1 наурыз Ризашылық күніне орай «Алғыс айту-игілік сыйлау» атты апталықта атқарған жұмыстарына » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 наурыз Ризашылық күніне орай «Алғыс айту-игілік сыйлау» атты апталықта атқарған жұмыстарына
01
март
2022

1 наурыз Ризашылық күніне орай «Алғыс айту-игілік сыйлау» атты апталықта атқарған жұмыстарына

«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ

2021-2022 оқу жылы

1 наурыз Ризашылық күніне орай «Алғыс айту-игілік сыйлау» атты апталықта атқарған жұмыстарына 

Хабарлама.


Мақсаты: Оқушының   жанұяға, ата - анаға, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынастарын дамыту. Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір - бірімен үйлесімді қарым - қатынас жасай білуге үйрету. Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт - дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.

           Алғыс айту – бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік және өз ара сенімділік пен құрмет көрсету яғни күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде сол баяғы сенің жан дүниеңдегі аласұрып лаулап өрт болып жатқан қиыншылығыңды бірге арқалап, алдыға жетелеп, әрдайым жаныңның жаршысы бір сөзбен айтқанда «жайылсаң жастар жастық, көсілсең көлденең көрпе» бола білген барлық жандарға шын көңіліңнен алғысымен рахметін айтуы, жүрек жарды жылы лебіз сөзін тілге тиек етуі деп білеміз. 



         Ризашылық күні адамдар бір - біріне жылы сөздер, жақсы тілектер айту арқылы қуаныш, шаттық сыйлайды, өз жетістіктерімен бөліседі. Бір - біріне алғыс айтады. Ризашылық күні - балалар мен ересектердің жадында маңызды,жылы жарасымды, ерекше күн ретінде есте қалатын мереке. Яғни, бұл нағыз - "Жан рақымының мерекесі". 

         Мектебімізде 1-наурыз Ризашылық күні «Алғыс айту-игілік сыйлау» атты тақырыбында 1-11 сынып оқушылары арасынан  ашық хаттар жазылып, тілек конверттері мен мектеп суретші және шебер қолдарының қолынан жасалған көрнекі қол бұйымдар барша ұстаздарға тарту етілді. Видео жолдаулар мен мағыналы бейнежазбалар жолданды. Ризашылық күні ашық сынып сағаттар өтіп, бір қатар тәрбиелік жұмыстармен толыға түсті. Бұл Тұңғыш Президенттің   бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні болғандықтан мектебіміздегі түрлі этнос өкілдерінің арасында ұйымдастырылған татулықты ту еткен маңызды жұмыстардың арқасында бүгінде адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.





Педагог-ұйымдастырушы:          Закарин Н.С.