"Білім беру ұйымдарындағы педагог–ұйымдастырушылардың фракция жұмыстарын ұйымдастыру бағыттары" » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Білім беру ұйымдарындағы педагог–ұйымдастырушылардың фракция жұмыстарын ұйымдастыру бағыттары"
02
декабрь
2022

"Білім беру ұйымдарындағы педагог–ұйымдастырушылардың фракция жұмыстарын ұйымдастыру бағыттары"

02 желтоқсан 2022 жыл "Білім беру ұйымдарындағы педагог–ұйымдастырушылардың фракция жұмыстарын ұйымдастыру бағыттары" тақырыбында  мектебіміздегі Оқушылардың Мектеп Парламенті «Өзін-өзі басқару» ұйымының 8 фракция жұмыстарын аудан мектептері алдында насихаттау мақсатында өткен аудандық семинар-кеңесте атқарылған жұмыстары жайлы 

Хабарлама. 

Семинардың мақсаты:   Педагог-ұйымдастырушылардың  тәрбие   бағытында  мектеп парламенті жұмысын ұйымдастырудағы  кейбір проблемаларды шешу жолдарын қарастыру педагог-ұйымдастырушыларға  бағыт -бағдар беру. Мектебіміздегі Оқушылардың Мектеп Парламенті «Өзін-өзі басқару» ұйымы 8 фракция көшбасшыларының бүгінгі таңда атқарылып жатқан жұмыстарын аудан мектептері алдында насихаттау.

Аудандық семинар-кеңестің Б А Ғ Д А Р Л А М А С Ы: 

Семинардың ашылу рәсімі-«Қол өнер шеберлері», «Дарынды оқушылар» көрмесін тамашалау. Семинарға арнайы келген Оқу-әдістемелік орталығының білім беру менеджменті және инновациялық қызмет бөлімінің басшысы-Ускенбаева Ақпейіл Нұрболатовна мен Педагог-психологтар әдіскері Қамбаралиева Индира Талғатовна, Балқаш ауданы бойынша білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының тәрбие саласы бойынша әдіскері Сейсеке Ақын, 21 мектеп педагог-ұйымдастырушыларын мектептің І қабаты фойе алдынан мектеп әкімшілігі, ұстаздар, Мектеп парламенті «Өзін-өзі басқару» ұйымының фракция көшбасшылары, мектеп президенті, «Жас Ұлан» ұйым оқушылары салтанатты түрде күтіп алды. Қатысушы қонақтарға Мәдениет және өнер фракциясының Топ Сардары-Мейрхан Алдиар мектебіміздің «Қол өнер шеберлері», «Дарынды оқушылар» көрмесімен таныстырып, қатысушы қонақтар өнерлі оқушылардың жұмыстарын тамашалады. 

Мектеп мәжіліс залында кеңестік семинарды Мектеп директоры Қамзина Бибігүл Мұхамадиқызы сөз сөйлеп, салтанатты түрде ашты. Балқаш ауданы бойынша білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының тәрбие саласы бойынша әдіскері Сейсеке Ақын бағдарламамен таныстырып, барша ұстаздар мен фракция Бөлімбасыларға сәттілік тіледі. Іс-шара барысында Оқушылардың Мектеп Парламенті «Өзін-өзі басқару» ұйымының Мектеп Президенті Көптілеу Абзал, 8 бағыт бойынша 8-фракцияның   8-Бөлімбасылары өз бағыттары бойынша аудан алдында өз міндеттері мен бүгінгі атқарып жатқан жұмыстары жайлы тамаша таныстырылым жасады. Олар:

1.ҚАМҚОРЛЫҚ (ЕРІКТІЛІК) ФРАКЦИЯСЫ Бөлімбасы-11 «ә» Бірліктұзды Ермек Жақсыбекұлы

2.ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ТӘРТІП ФРАКЦИЯСЫ Бөлімбасы-11 «ә» Кешубай Диас Қайратұлы 

3.АҚПАРАТ  ЖӘНЕ БАСПА ФРАКЦИЯСЫ Бөлімбасы-9 «а» Ерланқызы Сымбат

4.СПОРТ ЖӘНЕ Салауатты өмір салты ФРАКЦИЯСЫ Бөлімбасы- Күмісбек Жұпар

5.Мектепішілік «Ұшқыр ой алаңы» Дебат қозғалысы «Фидбэк» фракциясының Көшбасшысы Қожахан Сабина 

6.МӘДЕНИЕТ және ӨНЕР ФРАКЦИЯСЫ Бөлімбасы-10 «а» Бақытқызы Аружан

7.ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ және БАҚЫТ ФРАКЦИЯСЫ Бөлімбасы- 11 «ә»Тұрдалы Амина Сейдалықы

8.Экология және еңбек фракциясының Бөлімбасы-9 «а»Ерболған Махаббат Русланқызы және «Жас Ұлан» ұйымы Президенті Саят Анель сынды оқушыларымыздың жобалық жұмыстары Оқу-әдістемелік орталығының білім беру менеджменті және инновациялық қызмет бөлімінің басшысы-Ускенбаева Ақпейіл Нұрболатовнаның назарына ілініп, мектеп ұжымына алғыс білдірді. Қосымша бұл жұмыстардан тысқары Балабекова Меруерт апайдың жетекшілігімен көпшілік мектебіміздің оқушылардың мәдени өмірінде жоғары бағалап кетті. Мектеп психологтары Чокенова С.Г мен Балқыбаева Венера Өкілбекқызы іс-шара кезінде «Өрмекші әдісі» арқылы жағымды психологиялық ахуал туғызып, Дебат фракция жетекшісі-Абденбаев Болат Шайсұлтанұлы интеллектуалды ойындар арқылы шеберлік танытып, өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Арнайы келген комиссия мүшелері мектебіміздің оқушылардан құралған ұйым жұмыстарын аудан көлемінде алда тұрғандығын сөз етіп, көктемдік облыстық лигаға дайын екендігін алға тартты. 


 







Педагог-ұйымдастырушы:                Закарин Н.С.