіктірілмей бекітіледі.
27. Кезекші сыныптағы оқу процесі мектептің бекітілген жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Кезекші сыныпта сабақтарды мектеп әкімшілігі бекіткен бастауыш сынып мұғалімі жүргізеді.
Қашықтан оқыту форматындағы білім алушылардың сабақтарын басқа мұғалім ұйымдастырады.
Сабақ кестесі кезекші сыныптар үшін синхронды және қашықтан құрылады. Қашықтан оқыту форматындағы білім алушылар үшін икемді кесте бойынша рұқсат етіледі.
28. Педагогтердің оқу жүктемесін бөлу тарификациялық тізім және мектептің 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады.
29. Кезекші сыныптар үшін, сондай-ақ қашықтан оқыту үшін сынып-жиынтықтар бойынша бөлу бір сыныптағы білім алушылардың жалпы контингентіне (параллельдерді ескере отырып) сүйене отырып жүзеге асырылады.
Әр параллельдің бастауыш сынып мұғалімдері бір қысқа мерзімді (сабақ бойынша) жоспар бойынша жұмыс істейді.
30. Кезекші сыныптарда оқытуды ұйымдастыру кезінде тәуекел тобына жататын, мынадай көрсеткіштері бар педагогтердің жұмысын болдырмау қажет:
- педагогтың жасы 55 жастан асқан;
- қанайналым жүйесі аурулары бар (артериялық гипертония, СЖЖ және т. б.);
- жоғарғы тыныс алу жүйесінің созылмалы аурулары бар (ӨСОА, БА, өкпедегі фиброзды өзгерістер);
- эндокринопатиялар (қант диабеті, метаболикалық синдром, семіздік және т. б.);
- иммун тапшылығы жағдайлары (онкологиялық, гематологиялық, иммуносупрессивті терапиядағы науқастар т. б.);
- жүкті әйелдер;
- басқа да ауыр созылмалы аурулар.
31. Кезекші сыныптарда штаттық режимде және қашықтан оқыту форматында оқыту үшін ұсынылған пәндер тізбесі 2-қосымшада берілген.
32. Дене шынықтыру сабақтары таза ауада, мектептің спорт алаңдарында өткізіледі.
33. Мұғалімдерге кабинеттерде жүруге, мұғалімге баруға, сыныптан тыс іс-шаралар мен ата-аналар жиналыстарын өткізуге тыйым салынады.
Барлық жедел кеңестер қашықтан өткізіледі.


2.4 Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартумен мектептің жұмысын жандандыру – аралас және стандартты форматтарға біртіндеп көшу
34. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде бірінші болып 1-4 сынып оқушылары санитариялық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтай отырып, қашықтан оқыту форматынан штаттық форматқа көшеді. Мектепалды, 5-11 сыныптар қашықтан оқытуды жалғастыруда.
Оқу мектепте оқушылардың күнделікті температурасын өлшеу арқылы жүзеге асырылады.
35. 1-4 сыныптарда штаттық оқу режимін ұйымдастыру кезінде келесі шаралар сақталуы керек:
1) басталу және аяқталу уақытын көрсете отырып, сабақ кестесін құру;
2) әлеуметтік алшақтық үшін, физикалық байланыстарды азайту үшін ауысымдарды ұлғайту және ауыстыру;
3) кабинеттік жүйені алып тастау, әр сынып белгілі бір кабинетте орналасады;
4) әртүрлі сыныптар үшін әр уақытта сабақтар арасындағы өзгерістерді ұйымдастыру;
5) мектепке кіру кезінде медицина қызметкерінің білім алушылар мен педагогтердің температурасын күн сайын өлшеуі;
6) маскаларды кию режимін қамтамасыз ету;
7) кабинеттерді және барлық жайларды желдету, кварцтау;
8) қолды жуу және арнайы құралдарды пайдалану;
9) әрбір екінші сабақтан кейін сынып бөлмелерін ылғалды жинау;
10) дәліздердегі, реакреациялардағы, холлдардағы және басқа үй-жайлардағы ауысымдар, шағын ауысымдар арасындағы ылғалды жинау;
11) күн сайын температураны өлшеуге, ауру белгілерін анықтауға, білім алушылардың жағдайын бақылауға, кейіннен сыныпты штаттық режимге қайтарғанда оқшаулауға арналған медициналық кабинеттер мен оқшаулағыштардың жұмыс істеуі;
12) таза ауада дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру немесе спорт залдарын үнемі желдету;
13) мұғалімдерге кабинеттерде жүруге, мұғалімге баруға, сыныптан тыс іс-шаралар мен ата-аналар жиналыстарын өткізуге тыйым салынады;
14) барлық лездемелік жиналыстар қашықтық формата өтеді;
15) мектеп заттардың, кабинеттердің, реакциялардың, холлдардың және басқа да үй-жайлардың бетін өңдеу үшін жеткілікті мөлшерде дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етіледі;
16) мектептің кіреберісінде дезинфекциялау тоннельдері, аяқкиімге арналған дезинфекциялау кілемшелері орнатылады, барлық қабаттарда қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады, термометрия қамтамасыз етіледі;
17) сапалы сумен жабдықтау, қолды жуу құралдары қамтамасыз етіледі.
36. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты жақсаруымен 5-11 сынып оқушылары қатаң санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, штаттық режимге өтеді.
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартумен мектептің жұмысын жандандыру - аралас және штатық форматқа біртіндеп көшу тиісті аумақтың бас мемлекеттік дәрігерінің келісімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімі негізінде жүзеге асырылады.

2.5 Санитариялық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, толық штаттық форматта оқытуды ұйымдастыру

37. Қолайлы санитариялық-эпидемиологиялық жағдайда мектеп санитариялық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтай отырып, толық штаттық режимде жұмыс істей бастайды. Барлық сыныптарда, оның ішінде мектептердің мектепалды сыныптарында оқыту штаттық режимде жүргізіледі. Сабақ кестесі, ауысым режимі, өзгерістер қалпына келтіріледі.
38. Мектеп қашықтан оқытудан штаттық оқу режиміне ауысқан кезде білім алушыны ата-анасының қалауы бойынша қашықтан оқытуды жалғастыруға болады. Ол үшін ата-аналар 1-қосымшада ұсынылған үлгі бойынша өтініш беруі керек.
39. Мектептерде оқу процесін штаттық режимде ұйымдастыру кезінде:
1) сабақтың басталу және аяқталу уақытын көрсете отырып, икемді сабақ кестесін құру;
2) әлеуметтік алшақтату үшін, физикалық байланыстарды азайту үшін ауысымдарды ұлғайту және ауыстыру;
3) әрбір сынып белгілі бір кабинетте болатын кабинеттік жүйеден бас тарту;
4) білім алушылардың кабинеттер бойынша жүріп-тұруына тыйым салу;
5) әртүрлі сыныптар үшін әр уақытта сабақтар арасындағы өзгерістерді ұйымдастыру;
6) мектепке кіру кезінде білім алушылардың температурасын күн сайын өлшеу;
7) маскаларды кию режимін қамтамасыз ету;
8) оқу үстелдерін 1 метр қашықтықта орналастыру;
9) желдету, кварцтау,
10) әрбір сабақтан кейін қолды арнайы құралмен жуу;
11) әрбір екінші сабақтан кейін кабинеттерді ылғалды жинау;
12) дәліздердегі, рекреациялардағы, холлдардағы және басқа да үй-жайлардағы ауысымдар, шағын ауысымдар арасындағы ылғалды жинау;
13) күн сайын температураны өлшеуге, ауру белгілерін анықтауға, ауырғандар анықталған, карантин жарияланған және барлық сыныпты қашықтан оқытуға көшкен жағдайда, сынып балаларының жай-күйін бақылауға, содан кейін сынып штаттық режимге оралған жағдайларда оқшаулауға арналған медициналық кабинеттер мен оқшаулағыштардың жұмыс істеуі;
14) таза ауада дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру немесе спорт залдарын үнемі желдету.

Похожие публикации:

12 ноябрь 2020 Вебинар
12 ноябрь 2020 Тіл күні
02 март 2020 Тамақтану