26-қараша Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай. » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 26-қараша Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай.
26
январь
2022

26-қараша Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай.

«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ
2021-2022 оқу жылы
26-қараша Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, мектеп үздіктері мен екпінділерін Республикалық бірыңғай «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты түрде қабылдау мен жаңа бөлімбасылары және ұланбасын ұлықтау салтанатты жиынында атқарған жұмыстарына
Хабарлама.
«Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты - оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.
Мектебімізде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, мектеп үздіктері мен екпінділерін Республикалық бірыңғай «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты түрде қабылдау мен жаңа бөлімбасылары және ұланбасын ұлықтау туралы рәсімінің алда өтетін салтанатты жиынының кешенді іс-шара жоспары барша ұжымға таныстырылып, сынып жетекшілер тарапынан жаңа «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» ұйымына қабылданатын сынып белсенділері, екпінділері, сынып үздіктері, сынып озаттарының тізімі алынып, жұмыс барысымен таныстырылды.
«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымының мүшелері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл толуына орай, өткізілген «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау салтанатты жиынына дайындықтары туралы Ұйым Президентіне «Жас Ұлан» ұйымының Премьер министрі 10 «ә» оқушысы Тұрдалы Амина мен «Жас Қыран» ұйымының белсенді мүшесі 3 «ә» сынып оқушысы Берік Әділжан хабарлама жасады. «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отырып, ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыру үшін «Жас Ұлан» ұйымының әрбір бөлім басылары, топ басшылары мен топ сардарлары алға шығып жалынды сөздерімен өздеріне берілген мақсат-міндеттерін жоғары деңгейде орындап шықты. Атап айтсақ биылғы 2021-2022 оқу жылының белсенділері: 10 «ә» Кешубай Диястың, 9 «а» Аңсат Абылайхан, 8 «а» Ерлан Сымбат Ерланқызы, 7 «а» Өмірсерік Арсен, 6 «ә» Сағынкелді Мейіржан, 5 «б» Дәулет Кәусар Даниярқызы, 4 «а» Айболқызы Ақкенже, 3 «а» Ернарқызы Амина, 2 «а» Ерболған Махназ Русланқызы, 1 «б» Оңғарбай Аяла сияқты Жас Ұлан ұйымының бір қатар белсенді мүшелері Жас Ұлан мүшесі шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек екенін. Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата - анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінетін. Туған елін шексіз сүйетін, Елжанды мықты тұлға болып қалыптасу сияқты басты көшбасшылық қаиеттерге бағыттайтын даңғыл жолды рухты оятатын жалынды сөздерімен атап өтті.
Салтанатты жиын барысында сөз мектеп директоры Қамзина Бибігүл Мұхамадиқызы мен тарих пән мұғалімі Октябров Өмірсерікке берілді. Сөз барысында «Жас Қыран» мен «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларды құттықтап, Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларына жүрек жарды өсиеттерін айтып, шынайы ниеттерін білдірді. Мектеп әкімшілігі және ардақты ұстаздар қолынан «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға галстук және төс белгілерін салтанатты түрде табыс етті. Жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру сәтінде: Мектептің жаңа Ұланбасы Саят Анель ант берді. Іс-шара соңында жаңа Ұланбасы осы жаңа оқу жылының өткен «Ұланбасы сайлауында» бағдарламасының көпшілік көңілінен шыққанына қуанышын білдіріп, сайлау барысында мектеп оқушылары мен барша ардақты ұстаздардан қолдау тапқанына ырзашылығын білдіріп, алдағы атқаратын өз міндеттерін жауапкершілікпен атқаратынына нық сенімін білдірді.
image
image
image
1-10 сыныптар арасынан жаңа оқу жылының «Жас Қыран» мен «Жас Ұлан» ұйымының мүшелерін сынып жетекшілер эпидемиалогиялық сақтық шараларын сақтай отырып, сынып ішінен қабылданды.
image
image