«Кемел келешектің жас көшбасшылары» » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Кемел келешектің жас көшбасшылары»
09
октябрь
2022

«Кемел келешектің жас көшбасшылары»

Қараша айының 9 жұлдызында «Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің хатына сәйкес Қонаев қаласы, «Орта мектеп-гимназиясында» «Кемел келешектің жас көшбасшылары» атты облыстық Оқушылардың Мектеп Парламенті «Өзін-өзі басқару» ұйымдарының Көшбасшылары арасынан өткен ашық алаңда атқарылған бір қатар жұмыстары жайлы

Хабарлама.

«Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің хатына сәйкес аудан мектептерінен Қонаев қаласы, «Орта мектеп-гимназиясында» өткен «Кемел келешектің жас көшбасшылары» атты ауқымды семинарға ауданымыздан 21 мектеп көшбасшылары қатысты. Аталған Көшбасшылар құрамына мектебіміздің Ұланбасы Саят Анельде арнайы шақыртылған болатын. Семинарға облыстық білім басқармасының арнайы шақыруымен қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, бір туар батыр тұлғалар, Жетісу жалынды жастары арасынан топ жарып жүрген Жас спикерлер атсалысты. Өңірлерден жиналған көшбасшыларға өздерінің өсиетті сөздерін айтып, ұлтымыздың басты құндылықтарына бай, Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы екендігін жастарға кеңінен насихаттап, бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет - бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсіндіре отырып, ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт - дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуы екенін баса назарға алып,  өз сөздерін әдемі қанатты жолдармен ұштастыра білді. Бұл он тоғыз аудан көшбасшылары қатысқан ауқымды семинарда оқушылар ұйымның фракция жұмыстарымен танысып, бір-бірімен іс-тәжірибе алмасып қайтты.