«Мемлекеттік тілді насихаттаудың ұтымды механизмі» атты мектепішілік дебаттық турнирде атқарған жұмыстарына Хабарлама. » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Мемлекеттік тілді насихаттаудың ұтымды механизмі» атты мектепішілік дебаттық турнирде атқарған жұмыстарына Хабарлама.
30
сентябрь
2022

«Мемлекеттік тілді насихаттаудың ұтымды механизмі» атты мектепішілік дебаттық турнирде атқарған жұмыстарына Хабарлама.

«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ

2022-2023 оқу жылы

30-қыркүйек зияткерлік, ақпараттық мәдениетті тәрбие бағытын негізге ала отырып,  дебат клубы мүшелері мен мектеп жас мамандары арасынан өткен «Отаным менің- Қазақстан!», «Мемлекеттік тілді насихаттаудың ұтымды механизмі» атты мектепішілік дебаттық турнирде атқарған жұмыстарына 

Хабарлама.


Мақсаты:Өскелең ұрпақтың Тәуелсіз еліміздің тарихын білуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой - өрісін іс - жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәуелсіз еліміздің шынайы патриоты болуға, өз Отандарын сүюге, құрмет тұтуға тәрбиелеу. Бір - бірімен достық, ынтымақтастықта болуға баулу.

МІНДЕТТЕРІ: Сыни және шығармашылық ойлауға қабілетті жауапты жастардың әлеуметтік жетілген ұрпақ қалыптастыру. Мектеп жастары мен оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру. Өскелең ұрпақтың арасында өзін-өзі білім қажеттілігін дамыту. Жарыссөз жүргізу ережелеріне және шешендік өнерге үйрету, Дипломатиялық дауларды шешу қабілетіне тәрбиелеу. Мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру бойынша жаңа идеялар ойлап табу. 

Жас мамандар арасынан өткен дебаттық турнирі мына төмендегі ережелерге сүйене отырып өткізілді.


Үкімет тарапы

Оппозиция тарапы

1-ші спикер: Премьер-Министр (ПМ)  2-ші спикер: Премьер-Министр  орынбасары (ПМО)


1-ші спикер: Оппозиция Лидері (ОЛ)  2-ші спикер: Оппозиция Лидерінің  орынбасары (ОЛО) 

Тараптардың басты мақсаты:

Тақырыпты неліктен қабылдау  керектігін түсіндіру.

Тақырыпқа қарсы шығу, неліктен  қабылдамау керектігін түсіндіру.


Турнирге қатысқандар: Тұрсын Айғаным, Адамов Санжар, Сартай Динаш, Серікқызы Ажар, Қуандық Бағдат, Болатхан Алпысбек, Зауытбек Айдар.



Турнир тәртібі мына төмендегі шартттар бойынша атқарылды.

Турнирдің барлық кезеңдері Америкалық парламенттік формат (АПФ) бойынша атқарылып, екі айналымда өткізілді. Бірінші айналым – іріктеу раундтары бойынша. Екінші айналым – негізгі ойындар: ширек финал, жартылай финал және финал. Ширек Финалда командаларға бір қарар берілді. Ширек финалдың қорытындысы бойынша жартылай финалға әр тіл тобында жеңімпаз командалар шықты. Жартылай финалдың жеңімпаздары финалда кездесіп, Жас Спикерлер мен Жас Ораторлар өз ойларын ортаға салып, Ұшқыр ой алаңын қыздыра түсті. Командалардың тақ саны болуына байланысты, жеребе бойынша бір команда «демалды». Өткізілген раунд үшін демалған команда командалық балл мен орташа спикерлік балды комиссия шешімі бойынша автоматты түрде алып отырды. Жеке раундтағы жеңісі үшін команда 1 ұпай, жеңіліс үшін – 0 ұпай алды. Спикерлік сөз сөйлеулер 1-ден 100-ге дейінгі балдық жүйемен бағаланды. Балл саны бойынша әр тіл тобында Турнирдің үздік спикерлері анықталып отырды. Бұл ашық ой алаңы мектеп педагог-ұйымдастырушысы мен дебат клубының жетекшісі Абденбаев Болат Шайсұлтанұлымен бірлесе отырып ұйымдастырылды. Мектеп мәжіліс залы дебат ережесіне сай безендіріліп, қатысушы үкімет мүшелері мен оппазиция мүшелеріне арнап, команда атаулары, төсбелгі эмблемалары, арнайы алаң әзірленді. Іс-шара барысында Абденбаев Болат Шайсұлтанұлы Тайм кипер (жүргізуші рөлін атқарды) яғни команда арасындағы сайыста басты ережелер мен уақыт тиімділігі, негізгі шарттарымен таныстырып, бұл көшбасшылар алаңында басты рөлді атқара білді. Бұл ұшқыр ой алаңына мектеп жастарының қызығушылығы артып, белсенділік байқатты. Жастарымыздың бұл жұмыстардан ерекше әсер алғандарын айтысып, болашақта зияткерлік, ақпараттық мәдениетті тәрбиелік маңызы зор жұмыстар көптеп атқарылса, бұданда жоғары дәрежеде ұйымдастырылса деген шынайы ұсыныстар болды. 


Қатысушыларды салтанатты марапаттау рәсімі:  Турнир қызықты әрі тартысты өтті. Турнирдің қорытындысы бойынша арнайы тағайындалған әділ қазылар алқасының мүшелері: Момынкулов Болат ағай мен Мырқасымова Алия апай, Дебат клубының жетекшісі Абденбаев Болат ағаймен бірлесе отырып, жеңімпаздарды және турнирдің үздік спикерлерін анықтады. Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен және «Үздік оратор», «Үздік спикер» номинациялары бойынша дипломдармен  марапатталды. 1-орын Тұрсын Айғаным мен Адамов Санжарға бірінші дәрежелі диплом мен бағалы кубок табыс етілді. 2-орын Сартай Динаш пен Серікқызы Ажарға екінші дәрежелі диплом табыс етілді. 3-орын Қуандық Бағдат пен Болатхан Алпысбекке үшінші дәрежелі диплом табыс етілді. Ал «Үздік Оратор» номинациясымен Берікбайқызы Назерке марапатталса «Үздік Спикер» номинациясымен Нұрланұлы Ердан марапатталды.