Күз-молшылық мезгілі » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
октябрь
2022

Күз-молшылық мезгілі

27-қазан көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие бағытын негізге ала отырып, мәдениет және өнер фракциясының ұйымдастыруымен атты мектепішілік іс-шарада атқарылған жұмыстарына 

Хабарлама.



Мақсаты: Күз-молшылық мезгілі. Сол арқылы оқушыларға еңбектің, молшылықтың қадірін түсіндіру. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың рухани дамуына әсер ету.Бастысы мектепішілік «Аталар мектебі», «Әжелер мектебі», «Аналар мектебі», «Әкелер мектебі» атты жобалық жұмыстарды  алға қойып, жандандыру. 

Күз-берекет, байлық, сұлулық мезгілі. Осы қыркүек, қазан, қараша сияқты күздің тамаша бір мезгілі туысымен-ақ оқушылар асыға күткен алтын күз мерекесіне мектепішілік дайындық жұмыстары қыза түседі.Атап айтсақ 5-6, 7-8 сынып арасынан күз мезгіліне арналған «Күзгі пейзаж» атты плакаттар байқауы өтті. Бұл байқауда  мектебіміздің ІІІ қабат фойе алдындағы тақтайшаға әр сыныптың бірлескен қабырға газеттері ілінді. Әр сыныптан  газет бетіне оқушылар жапырақтардан  немесе  дәнді-дақылдардан, бұтақтардан  қосып, мағыналы сөздер жазды. Байқауда бағалау кезінде:  Суретші шеберлігі, бояу мәнері, газет бетіне күз мерекесіне мағыналы сөздер жазып, дәнді-дақылдар мен бұтақтар, жапырақтарды үйлестіре білуі баса назарға алынды. Алғыс хаттар мен құнды сыйлықтар табыс етіліп, әкімшілік тарапынан бағаланды.

Қатысқандар: 

5 «а» Аширова А.О. оқушылары байқауда Бас жүлдені иеленіп, құны 3000 тұратын бағалы кортина табыс етілді. 

5 «ә» Адамов С.С. оқушылары жүлделі ІІІ орынмен марапатталды.

5 «б» Балабекова М.Т. оқушылары жүлделі ІІ орынмен марапатталды. 

5 «в» Найзабекова Р.Т. оқушылары жүлделі ІІІ орынмен марапатталды.

6 «а» Алимбаева А. Оқушылары да өз жұмыстарына шығармашылық идеяларын қосып, күз мерекесіне жақсы дүниелерін ұсына білді. 

6 «ә» Түменбаева С.Н. оқушылары жүлделі І орынмен марапатталды. 

6 «б» Балқыбаева В.Ө. оқушылары жүлделі ІІ орынмен марапатталды.

6 «в» Курагулова А.К. оқушылары «Үздік қолөнер шебері» номинациясымен марапатталды.

7 «ә» Қашқынбаева Н.Т. оқушылары жүлделі ІІІ орынмен марапатталды.

7 «б» Фазылова Т.М. оқушылары жүлделі І орынмен марапатталды. 

8 «а» Рахымбай Т.А. оқушылары Бас жүлдемен марапатталып, құны 10000 тұратын бағалы кортина табыс етілді. 

8 «ә» Адекенова А.Б. оқушылары жүлделі ІІ орынмен марапатталды. 

8 «б» Смагулова К.Ж. оқушылары жүлделі ІІІ орынмен марапатталды.

8 «в» Жылысбаева М.Б. оқушылары жүлделі ІІІ орынмен марапатталды.

Қатыспағандар: 7 «а» Алимжанова Б.М. оқушылары байқауға қатысқан жоқ. 

1-4 бастауыш оқушылары арасынан сынып ішінен «Арайлы алтын-күз!» атты мерекелік байқау өтті. Шараны 3 «а» Қуанбекова Ақмарал, 3 «ә» Оматаева Ж.Н, 2 «а» Сапаралиева А.Т, 1 «б» Копбосынова Ш.О, 2 «в» Ананина Л.А, 1 «ә» Дүйсебаева Р.Т, 1 «а» Орынбаева А.К. сияқты жетекшілері және ата-аналар комитеті әр сынып ішінен күз мезгіліне арналған күз Ханшайымы   мен Ханзадасын  анықтап ертеңгілікті  жоғары деңгейде ұйымдастырып, сынып байқауына қатысқан әр жұпты, ата-аналарды жетекшілер марапаттап өтті. Осындай тәрбиелік жұмыстарының арқасында жетекшілер мектебімізге қоғам назарын аударып, шәкірт қиялын оятады. Бойларына қайталанбас мол мұралар қалдырады. Нәтижесінде мектепішілік «Үштік одақ» бағдарламалық жоба жұмысы алға қойылып, мектепке деген ата-аналар комитетінің көз қарасы жақсара түседі. 

Қатыспағандар: 

1 «в» Козлова О.В, 2 «ә» Сатиева Р.А, 2 «б» Өнербекова А.Б, 3 «б»Ахметова А.Ж, 4 «а» Дүйсенбекова К.Д, 4 «ә» Сатова М.Т, 4 «б» Исаева О.А. сынды ұстаздарға екі апта бұрын мерекелік іс-шара жоспары таныстырылып, әр сынып ішінде өтетін байқаудың шарттары түсіндірілген болатын. Алайда сынып жетекшілер тарапынан ата-ана, шәкірт арасындағы тиімді жұмыстар байқалған жоқ. Мерекелік жұмыстарға жауапкершілік танытып, ұйымдастырған жоқ.

Оқушылардың  Мектеп Парламенті «Өзін-өзі басқару» ұйымы мен «Жас Ұлан» ұйымынан құралған бір топ белсенді оқушылардың ұйымдастыруымен мерекелік кеш өтті. Кешті 11 «ә» оқушысы Өзін-өзі тану Бақыт фракциясының Бөлімбасы Тұрдалы Амина, 10 «а» Мәдениет және өнер фракция Бөлімбасы-Бақыт Аружан, Топ Сардары-Бақыт Еңлік, 10 «ә» Топ Сардары-Асылбекұлы Айбарыс, Асылбекұлы  Бекарыс, Болатбекұлы Жанатбек, Күмісбек Жұпар, Манат Зайда, Мұхамади Нұржан, Нұрмұханбет Мирас, «Жас Ұлан» Президенті-Саят Анель сынды оқушылар кешті жоғары деңгейде ұйымдастырып, мәжіліс залы қараған көзді тартып аларлық, ұжым қызыға көз тіккен ұл қыздарының безендіру жұмыстары бұл кешкі балды ажарландыра түсті. Бір неше кезеңнен тұратын кешкі бал жаңаша түрде еш көшірмесіз, қатысушылардың  ізденуіне күшті талаптар қойылып, арнайы тағайындалған әділқазы алқалары арқылы шешімін тауып отырды. 


 








                   Педагог-ұйымдастырушы:                Закарин Н.С.

Мәдениет және өнер фракциясының Бөлімбасы:                  Бақытқызы А.Б.