2021 - 2022 оқу жылы «Алтын белгі» белгісіне үміткерлерді ұсыну жайлы » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2021 - 2022 оқу жылы «Алтын белгі» белгісіне үміткерлерді ұсыну жайлы
22
февраль
2022

2021 - 2022 оқу жылы «Алтын белгі» белгісіне үміткерлерді ұсыну жайлы

№1 педагогикалық кеңеске

№1 Жамбыл атындағы орта мектебі
2021 - 2022 оқу жылы
«Алтын белгі» белгісіне үміткерлерді ұсыну жайлы

ХАБАРЛАМА

Оқушы "Алтын белгi" белгiсi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №1253 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 14 мамырдағы №608 Қаулысына сәйкес "Алтын белгі" белгісімен мына талаптарға сәйкес келген жағдайда марапатталады:
1/ үлгiлi мiнез-құлық көрсеткен және негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларына немесе «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының білім беру оқу бағдарламаларына сәйкес оқу жоспарының барлық пәндерi бойынша оқу кезеңiнде бiлiм берудiң негiзгi орта және жалпы орта деңгейлерiнде «5» деген жылдық және қорытынды бағалары бар;
2/ жалпы орта білім берудің қорытынды аттестаттауынан "өте жақсы" деген бағамен өткен оқушылар марапатталады;
3/ «Алтын белгi» белгiсiмен оқушылар негізгі орта, жалпы орта білім беру жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын республикалық білім беру ұйымдарының, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының, облыстар, Астана және Алматы қалалары бiлiм басқармаларының марапаттауға ұсынылатын оқушының осы Ереженiң талаптарына сәйкестiгi туралы ұсыныстары негiзiнде Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органының бұйрық шығаруы жолымен марапатталады.
4/ "Алтын белгі" белгісімен марапаттау салтанатты жағдайда өткізіледі.
5/ Осы Заңның 26 - бабының 5-тармағына сәйкес "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдардың конкурс өткізу кезінде білім беру гранттарын алуға, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білім беруден кейінгі және жоғары білімді кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылар құрамына қабылдауда басым құқығы бар.
6/ "Алтын белгі" белгісімен марапатталушы заңнамада белгіленген тәртіппен денсаулық жағдайы бойынша арнайы талаптар көзделген жоғары оқу орнын таңдаған жағдайда, денсаулығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген арнайы талаптарға сәйкес келген жағдайда ғана қабылдана алады.
7/ Осы Ереже меншік үлгісіне, түріне, нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, белгіленген тәртіппен бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқушыларына қолданылады.

2021 - 2022 оқу жылындағы «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер:
1/ 11 «а» сынып оқушысы Амангелді Айгүл Сабитқызы 2011 жылы №1 Жамбыл атындағы орта мектебіне қабылданған. 1 сыныптан бастап оқу үздігі. 2020 жылы негізгі мектепті үздік аттестатқа аяқтаған. Мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене араласады. Мектептегі «Жас Ұлан» ұйымының мүшесі.
Мектепте оқу барысында келесі жетістіктерге жеткен:
2016 жылы «Инфоурок» орыс тілі пәні бойынша І дәрежелі диплом иегері;
2017 жылы «Ең үздік тілек» байқауынан белсене қатысқаны үшін Алғыс Хат иегері;
2016 жылы «Тәуелсіздік ел тірегі» патриоттық әндер байқауында 3 орын иегері;
2017 жылы «Инфоурок» география пәні бойынша І дәрежелі диплом иегері;
2018 жылы «Адамның денсаулығы қоғам байлығы» атты жарыста ІІІ орын иегері,
2018 жылы КИО олимпиадасында геометрия пәнінен 1 дәрежелі диплом иегері;
2018 жылы ҚР Кіші Ғылым Академиясының 23 Алматы облыстық ғылыми-тәжірбиелік конферециясына ағылшын пәнінен өз баяндамасын ұсынған;
2018 жылы М.Мақатаевқа арналған «Жылайды жүрек» байқауында «Көркем сөз» номинациясы бойынша І орын иегері;
2018 жылы «Iqanat» олимпиадасында ағылшын пәнінен І кезең жеңімпазы;
2019 жылы «Жарқын болашақ» олимпиадасында «Ұлы даланың-Ұлы Абайы» номинациясы бойынша І орын иегері;
2019 жылы «Жүйріктен Жүйрік Озар жарысқанда» байқауының ІІІ орын иегері;
2019 жылы ҚР Кіші Ғылым Академиясының 28 Алматы облыстық ғылыми-тәжірбиелік конференциясына өз баяндамасын ұсынып, ІІ орын иегері атанған.
2/ 11 «Ә» сынып оқушысы Серікбай Назгүл Бауыржанқызы 2011 жылы №1 Жамбыл атындағы орта мектебіне қабылданған. 1 сыныптан бастап оқу үздігі. 2020 жылы негізгі мектепті үздік аттестатқа аяқтаған. Мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене араласады. Мектептегі «Жас Ұлан» ұйымының мүшесі.
Мектепте оқу барысында келесі жетістіктерге жеткен:
2016 жылы халықаралық “Инфоурок” жоба олимпиадасының III дәрежелі диплом иегері;
2018 жылы 2-ші Республикалық “Bilgen Alaman” ұлттық білім сайысының I дәрежелі диплом иегері;
2018 жылы “Жарқын болашақ” X аудандық “KATEV” қазақ тілі олимпиадасының “Сөз шеберлері” конкурсы бойынша II орын иегері;
2018 жылы аудандық пән олимпиадасында математика пәні бойынша I орын иегері;
2019 жылы “IQanat” олимпиадасында ағылшын тілі пәнінен І кезеңінің жеңімпазы;
2019 жылы “Жарқын Болашақ” Республикалық ғылыми-әдістемелік журналының “Жарық жұлдыз” байқауында “көркем сөз” жанры бойынша I орын диплом иегері;
2019 жылы аудандық “Ділмар” шешендік өнер байқауында “Бас жүлде” иегері;
2019 жылы “КҒА” ғылыми жобалар конкурсының тіл білімі секциясы бойынша аудандық II орын иегері;
2021 жылы “Дарын” РҒПО” ұйымдастырған жалпы білім беретін пәндер бойынша онлайн олимпиадасының II орын иегері.

Ұсыныс:
1/ 11 «А» сынып оқушысы Амангелді Айгүлді, 11 «Ә» сынып оқушысы Серікбай Назгүлді "Алтын белгі" белгісіне ұсыну.


Орындаған оқу ісі жөніндегі орынбасары: Нұрқат А.Н.