Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 111 жылдығына орай «Дәуір данасы» атты апталық іс-шара » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 111 жылдығына орай «Дәуір данасы» атты апталық іс-шара
19
январь
2023

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 111 жылдығына орай «Дәуір данасы» атты апталық іс-шара

Қаңтар айының 12-19 уақыт аралығын қамтығын аса көрнекті қоғам қайраткері, бір туар тұлға, кемеңгер Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 111 жылдығына орай «Дәуір данасы» атты апталық іс-шарада атқарылған жұмыстарына Хабарлама.

Мақсаты: Аса көрнекті қоғам қайраткері, бір туар тұлға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту, ел үшін еңбек етуге, халқына адал болуға, ұлы тұлға ерліктері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

12-қаңтар Аса көрнекті қоғам қайраткері, бір туар тұлға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 111 жылдығына арналған апталықтың ашылу рәсімі өтті. Ашылуында: 8-бағыт бойынша фракция көшбасшылары ұлы тұлғаға тағзым етіп, қанатты сөздерге толы мектеп әлеуметтік желісіне бейнежазбаларын жолдады.Мектеп кітапханашысы: Өнербекова С.Б,Нақысбаева С.Н. Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестік жетекшісі-Сауранбаева Зада Алтайқызы және оқушылар ұйымының атсалысуымен әуезді әдеби кеш өтті. Оқушылар көрмелермен танысып,   сахналандырылған тамаша қойылымдардың куәсі болды. 

 



Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері: Алимжанов Н.Т. Мурзаева М.О. Сапарғазин Ш.Н. Зауытбек А.Т. Болатхан А. Бәрібай Е.М сияқты бір қатар ер азаматтардың жетекшілігімен 4-сынып оқушылары арасынан «Қызықты эстафета» атты спорттың 6-түрінен сайыс өтті. Сайысқа. 4 «а» «Болашақ» командасы жетекшілері-Дүйсенбекова К.Д. 4 «ә» оқушылары «Қыран» тобы жетекшілері-Сатова М.Т. 4 «б» оқушылары «Звездочки» командасы жетекшілері-Исаева О.А. сынды командаларды спорт ережесіне сай жетекшілердің дайындауымен әр команда атауы, ұраны, бір келкі формасына да қазылар тарапынан жоғары бағаланды. Ойыншылар сайыстың мына ережесі арқылы бағаланды: Команда атауы, Ұраны, Формасы, Таныстыру, «Мергендер сайысы», «Секіртпе жіп», «Ұлттық ойын Асық ату», «Теңге ілу», «Арқан тарту» сияқты спорттың жаңаша түрлері ойын барысында командаларды қызықтыра түсті. Ойын соңында әділқазы алқаларының шешімімен 4 «б» «Звездочки» командасы ІІІ дәрежелі диплом, 4 «а» «Болашақ» командасы ІІ дәрежелі диплом, 4 «ә» оқушыларынан құралған «Қыран» командасы сайыста белсенділік танытып, І дәрежелі диплом салтанатты түрде табыс етілді. Сондай-ақ команда Топ басшылары номинациялармен арнайы марапатталды.


Сонымен қатар Мектеп Парламенті фракция көшбасшылары, «Жас Ұлан» ұйым Бөлімбасылары атынан «Ұлы адамнан ұлағатты өсиет» Алғы сөздер, бейнежазбалар, видео жолдаулар, Ұшқыр ой алаңы зияткерлік дебат ойындары жүргізіліп, «Дана тұлға, дара тұлға Д.А.Қонаев» тақырыбында оқушылар шығармашылығынан арнаулар да мектеп  Instagram, facebook-парақшаларына жүктелді.



Педагог-ұйымдастырушы:               Закарин Н.С.