21-28 ақпан ұлттық тәрбие бағытын негізге ала отырып ұйыдастырылған Жыр дүлдүлі , ғасыр ақыны , жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 176 жылдығына орай, өткізілген айтулы апталықта атқарған жұмыстарына » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 21-28 ақпан ұлттық тәрбие бағытын негізге ала отырып ұйыдастырылған Жыр дүлдүлі , ғасыр ақыны , жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 176 жылдығына орай, өткізілген айтулы апталықта атқарған жұмыстарына
21
февраль
2022

21-28 ақпан ұлттық тәрбие бағытын негізге ала отырып ұйыдастырылған Жыр дүлдүлі , ғасыр ақыны , жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 176 жылдығына орай, өткізілген айтулы апталықта атқарған жұмыстарына

«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ

2021-2022 оқу жылы

21-28 ақпан ұлттық тәрбие бағытын негізге ала отырып ұйыдастырылған Жыр дүлдүлі , ғасыр ақыны , жыр алыбы Жамбыл   Жабаевтың  176 жылдығына орай, өткізілген айтулы апталықта атқарған жұмыстарына 

Хабарлама.


Мақсаты: Оқырмандарды Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру, сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінің өнерін сүюге тәрбиелеу.

1-жоспар бойынша атқарылған жұмыстар: 21.02.2022 жыл сағат 9:00-де мектеп мәжіліс төрінде ҚӘ бірлестік мүшелері мен бірлестік жетекшісі-Сауранбаева  Зада Алтайқызының жетекшілігімен  бірлестік мүшелігінен-Смағұлова Қамар Жарқынбайқызының бірлескен жұмыстарының арқасында Жыр дүлдүлі , ғасыр ақыны , жыр алыбы Жамбыл  Жабаевтың  176 жылдығына орай, ұйымдастырылған айтулы апталықтың  ашылуы өз салтанатымен, шәкірт бойына рухани адамгершілік тәрбие мен ұлттық құндылықтарды бойына сіңіре білген апталықтың ең айшықты жұмыстарының бірі болды. ҚӘ бірлестік жетекшісі Сауранбаева Зада Алтайқызы ақынның өмір жолдарымен таныстырып, апталықтың алдағы атқарылатын жұмыс барысымен толық таныстыра кетті. 




2-жоспар бойынша мына төмендегі жұмыстар атқарылды: Іс-шара барысында мектеп кітапханашылары- Өнербекова Света, Нақысбаева Сәуле апайлардың жетекшілігімен «Жыр алыбы - Жамбыл» атты тақырыпта буклеттер мен кітап көрмелерін жасап ақын шығармашылығынан оқушылар біраз мәліметтер алды. Жамбыл Жабаевтың айтыс өнеріне саяхат жасалып, кітапхана ішінде әдемі көз қызығарлық көрмелер бой алды. 

2-жоспар бойыншаМектеп Ұланбасы Саят Анель, «Жас Ұлан» Бөлімбасылары: Тұрдалы А, Сейілхан Ж, Амангелді Айгүл, Рахат Ақмарал, Аңсат Абылайхан, Кешубай Дияс, Рахымжан Берік сияқты бір топ белсенділер Жамбыл  Жабаевтың  176 жылдығына мектеп ІІІ қабатына арнайы тақтайшаға қанатты сөздер мен қабырға газеттерін ілініп, ақын жайлы өздерінен кіші сыныптарға бір неше тәрбиелік шараларын ұйымдастырды. ҚӘ бірлестік мүшелерінің жұмыстарына белсенді түрде атсалысты. 


3-жоспар бойынша ҚӘ бірлестігінің мүшелері; Даукенова Фарида Құрманқызы мен Адамов  Санжар Садырұлының ұйымдастыруымен 5,6,7,8-сынып оқушылары арасын «Жүз жыл жырлаған жүрек» атты Жамбыл Жабаевтың 176 жылдығына арналған мектепішілік мүшәйра ұйымдастырылды. Ақынның мерейлі күніне арнап, Сценарий жазылды. Бірлестік арасынан әділқазылар тағайындалып, қатысушыларды бағалау кезінде бір неше критерийлер арқылы әділ шешімін беріп отырды. Бұл мүшәйра жоғары деңгейде ұйымдастырылып, арнайы шақырылған ата-аналар комитетінің төрайымдары мен мектеп тәрбие орынбасарлары тарапынан сөз барысында жақсы пікірлер айтылып, көпшілік қолдауына ие болды. 







4-жоспар бойынша мына төмендегі жұмыстар атқарылды: 25.02.2022 жыл сағат 15:00-де мектеп мәжілісінде Жамбыл Жабаевтың   айтыс өнері сахналандырылды. «Жамбыл – менің жай атым, Халық – менің шын атым» – деп жырлаған ұлы жырау халықтың ғасырлар бойғы көкейінде жүрген арманын өлеңмен жеткізді. Сондықтан да халқымыз Жамбылға «адалдық пен адамгершіліктің, әділеттілік пен ізгіліктің алып жыршысы» деген тарихи бағасын берді. Жамбыл бабамыздың ұшаң-теңіз шығармашылық мұрасы – халқының талайлы тарихы мен шынайы өмірінің айнасы. Жамбыл сан ғасырлық ақпа-төкпе суырыпсалма ақындық өнердің, жыраулық дәстүрдің көшін ілгері апарып, осы заманға жеткізген және небір тарихи ұлы өзгерістерді сол үрдістен алшақ кетпей-ақ жырлай білген төкпе ақын. Заманының заңғар тұлғаларын, ұлт үшін, ұрпақ үшін еңбек еткен асылдарымызды, ұлыларымызды өскелең жас буынға насихаттап, оның шешендік өнерін барынша дәріптеу мақсатында ҚӘ бірлестігінің ұйымдастыруымен ақынның құрметіне айтыс өнері сахналандырылды. Бұл апталықтың негізгі мектеп әкімшілігі назар аударып қадағалаған жұмысы болатын. Өйткені шәкірт бойындағы шешендік қабілетті осы айтыс өнері арқылы ашпақпыз. Мектебімізде дебат клубы қолға мықтап алғандықтан оқушының сөз саптау шеберлігі осы айтыс өнерінен бастау алмақ. ҚӘ бірлестігінің мүшелігі: Мусаева А. Түстікбаева Г апайлардың ұйымдастыруымен өткен бұл сахналандырылған айтыс өнері бүгінгі таңда өз жемісін беруде. Атап айтсақ; оқушылар құрамы артуда және бұл көріністерге тұрақты көрермендердің жақсы пікірлері айтылып, шәкірт тарапынан жүйелі ұсыныстар тасталуда. Ақын өнеріне деген құрметпен қарап, шәкірт бойынан еліктеушілік пен суырып салма шешендік қабілеттері байқалуда. 



                        Педагог-ұйымдастырушы:          Закарин Н.С.

Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің  жетекшісі:          Сауранбаева  З.А.