Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі Ыбырай Алтынсариннің туғанына – 180 жыл » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі Ыбырай Алтынсариннің туғанына – 180 жыл
26
январь
2022

Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі Ыбырай Алтынсариннің туғанына – 180 жыл

«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ
2021-2022 оқу жылы
20-қазан мен 30-қараша аралығын қамтыған Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі Ыбырай Алтынсариннің туғанына – 180 жыл толуына орай, ұйымдастырылған айтулы тәрбиелік он күндікте атқарған жұмыстарына
Хабарлама.
“Оқытушыны бағалағанда, олардың іске қатысы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың егістіктерінің бетіне шыққан жемістеріне, яғни оқушыларына қарап бағалау керек”, – дейді Ыбырай Алтынсарин. Мемлекетіміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласында тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойында біртуар тұлғаларды еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш етуіміз керек екенін атап көрсеткен болатын. Осы орайда мектебімізде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тарту ретінде Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай, бір қатар жұмыстар атқарылуда. Соның бірі 2021 жылдың 20-қазан мен 30-қараша аралығында Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің ұйымдастыруымен аса көрнекті ағартушы-педагог, жазушы, этнограф, Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметі жайында он күндік өткізілді. Тәуелсіздікке ұмтылыс жан алып, жан беретін күреспен қатар, рухани өміріне айрықша ықпал еткен ағартушылардың отарлау саясатына қарсы идеялық күресімен де ерекшеленеді. Солардың ең ірі өкілдерінің бірі, ұлтымыздың ұлықты ұстазы – Ыбырай Алтынсарин деп білеміз. Он күндікте оқушылар Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметі туралы баяндамалар жасап, өлеңдерін оқыды. Ы. Алтынсариннің өмір жолына қысқаша шолу жасап, оқушылар көріністер көрсетті. Ақын өлеңдерінің негізгі идеялары туралы өз ойларын ортаға салды. Аталған он күндік іс-шара барысында оқушылар Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығына байланысты викториналық сұрақтарға белсене жауап берді. Айтулы он күндіктің соңында Ыбырай Алтынсарин туралы шағын бейнефильм көрсетілді. Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметі жайлы бұл тәрбиелік маңызы зор он күндік жоғары дәрежеде өткізілді.
Бұл айтулы он күндікте шәкірт бойына Алтынсарин ұстанған негізгі мақсатын бұл бірлестік барынша жеткізе білді. Атап айтсақ-Алтынсарин ел басын біріктіру, халықтың келешегі үшін екі ірі мәселені алдына мақсат етіп қойды: біріншісі – мектеп ашу, бала оқыту, жалпы халықты ағарту жұмысы; екіншісі – халықтың ой-санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тәрбиелік істері. Оған оның барлық іс-амалы мен бізге қалдырған мұралары куә. Педагог-ағартушы үшін қазақ ұлты қарама-қарсылықтардың ажырамас бірлігі болып көрінеді. Сондықтан, оның шығармалары «жамандық пен жақсылық», «достық пен алауыздық», «сараңдық пен жинақтылық», «тәкәппарлық пен қарапайымдылық», «өнер, білім мен надандық», «әділдік пен әділетсіздік» сияқты қарама-қарсылық негізінде, жамандыққа жақсылықты, адамгершілікті қарсы қою арқылы қазақты өзара бірлікке, татулыққа тәрбиелейді.
imageimage