Мектепке жол республикалық қайырымдылық акциясы" » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепке жол республикалық қайырымдылық акциясы"
07
сентябрь
2023

Мектепке жол республикалық қайырымдылық акциясы"

Мектепке жол республикалық қайырымдылық акциясы"
 
 2023 жылдың 1 тамызынан бастап елімізде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтуде. Акция жұмыстары жыл соңына дейін жалғасын тапақ.
 
 Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын-алу болып табылады. «Мектепке жол» акциясы шеңберінде жаңа оқу жылы қарсаңында демеушілер тарапынан бір қатар көмектер көрсетілді. Атап айтсақ: Көпке үлгі болған Білдебаев Нұрлан мырза өз есебінен ақшалай 100000 теңге көлемінде жетім және аз қамтылған отбасылардың балаларына көмектесіп, ырзашылығына бөленді. Ауыл мешітінің бас имамы Жатебаев Руслан мырза да бұл қайрымдылық акциясына қарап қалған жоқ. Көп балалы және аз қамтылған, жартылай жетім 20-балаға мектеп формасы, сумкасын, аяқ киімдерін алып берді. Акция барысында ақшалай көмек көлемі-500000 теңгені құрады. Оның сыртында ұстаздар тарапынан да көмек ретінде оқушыларға канцеляриялық тауарлар берілді.
 Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Демеушілердің қайырымдылық жасап, ізгі амал көрсетуі оқушы жанына қуаныш сыйлауға ұмтылдыратын, қоғамды адамгершілікке үндейтін қасиет.«Жақсылық қылсаң- жасыр, Жақсылық көрсең- асыр»-дегендей,қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныта алатын жандардың арамызда әлі де бар екендігі қуантады.
 
Мектеп әкімшілігі «Мектепке жол» акциясына қатысушы демеушілерге алғыс білдіреді.



Қамқоршылық және еріктілер фракциясы-Рахат Ақмарал