«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ 2022-2023 оқу жылы » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ 2022-2023 оқу жылы
07
сентябрь
2022

«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ 2022-2023 оқу жылы

07-қыркүйек дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыттарын негізге ала отырып, Оқушылардың Мектеп Парламенті “Өзін-өзі басқару” мен «Жас Ұлан» ұйымдарының атсалысуымен ұйымдастырылған жалпы республикалық денсаулық күніне орай, 

атты мектепішілік іс-шарада атқарған жұмыстарына

Хабарлама.


Мақсаты: Өскелең ұрпақтың денсаулық принциптерін, салауатты өмір салты негіздерін меңгеруге жағдай жасау, жас ұрпақтың өмірге деген құштарлығын арттыру. Салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дәріптеу. Мұғалімдер арасында спорттық шеберлікті жетілдіру, тәжірибе алмасу және достық қатынастарды орнату. Мұғалімдердің бос уақытын ұйымдастыру, моральды-эстетикалық дамуына ықпал ету, мұғалімдер арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.


Дайындық жұмыстары: Айтулы іс-шараға байланысты мектеп дене тәрбиесі мұғалімдері мектеп спорт залын тақырыпқа сай толық безендіру жұмыстарын жасады. Атап айтсақ-жаттығу алаңына түрлі-түсті флажоктар тартылып, денсаулық жайлы ұранды плакаттар, нақыл сөздер ілініп, жарыстың ережелерін ескере отырып, бір неше шеңбер алаңдары сызылылды. Жарысқа керекті құрал-жабдықтар алдын ала әзірленіп қойылды. 

Ауқымды Фестивалдің ашылуы: Қазақстан республикасының гимні ойнатылды. Дене шынықтыру мұғалімдері сап түзеп, мұғалімдер арасынан рапорт берілді. Сөз мектеп жас маманы Момынкулов Болат ағайға беріліп, өз сөзінде-«Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние» дей келе бұл апталық ауқымды фестиваль ұйымдастырудағы басты мақсатымызды өскелең ұрпақтың денсаулық принциптерін, салауатты өмір салты негіздерін жалынды сөздерімен түсіндіре келе жастарға   салауатты өмір салтын қалыптастыру, олардың спортпен жүйелі түрде айналысуы жөнінде нақыл сөздермен барынша насихаттай білді. «Белсенді қозғалыс және ептілік» атты дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің арасынан спорттық іс-шаралар бір неше спорттың түрлерінен яғни ұлттық және бұқаралық спорт түрлерінен өз дәрежесінде атқарылып өтті. 

Іс-шара соңында мектебіміздің аға жаттықтырушысы Момынкулов Болат ағай ұлтқа тән өзінің ұлағатты сөздерімен бастап, шараның маңыздылығына тоқтатылып өтті. Арнайы комиссияның шешімдері бойынша 1-орын «Жалын» Шыңғыс ағайдың командасы, 2-орын «Достық» Нүрсейіт ағайдың командасы, 3-орын «Жігер» Дархан ағайдың командасы марапатталып өтті. Сайыс командалар арасынан қызықты да тартысты өтті. Бұл заман талабына сай бір неше спорт түрлерінен атқарылып жатқан жұмыстарды алға қою жағын жан-жақты қарастырып, бұл жұмыстардың жаңғыруына барынша мектеп дене тәрбиесі бірлестігі бірлесіп, жүелі болашақ мақсаттарын құруда.