1-қазан Халықаралық қарттар күні » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1-қазан Халықаралық қарттар күні
01
октябрь
2022

1-қазан Халықаралық қарттар күні

«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ

2022-2023 оқу жылы.

1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай Ұлттық отбасылық тәрбие беру негізінде оқушылардың мектеп парламенті «Өзін-өзі басқару» ұйымының Қамқорлық (еріктілік) фракциясы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Қарттарым-асыл қазынам» атты ауқымды акцияда атқарылған жұмыстарына 

Хабарлама.

1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай Ұлттық отбасылық тәрбие беру негізінде оқушылардың мектеп парламенті «Өзін-өзі басқару» ұйымының Қамқорлық (еріктілік) фракциясы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Қарттарым-асыл қазынам» атты 8,9,10-сынып оқушылары арасынан зейнеттегі қарт ұстаздарға құрмет көрсету мақсатында ауқымды акция өтті. Акция барысында фракция мүшелері қарт ұстаздардың үйлеріне арнайы ат басын бұрып, мерекемен құттықтап гүл шоқтары мен кәсіп одақ есебінен алынған мақтау қағаздарын табыс етті. Үйдегі шаруашылық жағдайларына қолғабыс етіліп, тұрмысқа керексіз ескі заттар мен аула алдындағы жапырақтардан бір шама арылтты. Бұл жұмыстар бір апта көлемінде атқарылып, Фракция мүшелігіндегі оқушыларымыз Ардагер ұстаздардың ықыласына бөленді. Ардагер ұстаздар: Омарбекова Гүлдария Ербосынқызы,


Төлжанова Сәуле Сейіткерқызы, Серкеева Базаркүл, Дәркембаева Жұмакүл Кентаевна, Шин Людмила Павловна, Ткаличева Галина Ивановна, Тілемисова Орынбасар, Тарасова Валентина Александровна, Мырзахметова Бүбіхан,  Жанболатовна Рима Зекеновна, Мызахметова Жаңыл,  Қоханбаева Зәуреш Қоханбаевна, Несіпбекова Данагүл, Есеева Алтын,  Смағұлова Шұға,  

Жүнісбаева Зоя Боранбаевна, Ченгелбаева Гүлжан Садуакасова, Мұхатова Жұмакүл Зауытбекқызы, Досбаева Күнсұлу Жамашқызы.