«Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие беру» бағытын негізге ала отырып ұйымдастырылған апталық іс-шараларда атқарылған жұмыстарына Хабарлама. » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие беру» бағытын негізге ала отырып ұйымдастырылған апталық іс-шараларда атқарылған жұмыстарына Хабарлама.
25
октябрь
2022

«Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие беру» бағытын негізге ала отырып ұйымдастырылған апталық іс-шараларда атқарылған жұмыстарына Хабарлама.

25-қазан Республика күніне орай «Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие беру» бағытын негізге ала отырып ұйымдастырылған

апталық іс-шараларда атқарылған жұмыстарына 

Хабарлама.

«Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның 25-і күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек», – деді Президент. Тоқаев 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданып, еліміз тәуелсіздік алуға алғашқы қадамын жасады деп атап өтті. Мемлекет басшысы Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін айтты.

Жоғарыда аталған айтулы мерекені өңірімізде жаңғырту мақсатында Балқаш аудандық білім бөлімінің басшысы-Д.Ақмолдаеваның нұсқауымен ауданымыздың әр мектептерінде кешенді іс-шаралар жоспары құрылып, жоғары деңгейде атқарылуы тиіс және Мемлекеттік әнұран салтанатты түрде өтуі туралы тапсырмалар берілген болатын. Алайда бұл жұмыстарға 1 Жамбыл атындағы 1-11 аралығындағы жетекшілер тарапынан оқушылардың қанатты сөздерге толы мағыналы бейне жазбалары, видео-челлендждері әлеуметтік желілерге жолданып, бір қатар ашық тәрбие сағаттары өз дәрежесінде өтті. Оқушылардан «Атамекен» тақырыбында жалпы республикалық патриоттық диктант алынып, жақсы жазылған еңбектер коллаждарға салынды. «Патриотизм дауысы» тақырыбында 1-11 оқушыларымен салтанатты жиын өтіп, мектеп алаңы мектеп жастарының шынайы дауысымен Мемлекеттік ән ұран әуенімен бір асқақтап өтті. Оқушылардың Мектеп Парламенті «Өзін-өзі басқару» ұйымы мен «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарының бір топ белсенді мүшелері көпшілік алдында Республика күніне ізгі-тілек, жүрек-жарды құттықтауларын білдіріп, мектеп әкімшілігінің әзірлеуімен қолдарына құрмет грамоталары салтанатты түрде табыс етілді. Республика күнін мерекелеуді баршаға жария ету мақсатында құрылған медия жоспар аясында мектебімізде тәрбиелік маңызды жұмыстар атқарылып, мектеп, аудан әлеуметтік  Instagram, FacebooK  парақшаларына жариялан.






Педагог-ұйымдастырушы:                 Закарин Н.С.