«Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы!» » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы!»
16
декабрь
2022

«Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы!»

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, Тарих бірлестігі мен Оқушылардың мектеп Парламенті «Өзін-өзі басқару» ұйымымен бірлесе отырып ұйымдастырылған «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы!» атты желтоқсан айының 6-15 жұлдызы аралығында өткен апталықта атқарылған жұмыстарына 

Хабарлама.


Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденісін арттыру, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасатуға үйрету, отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру. Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігінің қазақ тарихындағы алатын орнын, құндылығын оқушылардың сана-сезіміне сіңірту. Оқушыларға өткен тарихы туралы мәлімет бере отырып, тарих, құқық  негіздері сабағының маңыздылығын ұғындыра білу, оқушылардың салыстырмалы түрде ойлау, ой түйіндеу, өзіндік пікір қалыптастыру қабілеттерін дамыту. 



           16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, Тарих бірлестігі мен Оқушылардың мектеп Парламенті «Өзін-өзі басқару» ұйымымен бірлесе отырып ұйымдастырылған «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы!» атты апталық іс-шаралар жоспары құрылды. Тарих бірлестігі атынан апталықтың ашылу салтанаты өтіп, жетекшілер тарапынан бір қатар тәрбиелік сағаттар ұйымдастырылды. Мектебіміздің ІІІ қабат тақтайшасына оқушылардың қабырға газеттері ілініп, Парламенеттің Президенті, Фракция көшбасшылары мен «Жас Ұлан» Президенті және министрлері мағыналы бейнероликтер сүсірді. Тарих пән мұғалімдері: Алин Асқар ағайдың жетекшілігімен «Ашаршылық жылдары» тақырыбында көріністер бой алып, Абденбаев Болат Шайсұлтанұлының жетекшілігімен  «Қазақ Хандығы» тақырыбында Жәнібек пен Керей сұлтандардың Моғолстан тұңғыш Қазақ Хандығын құру жолындағы саяси еңбектерін көрермен алдында ұйымның Бөлімбасылары мен Топ Сардарларының сахналандырылған тамаша қойылымдары оқушылар қолдауына ие болды. Айтулы мерекеге оқушылар құрметпен қарап, желтоқсан оқиғасындағы басты кейіпкерлердің шынайы жан айқайын көпшілік алдында тамаша сомдап мектеп оқушыларының көзайымына айналды. Мерекеге орай бірінші жарты жылдық бойынша Оқушылар ұйымының ауқымды жиыны өтті. Жиында оқушылар арасынан ұйымның жұмыстары талқыланып, фракция Бөлімбасылары, көшбасшылары Топ Сардарлары алғыс хаттармен марапатталып өтті. Мереке қарсаңында желтоқсан оқиғасының шын куәгерлері мектебіміздің Ұлағатты ұстаздары Жапарова Гүлназ апай, Дүйсебаева Рысжан апайлар және ұйым оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуде қос ұстаз 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің шын куәгері ретінде өз бастарынан өткен оқиғасы жайлы сыр шертіп, балғын балалық шағындағы қиын қыстау кездерді оқушыларға астарлы сөздер арқылы баяндап берді. Келер жас буынға өздерінің шынайы ықыласын білдіріп, болашақтарының баянды болатынына өз сенімдерін білдірді. Мерекеге орай бірлестік атынан адалдық сағаттар өтті. Оқушылар тарапынан аудан көлемінде әр мектеп парақшаларына челлендждер жарияланып, мағыналы бейне жазбалар жолданды. 


 




Педагог-ұйымдастырушы:                Закарин Н.С.

      Мәдениет және өнер фракция басшысы:                 Бақыт А.Б.