14-21қыркүйек аралығы Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде Отбасы тәрбиесін негізге ала отырып ұйымдастырылған «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» атты апталық іс-шарада атқарған жоспарына » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 14-21қыркүйек аралығы Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде Отбасы тәрбиесін негізге ала отырып ұйымдастырылған «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» атты апталық іс-шарада атқарған жоспарына
21
сентябрь
2022

14-21қыркүйек аралығы Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде Отбасы тәрбиесін негізге ала отырып ұйымдастырылған «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» атты апталық іс-шарада атқарған жоспарына

«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ

2022-2023 оқу жылы


14-21қыркүйек аралығы Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде Отбасы тәрбиесін негізге ала отырып ұйымдастырылған «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» атты апталық іс-шарада атқарған  жоспарына

Хабарлама.


Мақсаты:Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қатынастарын нығайту, ата – анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын арттыру.

          "Отан отбасынан басталады" деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, ол болмаса, отанасы, одан қалса, үлкен аға не әпке басқарады, олардың сөзін, ұйғарымын өзгелері жерде қалдырмайды. Әрбір ересек адам өзі бақытты болуы үшін, ең бастысы, өзгелерді, оның ішінде бірінші болып балаларды бақытты ету керек екендіктерін білулері қажет. Бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ержететінін білеміз. Мұның бәрін неге қозғап отырмыз? Себебі - 14-21 қыркүйек аралығы жарық дүниедегі ең жақын жандарыңыздың төл мерекесі болып республика көлемінде аталып өтуде. Мектебімізде Отбасы тәрбиесін негізге ала отырып, «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына»  атты кешенді апталық онлайн іс-шаралар жоспары құрылды.Әр түрлі тақырыптардан құралған тәрбиелік бір қатар жұмыстар атқарылып өтті. Атап айтсақ: 9,10,11-сынып оқушылары және ата-аналар мен мектеп психологтары Чокенова Салтанат, Балқыбаева Венера Өкілбекқызының ұйымдастыруымен  «Аяулы алақан» тақырыбында ата-аналар арасында Конференция , тренингтер мен  онлайн сауалнамалар өтті. Қашықтықтан өткен бұл іс-шара барысында мектебіміздің тәжірибелі  психологы Чокенова Салтанат Газизовна ата-аналарға өз сөзінде «Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз. Сондықтан да бүгінгі мерекеде бір-біріңізге әдемі де әсерлі сөздер арнап, ерекше сыйластық көрсете біліңіздер! Аса қадырменді ата-аналар тек қана бүгін емес, жылдың әрбір минутында, әрбір сағатында, жанұяларыңызды ыстық ықыластарыңыз бен шексіз махаббаттарыңызға бөлей жүріңіздер!» деп өзінің тәрбиелік жалынды сөздерімен апталықтың жұмысын айшықтап аша білді.