Жамбыл орта мектебі туралы мәліметтер » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жамбыл орта мектебі туралы мәліметтер
12
ноябрь
2020

Жамбыл орта мектебі туралы мәліметтер

№1 Жамбыл атындағы орта мектебі 1938 жылы құрылған. 760 оқушыға арналған ағымдағы ғимараты 1972 жылы берілген.
2018-2019 оқу жылында мектеп бітіруші түлектер саны – 39. Асқарқызы Дана, Рақыжан Ақзер – «Алтын белгі», Михаил Ақжол, Рысбек Аружан, Абдрахман Гульвира – «Үздік аттестат» иегері атанды. ҰБТ-ге мектебіміздің 20 түлегі қатысты. Оның ішінде 7 оқушымыз 100 баллдан жоғары балл алды. 13 оқушымыз мемлекеттік грант иегері атанды.
2018 жылға бюджет есебінен жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан жалпы бөлінген қаржы-3 237 775 теңге, оның ішінде оқушылардың жазғы сауықтырылуына-604192 теңге, киімге-546333, бір мезгіл ыстық тамақпен қамтуға-2087250 теңге бөлінді. Бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны-77, оның ішінде 22 оқушы мектеп асханасының жалгері есебінен. Жазғы сауықтыруға Алматы қаласындағы «Алматау» лагеріне маусым айында 33 бала қамтылды.
«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында мектеп ұстаздары тарапынан 50 оқушыға 100000 теңгеге мектепке қажетті оқу құралдары, демеушілер есебінен 11 балаға 165000 теңгеге мектеп формасы алынып берілді. Педагогикалық ұжым 99 мұғалімнен құралған. Жоғары білімді мұғалімдер саны-85 /86%/, арнаулы орта білімі бар мұғалімдер саны- 14 /14%/.
2019-2020 оқу жылында мектеп табалдырығын 51 оқушы аттады. Мектептегі оқушы саны- 692, 1-4 сыныпта-268, 5-9 сыныпта-357, 10-11 сыныпта- 67, МАД- 43.
Мектебіміздің материалдық-техникалық базасы жабдықталған. Кең жолақты Интернет желісіне қосылған. Компьютерлер саны -89. Бір компьютерге 5,3 оқушыдан келеді. Компьютерлік кабинет саны-2. Интернетке қосылғаны-5. Модификациялық кабинет-2 (физика 2008ж, 2-химия 2014ж). Интербелсенді тақта-6. 2017-2018 оқу жылында-2, 2018-2019 оқу жылында 3 мультимедиалық қондырғылар, 1 IT сынып орнатылды.
Әлеуметтік жағдайы бойынша: тұл жетім-3; ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала–4; жартылай жетім отбасынан –49, көп балалы отбасынан- 49 оқушы.
Жоғары санатты мұғалімдер саны- 19 /19,2%/, бірінші санатты мұғалімдер саны-33 /33,4%/, екінші санатты мұғалімдер саны-25 /25,3%/, санаты жоқ мұғалімдер саны – 23 /23,3 %/, яғни санаты бар мұғалімдер саны-77.
Аттестаттаудың жаңа ережесі бойынша 7 ұстаз педагог-зерттеуші, 8 мұғалім педагог-сарапшы, 9 мұғалім педагог-модератор біліктілік санатына ие болды. Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер саны-36, оның ішінде І деңгей-7, ІІ деңгей -5, ІІІ деңгей-24.
«Тәжірибедегі рефлексия»курсынан өткен мұғалімдер саны-7.
Жаңартылған білім мазмұны бойынша курстан өткен мұғалім саны- 55.
«Роботехника» курсынан өткен мұғалім саны -5.
ЖМЦ пәндерін үш тілде оқыту курсынан өткен мұғалім саны-3 /С1 деңгейі/.
Мектеп үйлестірушісі» курсынан өткен мұғалім саны- 2.
Жас мамандар саны- 3.

Похожие публикации:

12 ноябрь 2020 100 есім
02 март 2020 Тамақтану
15 май 2019 Хаттама