3 тоқсаның басталуы туралы » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 3 тоқсаның басталуы туралы
18
январь
2022

3 тоқсаның басталуы туралы

Жалпы білім беретін білім беру ұйымдарындағы оқу процесі белгіленген оқу жүктемесіне, жұмыс оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына сәйкес, сабақ кестесі ұзақ мерзімді жоспарлау (КТЖ) негізінде жүргізіледі. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары қашықтықтан оқыту форматына көшірілген барлық білім алушыларды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету бойынша уақтылы шаралар қабылдауы қажет. Білім беру ұйымдары білім алушыларының оқу жетістіктерін бағалау Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. БЖБ және ТЖБ саны пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес айқындалады (шектеу шаралары енгізілгенге дейін дәстүрлі форматта жүзеге асырылғандай). Сіздердің назарларыңызға білім беру ұйымдары ағымдағы оқу жылының 3 тоқсанында оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуының ерекшеліктері туралы балалардың ата-аналары мен заңды өкілдерін хабардар етуі қажет екенін жеткіземіз. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары 3 тоқсанның басталуын ерекше бақылауға алуы қажет. Председатель Г. Каримова