Жазғы мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің он күндікте атқарылған жұмыстарына Хабарлама. » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жазғы мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің он күндікте атқарылған жұмыстарына Хабарлама.
05
июль
2023

Жазғы мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің он күндікте атқарылған жұмыстарына Хабарлама.

№1 Жамбыл атындағы орта мектебі МКМ

2022-2023 оқу жылы

02.06.2023, 15.06.2023 жыл уақыт аралығын қамтыған І ауысым атты жазғы мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің он күндікте 

атқарылған жұмыстарына

Хабарлама.

Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз деп оқу жылы аяқталысымен, мектеп оқушылары лагерьге де жетті. Жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері болып қалуы үшін лагерьді ерекше өткізу біздің басты мақсатымыз болмақ. Жазғы лагерьде біздің басты нәтижеміз– демалыс уақытындағы оқушылардың денесін шынықтыруы, күш жинауы, оқушыларды рухани байыту, қоршаған ортамен таныстыру, балалардың өзіне деген сенімділігін арттыру үшін барынша жан-жақты ізденіп жұмыс жасаймыз. Мектепішілік лагерьде арнайы жауапты мамандар мен педагог-психологтарының әр іс-шара барысында қолданатын жағымды психологиялық жақсы ахуал туғыза білуінің арқасында балалар бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп, ойын арқылы достасады.

«Балдәурен» жазғы мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің арнайы құрылған он күндікке мына төмендегі ұстаздар жоспарға сай іс-шаралар атқарды: 

1.Сапаралиева Айнұр Талғатқызы

2.Аманбаева Бекзат Бейқұтқызы

3.Бәрібай Ершат Маманұлы

3.Асубай Аружан Сәбенқызы 

4.Педагог-психолог Чокенова Салтанат Казизовна

5.Дене тәрбиесі мұғалімі-Бәрібай Ершат Маманұлы

6.Мектеп медбикесі-Акишбаева Бейғам

«Балдәурен» мектеп жанындағы лагеріне мына төмендегі оқушылар қатысты:

1.Амангелді Алмат

2.Абай Адиша

3.Ашимхан Алинур

4.Алпысбай Айсұлу

5.Бейқұт Айша

6.Махмет Айтуған

7.Тортай Арлан

8.Уәли Дарын

9.Қырықбай Ғабдол

10.Ғалым Айсұлтан

11.Жұмағали Жанерке

12.Теңізбек Көркем

13.Бақытжанқызы Айару

14.Оңғарбай Аяла

15.Сәбен Дильшат

16.Еркінқызы Айша

17.Маратқызы Томирис

18.Көптілеу Ануар

19.Молдажан Айбарша

20.Тоқтасын Кәусар жалпы саны 20 оқушы қатысты.

01.06.2023 жыл Жыл он екі айдың жадыраған жаз айы да келіп жетті. Жаздың бірінші күні – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Балдәурен» атты І ауысым жазғы мектеп жанындағы сауықтыру лагеріне жиналған балаларға бірінші күннің ашылуының салтанатты іс-шарасы Бақбақты ауылдық округі әкімшілігінің мамандарының ұйымдастыруымен «Бар жақсылық – балаларға!» атты ауылдық Мәдениет үйінде Балалық шаққа саяхат мерекесі аталып өтті. Мерекелік шараға  мектеп бүлдіршіндері мен тәрбиешілері қатысып, туған жер, бақытты балалық шақ, достық, татулық туралы өлеңдерді жатқа айтып, ән шырқап, би билеп шараның қызықты өтуіне өз үлестерін қосты. Мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, әкімшілік жанынан құрылған спорт секцияларының жетекшісі-Лебай Жәнібектің Бұқаралық және Ұлттық спорт ойындары балалар көңілін шаттыққа бөледі. Әкімшілік мамандарының есебінен ерекше өнер көрсеткен оқушыларға бағалы сыйлықтар ұсынылып, келген барша бүлдіршіндерге тәтті балмұздақтар сыйға  тартылды. 

«Бар жақсылық – балаларға!» атты ұранынмен ауылішілік айтулы мереке өз дәрежесінде өтті. Болашағымыз – балаларға жақсылық жасау ешқашан ұмыт қалған емес. Бұл ұранның әлі күнге дейін мәнін жоймағандығын, келешек ұрпақтарын тәрбиелеуде біздің ең басты ұранымыз болып қала беретіндігін, ауыл әкімі-Түймебаев Айдархан Мырзақасымұлы барша жиналған көпшілік алдында құттықтау сөз сөйлеп, шынайы лебізі арқылы айғақтай түсті. Оның сыртында мереке қарсаңында мектеп директоры-Қамзина Бибігүл Мұхамадиқызының бастамасымен әлеуметтік қорғалған балалар мен Инклюзивті ерекше білімді қажет ететін және  үйден оқитын оқушыларға мектеп әлеуметтік педагогы-Найзабекова Рима Тұрғанбекқызы, Педагог-ассистент Мамышова Ақмарал Ақатайқызы,  Мектеп Дефектологы-Копеева Алуа Кездікбайқызы сияқты бір қатар мамандар арнайы барып балалардың қолына мерекелік сыйлықтар табыс етті. 



02,05,06.06.2023 маусым аралығындағы күндері күн жадырап, лагерь жетекшілері әр  күнді балаларға қызықты өткізуге тырысты. Балалар патриоттық сабақтардан бастап сурет және қолөнер шеберлері өз еңбектерін қорғады.  Жетекшілер "Балдәурен" мектепішілік жазғы сауықтыру лагеріне келген әр бір оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуіне үйретіп, өткізіп жатқан әр сәттің қызықты әрі әсерлі өтуіне бар күш-жігерлерін салуда.


07.06.2023 жыл  Мектеп жанындағы "Балдәурен" сауықтыру лагеріне келген балалардың жетекшілер барынша көңілін аулап, жан-жақты ізденулерінің арқасында әр күніміз барған сайын тіпті қызықтырақ бола түсуде. Күн санап оқушылар қатары да арта түсуде. Бүгінгі күн балаларға Математикадан көбейту кестесін еске түсіру мақсатында “Шыбын ұру” әдісі қолданылды. Сауат ашудан көркем жазу минуты жүргізіліп, жетекшілердің балаларды баулый білетін жақсы әдістерінің арқасында келесі сабақтарда да оқушы тарапынан ұсыныстар көбейді. Лагерьде асыр салған көңілді балалар бір-бірімен достасып та үлгерген. Көңілді демалыс балдырғандардың жанын әнге, сыңғыр күлкіге тойдырып, күн сайын қызықты сайыстар мен әр түрлі жанрда флешмобтар билеу дәстүрге айналған. Жазғы лагерь баланың қоғамдық өмір дағдыларын дамытып, өзін-өзі басқаруын, ұқыптылығын шыңдайды. Ата-ананың жұмысын алаңсыз тындырып, көз-қуаныштарымен сағынысып қауышатыны да бар.Себебі, жазғы демалыс бала жанын жадырататын шақ қой шіркін! Бұл мектеп жанындағы сауықтыру лагеріндегі жұмыстардың бүгінде жандана түсуіне себепші болып отырған ұстаздар ол Сапаралиева Айнұр Талғатқызы, Аманбаева Бекзат Бейқұтқызы, Бәрібай Ершат Маманұлы, Асубай Аружан Сәбенқызы болатын. Ұстаздардың алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!


08.06.2023 жыл. Бүгін "Балдәурен" мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерьіндегі бірінші ауысымның тынығушылары арасынан бишілер алаңға шығып мың бұралған қимылы мен таң-тамаша флешмоб билеп, позитивке толы көрініс қойды. Балалар өз өнерлерін көрсетуде белсенділік танытып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Сондай-ақ, сол мезетте алаңдағы асфальт бетіне «Жас суретшілер» жұмысы ұйымдастырылды. Онда жас бүлдіршіндер қылқаламмен түрлі суреттер салып, өздерінің шеберліктерін ортаға салды. Мектеп педагог-психологы Чокенова Салтанат Казизовнаның балалар арасындағы жағымды  психологиялық ахуал туғызу мақсатында тамаша жаттығулар жүргізілді. Осындай нәтижелі жұмыстардың арқасында осы уақыт аралығында байқағанымыз балалар топпен жұмыс істеуге, көпшіліктің ортасында өзін көрсетуге бейімделе бастады. Себебі лагерьде бала ата-анасының қадағалауынсыз қалып, кішігірім шешімдерді өзі қабылдап, жеке жүріп дағдыланады. Бұл дегеніңіз–жасөспірімдерді жан-жақтылыққа, креативті болуға тәрбиелей түседі.

09,12,13,14,15.06.2023 жыл уақыт аралығындағы лагерьдегі кешенді іс-шаралар жайлы айта кетсек "Балдәурен" мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын қызықты әрі жоспардан тыс жұмыстармен толықтырып, табиғат аясында тамаша жерлерге саяхаттауға басымдық берді. Жұмыс барысында балалардың әр күні сауаттарын шыңдау мен логикалық ойларын жетілдіре түсті.

Мектеп жанынан ашылған жазғы сауықтыру лагері берілген жоспар бойынша I ауысым лагеріне жауапты ұстаздар жоспарлы жұмыс және жоспардан тыс жұмыстар жүргізді. "Балдәурен" лагеріне келген әр бір оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйретті. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысының сауықтырылуын жіті қадағалап, әр күнін тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасап, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыра білді. Басты тәрбие берудегі бағыт- рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт – дәстүрін дамыту, Отан сүйгіштік – патриоттық сезімін арттыру болатын. Мектеп жанындағы лагерде мына төмендегі жауапты ұстаздар күнделікті өз міндеттерін атқарды. Атап айтсақ: Сапаралиева Айнұр Талғатқызы, Аманбаева Бекзат Бейқұтқызы, педагог-психолог Чокенова Салтанат Казизовна, дене тәрбиесі мұғалімі-Бәрібай Ершат Маманұлы, мектеп медбикесі-Акишбаева Бейғам сынды мамандар мына міндеттерді негізге ала отырып, жұмыстар жасады. Басты міндеттері:

-Лагерді ашық жариялау мақсатында ашылу салтанатын өткізу;

- Лагерьге балалардың уақытымен, толық келулерін қадағалау;

- Әр күнді бағдарлама бойынша ұйымдасқан түрде өткізу;

- Балалардың ойын алаңындағы ертеңгілік дене жаттығуларын, қимыл - қозғалыс ойындарын бақылауға алу;

- Балалардың сауаттылығын арттыру, саяхат және жорық кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуын еске алу, бақылау;

- Лагерь жағдайында бірыңғай тәртіпте эстетикалық талғамдарын қалыптастыру мақсатында мағыналы трендтер мен әр түрлі жанрда флешмобтар өткізу, қызықты билер арқылы ойындар ұйымдастыру;

- Сурет, қолөнер тақырыптарында шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында көрме ұйымдастыру және әр баланың өнерге құлшынысын арттыру мақсатында бағалау;

- Ұлттық ойындар, логикалық және спорттық ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығын арттыру болатын.

Лагерьдің жабылу салтанатында балалар өз өнерлерін көрсетіп, келген қонақтардың ыстық ықыласына бөленді. Мәселен, «Жас Ұлан» ұйымының белсенді оқушысы-Іңкәрдің орындауында «Туған жер» әнін шырқап көңілімізді марқайтса, биші қыздар мағыналық трендтерін тарту етіп, күйшілер «Ерке сылқым» күйін нақышына келтіре орындады. Ал, бишілер мың бұралған қимылымен таң-тамаша флешмоб билеп, позитивке толы көрініс қойды.
 Сондай-ақ, сол мезетте «Жас суретшілер» байқауы ұйымдастырылды. Онда жас бүлдіршіндер қылқаламмен түрлі суреттер салып, өздерінің шеберліктерін ортаға салды. Лагерьдің жабылу рәсімі аяқталған соң, барлық балаларға тәтті балмұздақтар таратылды. Бұл І ауысым «Балдәурен» жазғы мектеп жанындағы сауықтыру лагерінде болған бастауыш бүлдіршіндері лагерь ұйымдастырушыларына рахымет айтып, қимастықпен шат-шадыман тамаша көңілмен тарқасты.

Бұл лагердегі көз қызығарлықтай қызықты әр сәт мектеп әлекуметтік Instagram және Facebook парақшаларына мағыналы мақалалар арнайы хэштектер арқылы жүйелі түрде жарияланып, сүйікті оқырмандарының қолдауларына ие болды. Әр тәрбиелік маңызды жұмыстар көпшілік назарын аударып, мектеп жанындағы лагерьге оқушы тарапынан жақсы ұсыныстар көптеп түсуде.

Жаз мезгілінде осындай көтеріңкі көңіл-күй мен жаңа талпыныс сыйлаған лагерь қызметкерлеріне мектеп әкімшілігі тарапынан шын көңілден ризашылығымызды айтқымыз келеді. Бүгін де келесі ІІ,ІІІ ауысымдарға достарымыздың саны артты. Бұл дегеніңіз – жасөспірімдерді жан-жақтылыққа, креативті болуға тәрбиелейді. 












Жалпылама жұмыстар Білім басқармасының арнайы ұсынған хэштектері арқылы желіде жүзеге асып отырды. 

#АссамблеянародаКазахстана #балалықшақәлеміқандайғажап #өзінөзібасқару

#АлматыОблысыМектеппарламенті 

#Школа_самоуправление

@rumcdo_official

@sherraisa

@debat.almaty_obl

https://www.instagram.com/reel/Cs8quGEtPLi/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

https://www.instagram.com/reel/Cs-g-gdNP7Y/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

https://www.instagram.com/p/CtKYCEagpk4/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

#АссамблеянародаКазахстана #балалықшақәлеміқандайғажап #өзінөзібасқару

https://www.instagram.com/reel/CtMtPWTuyhm/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

https://www.instagram.com/reel/CtPX6nWLT7E/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

https://www.instagram.com/p/Ctdn_gDgXNN/?igshid=MTc4M


Педагог-ұйымдастырушы:           Закарин Н.С.