«Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында өткізілген іс-шара бойынша » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында өткізілген іс-шара бойынша
12
май
2022

«Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында өткізілген іс-шара бойынша

№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ

                                                       2021-2022 оқу жылы 

        «Зорлық –зомбылықсыз  балалық шақ» тақырыбында  өткізілген іс-шара  бойынша   

 Хабарлама

 «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ»тақырыбында іс-шара   жоспары  құрылып, сол  бойынша   жұмыстар  атқарылды. 

Мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту Оқушыларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу. Баланы түзу өсіретін қорқыту-үркіту емес, оның еркін өсуі жан-жақты дамуына игі әсер етеді. 

№1 Жамбыл атындағы  орта  мектебінде 25-04-05-05   аралығында «Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ» атты акция өтті. Алдын ала жасалған жоспар негізінде іс-шараларды өткізуге тәрбие жөніндегі орынбасары, психолог, сынып жетекшілер бірлесе отырып атсалысты, сыныптар да белсенділік танытты. Жоспар бойынша  8-9 сынып оқушылар арасынан « Қатыгездіксіз балалық шақ» тақырыбында ең үздік эссе жазылды «Тең теңімен» спорттық сайыс өтті онда екі топқа бөлінген оқушылар бірінші топ «Күншуақ» екінші топ «Жұлдыз»топтары қатысты сайыста «Күншуақ» тобы жеңімпаз болды.





Тәрбие ісінің орынбасары Толықбаев Д.Д  және психолог «Балалар түнгі қалада » көше рейдтін тексеру  болды.

 Суреттер салу және суреттер көрмесі сайысы өтіліп оқушылар берілген уақыт ішінде топпен сурет салып қорғады


 Оқушылардан «Зорлық зомбылықсыз  балалық   шақ» тақырыбында  сауалнама  алынды.Сауалнамаға  220 оқушы   қатысты  . Сауалнама  жабық түрінде   алынды.

 Қорытындысы оқушылардың  барлығы  зорлық зомбылық  туралы ешқандай  қиындық   көрмейтіндерін, оларға  ешкім  қиындық   көрсетпейтіндерін,  және 

өз –өздерін   қорғай  алатындарын   жазған. 

Сынып жетекшілер сынып сағаттарын өткізді «Балаларды ренжітпеу,кемсітпеу», «Балалық шақты қорғау заңдары» тақырыптарында өтілді. 

«Мен зорлық зомбылыққа қарсымын » мектеп психологтары тренинг өткізді.







 Іс- шара  соңында оқушыларды грамоталармен марапаттап қорытындыладық.

Дүниеде зорлық-зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді.
 Адамзат дүниесінің әсемдігі, әлемнің әдемілігі үшін не үлес қосып жүрміз?

Мен былай дегім келеді.
 Әлемнің бір адамы ретінде
 Ақ жүрегіммен сөз беремін
 Өзіме, жанымдағыларға
 Күннің шуағын, гүлдің нәзіктігін сыйлаймын.
 Қараңғыны нұрландырамын,
 Суықты жылытамын.
 Дәл қазір маған қиын болғанмен жасымаймын,
 Әр күні өзімнің жан дүниемді
 Тазартуға тырысамын.
 Менің жүрегім қуанышқа, махаббатқа,
 Мейірімге бөленеді.
 Келер күннің шұғылалы боларына сенемін,
 «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын».



Педагог-психологтар :       Чокенова С.К

                                               Болат Е.М