Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында жасалған «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру жөнінде құрылған іс-шара жоспары » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында жасалған «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру жөнінде құрылған іс-шара жоспары
17
январь
2022

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында жасалған «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру жөнінде құрылған іс-шара жоспары

«Бекітемін»                                                                                                            

 Мектеп директоры

Қамзина Б.М

 «___»___________2021 ж



Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында жасалған «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру жөнінде  құрылған іс-шара жоспары


«№1 Жамбыл  атындағы орта мектебі» МКМ






















ЖОБАНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ:


 ...Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің оқушыларымызда оқу сауаттылығы дағдылары тиісті деңгейде дамымағанын көрсетеді. Сондықтан жоғары оқу мәдениетіне баулу, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі білім беру үдерісінің басым бағыттарының бірі болуы тиіс. Оқуға деген қызығушылық, кітап арқылы қоршаған әлемді тану балаларда мектеп қабырғасынан қалыптасуы керек. Кітапхана осы қызығушылықтың орталығы, кітаптардың қызықты әлеміне жетелейтін орын болуы керек".

(Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 22.10.2020ж. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында сөйлеген сөздерінен)

Осы маңызды құжаттардың мақсаты Қазақстанда балалардың шығармашылық дамуы үшін «ОҚЫРМАН БАЛАЛЫҚ ШАҚ» атты белсенді орта құру болып табылады.

Соңғы уақытта ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуына байланысты балалардың қазіргі ұрпағы кітап оқуға деген сүйіспеншілігі мен әдетін, зияттық және бір-бірімен шығармашылық қарым-қатынас жасау қабілетін жоғалтты. Нәтижесінде балалардың танымдық белсенділігі, кретивті ойлау қабілеті, тілдік және сөйлеу құзыреттілігі, толеранттылығы төмендеп кетті.

Кітап оқу - бұл күрделі интеллектуалды процесс, онсыз өмір бойы оқу мүмкін емес. Кітап оқу - кез-келген ақпаратпен жұмыс істеудің негізі болып табылады: ауызша және жазбаша, дәстүрлі  және жаңа электрондық кітап. Кітап оқи отырып, адам уақыт өте келе, өзінің дүниетанымын қалыптастырады, оның әлемге деген көзқарасы тереңдей түседі және кеңейеді.   Құндылықтарға деген көзқарасы қайта қаралып, қалыптасады. 

Көптеген кітаптар өзін-өзі тануға, өзін-өзі жетілдіруге, нәтижелерін арттыруға ынталандырады және шабыттандырады. Сондықтан балаларды ерте жастан бастап өмір бойы жақсы көркемдік талғамға, күн сайын кітаппен «дос» болуға, кітап оқу арқылы білім әлемін шарлауға үйрету өте маңызды. Бұған біздің "Оқуға құштар мектеп" жобамыздың іске асырылуы ықпал етеді.



ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ:


Оқушылардың оқу мәдениетінің деңгейін және олардың оқу белсенділігінің өсуін арттыру; жас ұрпақ бойында азаматтық, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру; оқушылар, педагогтер және ата-аналар арасында оқуды танымал ету үшін жағдай жасау. Мектеп кітапханаларына қоғамның назарын аудару.


МІНДЕТТЕРІ:

  • Оқу құзыреттілігін арттыру және оқуға тарту мақсатында оқушылардың

оқырмандық қызығушылықтарына әсер етудің белсенді формалары мен әдістерін, педагогикалық идеяларын іздеу;

  • Мектеп оқушыларының оқырмандық белсенділігін ұйымдастыру және оқушылардың сабақтан тыс іс-әрекеттегі оқырмандық қалауын ескере отырып, отбасылық оқуды насихаттау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
  • Мектеп кітапханаларын ресурстық ақпараттық-кітапханалық және мәдени-ағарту орталықтары ретінде дамытуға ықпал ету ;
  • Кітап оқуды алға жылжыту бойынша жұмыс тәжірибесін анықтау,   жинақтау және тарату;
  • Ата-аналарды балаларының кітап оқуға белсенділігін қолдауға тарту, оларға отбасылық бос уақытты кітап оқу ортасына айналдырып, рухани қарым-қатынас жасауға көмек көрсету;
  • Отбасылық  кітап оқу дәстүрлерін  жандандыру;



КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:


- Мектеп кітапханалары жұмысының әдістемесі мен практикасына инновациялық жобалар мен технологиялар апробацияланады және енгізіледі;

- Мұғалімдердің, кітапханашылардың әдістемелік материалдар банкі жинақталады;

-  Жұмыс тәжірибесі жинақталады және таратылады;

-  Отбасылық кітап оқу дәстүрі жаңғыртылады;

- Мектеп кітапханаларының ақпараттық ресурстарын пайдаланушылар саны артады;

- Балалардың жүйелі, шығармашылық, дамытушылық оқу дағдылары қалыптасады.







ЖОБАНЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ


Кітапхана қорын көркем әдебиетпен толықтыру

Кітапханалардың материалдық-техникалық базасын жақсарту

Мектеп кітапханаларының кадрлық әлеуетін дамыту

Сыныптан тыс іс-шара

ҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"

 















Білім алушылардың оқу мәдениетін арттыру

Педагогтердің оқу мәдениетін арттыру

Ата-аналардың оқу мәдениетін арттыру

Оқу үдерісі

ЖОБАСЫ

 


















"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖОСПАРЫ


Іс-шара мазмұны

Мерзімі

Жауаптылар

Білім алушылардың оқу мәдениетін жетілдіру


1

Балалар мен жасөспірімдер оқуларын қолдау бағытында конкурстар, викториналар, зияткерлік ойын бағдарламалары, оқырман конференцияларын, әдеби кітап мерекелерін өткізу. Мұғалімдер, кітапханашылар және оқушылардың бірлескен жұмысы. Бағдарламалар, сценарийлер жасау, іс-шараларды дайындау және өткізу


Үнемі

Кітапханашы


2

Кітапхананың жыл сайынғы жұмыс жоспарына сәйкес тақырыптық кітап көрмелерін ұйымдастыру


2021-2022 ж

Кітапханашы


3

Оқуды қолдауға және дамытуға арналған мектеп бағдарламаларын әзірлеу:

 «20 кітап оқы» марафоны

«Өзің оқы, өзгені қызықтыр»  акциясы


2021-2022 ж

Кітапханашы


4

«Бақыттың кілті кітапта»

Өскелең буынды кітапханамен таныстыру


желтоқсан

Кітапханашы

1 сынып

5

«Кітап әлемді бағындырады» Әдеби ойын

сәуір

-//-

6

«Үйде отырып кітап оқы акциясы» 5-10 сыныптар арасында ақын — жазушылардың еңбектерінің тізімін ұсыну

қаңтар 

-//-

7

«Абай елдің данасы» Абай Құнанбаевтың өлеңдерін жатқа оқу  байқауы

қараша

Кітапханашылар

сынып жетекшілер

8

«Оқуға кеңес береміз»  көрме

Ай сайын

кітапханашылар

9

«Бір ел – бір кітап»     Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына 

30    кітап

Видеоролик

көрме

//-//

10

«Кітап ақылына — ақы сұрамайтын мол қазына

1-9 сыныптар әңгіме  


Кітапханашылар


11


«Бір кітап — бір сынып» кітап оқу айлығы

   1-4 сыныптар



Айына бір рет


Кітапханашылар

Сынып жетекшілер

12

«Көп оқыған – көп білер» 3-5 сынып Кім жылдам табады (ойын)

наурыз

Кітапханашылар

Сынып жетекшілер


13

«Бәріміз бірге оқимыз»             Отбасылық оқу күні

Желтоқсан

Кітапханашы

5 сынып

14

«Кітаппен бірге жаңа әлемді ашамыз» ата-аналармен дөңгелек үстел өткізу;


Ақпан

Кітапханашы


15

 «Кітап-ең сабырлы ұстаз» тақырыбы бойынша педагогтар арасында тренинг өткізу


Наурыз

Кітапханашы

психолг

16

«Жаңа ғасырдың-жаңа кітаптары» атты кітап көрмесін ұйымдастыру арқылы  оқырмандарды кітап оқуға шақыру,зияткрлік және шығармашылық  жұмысқа тарту


Наурыз

Кітапханашы

5-11сынып

17

«Досыңа-кітап сыйла» Оқырмандар арасында бір-біріне өздерінің оқып тауысқан кітабын насихаттап, досына табыстау


                Сәуір

Кітапханашы

1-11 сынып

18

 «Үздік оқырман», «Мен бәрінен де көп оқимын!» оқырмандар арасында жыл бойына кітапханамен тығыз байланыста болып,белсенділік танытқан оқырманды анықтау.


Сәуір

Байқау

Кітапханашы

2-11 сынып


-

19

«Кітап білімнің қайнар көзі». Кітапсыз өмір сүру мүмкін емес екенін баланың бойына сіңіре отырып шығарма жазу.



               Мамыр

                 Кітапханашы

                   5-7 сынып



                                                                           Кітапхана меңгерушісі:                             Онербекова С.Б

Кітапханашы                                               Нақысбаева С.Қ