Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні бойынша 2022-2023 оқу жылындағы жұмысының жылдық есебі » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні бойынша 2022-2023 оқу жылындағы жұмысының жылдық есебі
03
июль
2023

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні бойынша 2022-2023 оқу жылындағы жұмысының жылдық есебі



« №1 Жамбыл атындағы орта мектебі » МКМ

Алғашқы әскери және технологиялық
 дайындық пәні бойынша 

2022-2023 оқу жылындағы  жұмысының 

жылдық есебі




















2022-2023 оқу жылы

«№1 Жамбыл атындағы  орта мектебі» МКМ 

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні бойынша  

   2022-2023 оқу жылындағы жылдық

 жұмыс есебі.


Мұғалімнің өзекті мәселесі:

«Оқушыларды ҚР ҚК-де қызмет ету үшін АӘТД теориялық тиянақты білімдері негізінде, практикалық дағдыларды меңгере алатындай жаңа патриотты  тұлға қалыптастыру»

«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәні-білім алушыларды отаншылдық рухқа және Отанды қорғауға дайын болуға тәрбиелеуге бағытталған пән. Ол білім алушылардың төтенше жағдайларда әскери іс негіздері мен адамның өмір қауіпсіздік әрекеті бойынша білім алуына және әскери қызметтің дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектебінің 10-11-сыныптарына арналған «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнін оқыту ҚР БҒМ 2020 жылғы «21» сәуірдегі № 154 бұйрығына қосымша, ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы арқылы жүзеге асырылады.

 Осыған сәйкес апталық жүктемем   6  сағатты құрайды. 10 «а»- 1 сағ,  

  10 «ә»-1 сағ,10 «б»- 1 сағ,11 «а»- 1 сағ, 11 «ә»- 1 сағ,11 «б»- 1сағ.  

Алғашқы әскери және технологиялық  дайындық (барлығы 36 сағат, аптасына 1 сағаттан)

Оқулық: Алғашқы Әскери және Технологиялық  Дайындық: Жалпы білім беретін мектептің 10- сыныбына арналған оқулық:  А.Н.Рыспаев, Е.Б.Адельбаев, Н.Т.Асилов, А.И.Рихтер, А.М.Ерекешев, А.С.Усербаев, Ж.А.Саткулов, С.К.Куптилеуова. Келешек-2030 баспасы, 2020 жыл.   

Оқулық: Алғашқы Әскери және Технологиялық   Дайындық: Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбына арналған оқулық: А.И.Рихтер,В.Л.Яковенко. Келешек-2030 баспасы, 2020 жыл.    

          «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы мен міндеті» - деп Қазақстан Республикасының Конституциясының 36 бабында айтылған.    Оқу бағдарламасы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген. Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген). 

         АӘТД пәнінің оқытудағы негізгі мақсаты – ҚР Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы түсінігін және әскери іс негіздері бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру; оқушылардың өмірлік қабілеттері мен дағдыларының дамуын қалыптастыруға ықпал ету.

   Міндеттері: оқушыларды ҚР ҚК-де қызмет ету үшін әскери дайындықтың теориялық тиянақты білімдері негізінде, практикалық дағдыларды меңгере  алатындай жағдайда даярлау.

 Жалпыға міндетті білім стандартына сай күнтізбелік-тақырыптық  жоспарын   құрып, ол дене шынықтыру пән бірлестігінің отырысында қаралып, оқу ісінің меңгерушісі  және мектеп директорымен бекітілді. 

Сыныптар бойынша қабілетті оқушылар: 

11-сынып бойынша: Кешубаев Диас, Құлжахмет Мұхаммед, Попов Анатолий, Попов Роман.

10-сынып бойынша: Нұрболұлы Ердос, Елтай Ерік, Аңсат Абылайхан, Нұрмұханбет Мирас, Мұхамади Нұржан.  

Мектепте АӘТД кабинеті бар, мектептің 74 % әскери мүліктерді сақтау бөлмесі бар, 78 % саптық даярлық алаңы жабдықталған.

         

         

«2022-2023 оқу жылының алғашқы кезеңінде бастапқы әскери дайындық ұйымдастырушы-оқытушыларымен бір күндік оқу-әдістемелік жиынын өткізу туралы» бұйрығының негізінде Балқаш ауданының бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдерімен бірге 2022 жылдың 6-қыркүйек  айында Балқаш ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде өткен жиынға қатыстым.



Қазан айының 12-ші жұлдызында 10-11-сынып оқушылары арасынан «Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие беру» бағытын негізге ала отырып «Жас Сарбаз-2022» атты әскери-патриоттық, спорттық   сайысы ұйымдастырылды.

 Бұл әскери-патриоттық сайыс мектеп педагог-ұйымдастырушысы және алғашқы әскери және технологиялық дайындық пән мұғалімі, дене тәрбиесі бірлестігімен бірлесе отырып, ұл-қыз балаларды тәрбиелеуде алға қойған айқын мақсаттарынан туындаған ауқымды іс-шара. Сайыс өткізудегі мақсатымыз: Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру, Қазақстан халқының ұлттық, әскери, еңбек дәстүрлерін жалғастыру, жарысқа қатысушылардың спорттық шеберлігін жоғары деңгейге көтеру болатын. 

Жоғарғы сынып оқушыларынан құралған 6-команда жарыста әскери спорттың 6-түрінен сайысқа түсті. Атап айтсақ:

а) АК-74 автоматын жартылай бөлшектеу және жинақтау. (әр топтан бір оқушы қатысады) 

ә) Саптық жүріс (команданы бірқатарлы сапқа тұрғызу, «ТҮЗЕЛ!», «ТІК ТҰР!» пәрмені, бірқатарлыдан екіқатарлы сапқа тұрғызу, топ командирінің рапорты, топтың аты, ән ұраны, әні, туға қарап түзелу)

б) 16 кг. гір тасын көтеру. (әр топтан бір оқушы қатысады)

в) Армрестлинг (әр топтан бір ұл, бір қыз қатысады)

г) Кермеге тартылу (турник) (әр топтан бір ұл) 

д) Кросс ұлдар 1500 метр, қыздар 1000 метр.

Бұл жоғарғы сынып ұлдары мен қыздары арасынан өткен әскери-патриоттық, спорттық ауқымды сайыста қатысушы командалар қойған талап-міндеттерді әр оқушы жауапкершілікпен атқарғаны арнайы келген қатысушы көрермендер мен комиссия мүшелерінің көңілінен шыға білді. Сайыста топ жарған команда капитандары номинациялармен марапатталып, қалған қатысушылар І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. І орынға ие болған 11«ә»-сынып оқушылары. Сайыс тартысты, әрі әсерлі өтті.


            Қараша айының 10-жұлдызында «Рухани жаңғыру бағдарламасы» аясында мектебіміздің ардақты, ардагер ұстазы болған Бердіғұл Кенжебаевтің (1946-2010)  өмірімен, атқарған қызметі және тәрбиелеген шәкірттерімен мектеп оқушыларын таныстырдым. 


    

            Жалпы желтоқсан айы бойынша Балқаш ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне есепке тұру үшін мектебіміздің 2006-жылы туылған ер азаматтарының құжаттарын дайындадым. 2022-2023 оқу жылында «№1Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ-де 2006-жылы туылған ер азаматтардың саны 8. Құжаттары толық жиналды, медициналық тексеруден өтіп, есепке тұруға дайын.  



             Желтоқсан айының 9-жұлдызы Қарағаш орта мектебінде аудандық «Үздік командир-2022» атты әскери-патриоттық сайысы өтті. Сайысқа мектебіміздің мақтанышына айналған, оқушылардың мектеп парламенті «Өзін-өзі басқару» ұйымының көшбасшысы 11«ә»-сынып оқушысы Кешубаев Диас Қайратұлы өзінің ұзақ уақыттар бойы әскери-спорттық өнерге жоғары деңгейде жан-жақты дайындығын көпшілік алдында дәлелдеп, кіл мықты сарбаздардың арасынан топ жарды. Арнайы тағайындалған комиссия шешімімен «Бас жүлде» иеленіп, салтанатты түрде кубок табыс етілді. 




             Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16-ақпанындағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 16-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің 2017 жылғы 24-қаңтардағы №226 «Әскери міндеттілер мен әскери шақырушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес 2023 жылдың 18-қаңтар күні Балқаш ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне әскери есепке тіркеу үшін 2006 жылы туылған мектептің ер балаларын алып бардым. Барған оқушылар саны 9.  

            Ауған соғысы Кеңес Одағы кезіндегі қайғылы тарихи оқиғалардың бірі. Биыл ақпанның 15-і күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толмақ, осыған орай 10-11-сынып оқушылары және Ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен «Ауғанның от-жалыны» атты кездесуі өтті. 

Іс-шара мақсаты: Өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан интернационалист жауынгер Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және оқушыларды Отансүйгіштікке тәрбиелеу, Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру, Қазақстан халқының ұлттық, әскери, еңбек дәстүрлерін жалғастыру. 

            Шараға Кусаинов Нурхат Тезекбаевич, Майстер Вячеслав Васильевич, Тұздыбаев Асылбек Балқашұлы сынды ардагерлер және ауылымыздың қоғамдық кеңестің төрағасы Үркімбаев Садық Тілеубергенұлы қатысты. Жылдар жылжып өткенімен, ерлік пен қаза тапқан ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі ел есінде мәңгі сақталады. Сондықтанда жас буынға Ауған ардагерлерінің өжеттігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу әрқайсымыздың қасиетті борышымыз. 






           Балқаш ауданы бойынша Білім бөлімінің 2023 жылдың наурыз айында жіберген хаты негізінде 2023 жылдың 16 наурыз күні Ақдала орта мектебі базасында «Сардар» аудандық олимпиаданың өткізілуіне байланысты 11-сынып оқушылары Кешубаев Диас, Бірліктұзды Ермек, Ельгелді Рүстем қатысып мектеп абыройын қорғады. Жалпы командалық есепте екінші орын алып мақтау қағаздарымен марапатталды. Іріктеу кезеңінде Кешубаев Диас жақсы нәтиже көрсетіп аудандық команда құрамына еніп, облыстық жарысқа жолдама алды. 




       «Алматы облысы білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 03-наурыз №157-н бұйрығы негізінде 2023 жылдың 28-29-наурыз күндері аралығында Алматы облысы Қонаев қаласында №3 мектеп базасы алаңында «Сардар» облыстық кешенді олимпиадасы өтті. Осы жарысқа аудандық жарыстан іріктеліп шыққан мықтылар, 11-сынып оқушылары Кешубаев Диас №1 Жамбыл атындағы орта мектебі, Арман Әрсен Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы, Орман Шыңғысхан Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы қатысты. Жарыс соңында жекелей марапатта Кешубаев Диас «Саптық номинациясы» бойынша отыз оқушының ішінен озық шығып  І орын дипломымен марапатталды. 



        Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының 05-сәуір 2023 жылғы №70 санды шығыс хатына сәйкес 2023 жылдың 13-14-сәуір күндері Қонаев қаласы «Балдәурен» РОСО әкімшілігінде өтетін «Білім беру мекемесінде патриоттық тәрбие беру жұмысы бойынша педагогикалық тәжірибелік алаң» тақырыбында өткен облыстық семинарға қатыстым. Шара соңында әр қатысушыға сертификат табыс етілді. 



            «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысының төтенше жағдайлар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің №21-13-20/45-11  27.04.2023 жылғы хаты негізінде 2023 жылдың 03-мамыр күні Бақанас ауылы Өмірзақ Бап көшесі №30 мекен-жайдағы 10-Өрт сөндіру бөлімінің ғимаратының ауласында «Жас құтқарушы» үйірмелерінің слеті өткізілді. №1 Жамбыл атындағы орта мектебі атынан төмендегі оқушылар қатысты. Кешубаев Диас 11-сынып, Бірліктұзды Ермек 11-сынып, Құлжахмет Мұхаммед 11-сынып, Омар Диас 11-сынып, Ержанұлы Ерасыл 11-сынып, Мұхамади Нұржан 10-сынып. Жарыс барысында үздік нәтиже көрсетіп №1 Жамбыл атындағы орта мектеп командасы І орынға ие болып, бағалы кубокпен және алтын медальдармен марапатталды. Облыстық кезеңге жолдама алды. 





          «Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі оқу әдістемелік орталығының жұмыс жоспары негізінде 2023 жылдың 05-мамыр күні Балқаш ауданының М.Сеңгірбаев атындағы орта мектебі базасында «Айбын» әскери-патриоттық ойыны 9-11-сынып оқушылары арасынан мектебіміздің абыройын төмендегі оқушылар қорғады. Кешубаев Диас 11-сынып, Бірліктұзды Ермек 11-сынып, Құлжахмет Мұхаммед 11-сынып, Ержанұлы Ерасыл 11-сынып, Аукумова Аружан 11-сынып, Серікбол Ақжан 11-сынып, Мұхамади Нұржан 10-сынып. Жарыс соңында толық ұпайларының қорытындысы шығып, командалық есепте ІІ орынға ие болды. Кешубаев Диас, Бірліктұзды Ермек, Құлжахмет Мұхаммед жақсы нәтиже көрсетіп облыстық кезеңге жолдама алды. 



           «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 12.05.2023 жылғы №127 хатына сәйкес 2023 жылдың 22-23-24-мамыр күні Қонаев қаласының №32363 әскери бөлімінде өткен «Айбын-2023» әскери-патриоттық ойынына төмендегі мектеп оқушылары қатысып аудан абыройын қорғады. Кешубаев Диас 11-сынып, Бірліктұзды Ермек 11-сынып, Құлжахмет Мұхаммед 11-сынып. Аудан бойынша 5 мектептен 10 ұл, 5 қыз бала жасақталып жарысқа қатысты. Жарыс соңында облыстық білім басқармасының басшысы атынан №1 Жамбыл атындағы орта мектебі командасы және жетекшісі алғыс хатпен марапатталды. 






                                                                                                                                    


           АӘТД пәнінің                                                                   Толықбаев Д.Д.

          оқытушы-ұйымдастырушысы                                                                 [hide][/hide]