8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, «Ана гүл, ана-өмір шуағы» атты тақырыбында өткен іс-шарада атқарған жұмыстарына Хабарлама. » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, «Ана гүл, ана-өмір шуағы» атты тақырыбында өткен іс-шарада атқарған жұмыстарына Хабарлама.
08
март
2022

8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, «Ана гүл, ана-өмір шуағы» атты тақырыбында өткен іс-шарада атқарған жұмыстарына Хабарлама.

«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ

2021-2022 оқу жылы

8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, «Ана гүл, ана-өмір шуағы» атты тақырыбында өткен іс-шарада атқарған жұмыстарына 

Хабарлама.


Мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай орасаң зор екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету. Ұл балалардың қыз баласына деген адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу. Қазіргі қоғамдағы қыз балалардың  рөлін айқындай түсу бағытында қыз балаларға рухани тәрбие беру, халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын ұғындыру, білімге және өнерге, имандылық пен инабаттылыққа тәрбиелеу.





-Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әйел-Ана-өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Өміріміздің сән-салтанаты мен мектебіміздің мерейінің үстем болуында да қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр. Олай болса, көктемнің осынау шуақты мерекесі көңілдеріңізді нұрға, жүректеріңізді жырға бөлесін! 1-жоспар бойынша 8-наурыз Халықаралық ұстаз аналар мерекесіне мұғалімдер бөлмесіне 10-сынып ұл-қыздары тақырып іліп, тосын сый жасады. Барша әйел ұстаздар қауымына тілектер жазылып, ұлағатты сөздер айтылды. Үзілісте жиналған барша ұстаз аналарға оқушылар жақсы көңіл-күй, қуаныш сыйлай білді. Осы жұмыстардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына және іс-шара барысында жағымды көңіл-күй мен әріптестеріміз ерекше әсерде болуына бірден бір себепші жетекшілер ол-10 «ә» Надирбекова Элмира апай мен 10 «а» Сауранбаева Зада Алтайқызы еді.  


2-жоспар бойынша мына төмендегі жұмыстар өз дәрежесінде атқарылды. 8-наурыз Халықаралық ұстаз аналар мерекесіне 11-сынып жетекшілері: 11 «а» Алимжанов Н.Т, 11 «ә» Балқыбаева В.Ө, 11 «б» Токсамбаева В.К. сынды жетекшілері мереке қарсаңында бірлесе отырып, мектебіміздің дәстүрге айналған 11-сынып оқушылары барша ұстаз аналарға тосын сый жасап, олардың бұл мерекеден ерекше әсер аларлықтай жұмыстарды көрсету мақсатында мектебіміздің фойе алды І қабатына банер тұрғызызып, әдемі жүрекшелер мен гүлдерге толтырып мерекеге сай безендірді. Арнайы тақтайшаға «Тілек қоржыныны» жасалып, әр әріптестерімізді қошеметпен қарсы алды. Іс-шара барысында үш жетекші тарапынан барша мектеп ұстаз әйелдер қауымына жағымды атмосфера туғызып, ерекше әсерде, шаттық пен қуанышқа толы көңіл-күй сыйлай білді. Осы жұмыстарға жетекшілер өз қиялдарына ерік беріп, тәрбиелік маңызы зор жүйелі жұмыстар атқарды. Жетекшілердің бұл жұмыстарынан бір байқағанымыз шәкірт бойынан ұлтқа тән рухани адамгершілік тәрбиенің бар екендігі, үлкенге ізет кішіге құрмет көрсетіп, болашақ мықты азамат пен азаматшалар қалыптасып келе жатқанын байқатты. 



8-наурыз қыздар мерекесіне орай, 9,10,11-ұлдары арасынан ұйымдастырылған «Көгілдір көктемнің қызғалдағы деп көркем жыр төккен, армысың, ару, нұр көктем» атты мектебіміздің 9,10,11-қыздарына әдемі кеш ұйымдастырды. Әдемі кештің ашылуын ұлдар қыздарды салтанатты түрде қошеметпен күтіп алды. Ұлдардың қыз балалардың құрметіне дайындаған қызыққа толы ойындары, әр түрлі жанрдағы билері мен қызықты көріністеріне және безендірулері қыздарымызды ерекше қуаныш пен әсерге бөледі.