Мектебімізде тәрбие саласы бойынша сәуір мамыр аралығында қуанышты жаңалықтарға толы болды. » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімізде тәрбие саласы бойынша сәуір мамыр аралығында қуанышты жаңалықтарға толы болды.
05
май
2023

Мектебімізде тәрбие саласы бойынша сәуір мамыр аралығында қуанышты жаңалықтарға толы болды.

Мектебімізде тәрбие саласы бойынша сәуір мамыр аралығында қуанышты жаңалықтарға толы болды. 03.05.2023 жыл Алматы облысы Балқаш ауданына қарасты аудандық білім бөлімі жəне Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен аудан орталығында аудандық "Жас құтқарушылар" следі өтті. Мақсаты — жасөспірімдердің бойында табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға қарсы тұра білу дағдыларын қалыптастыру. Алғашқы даярлық пән мұғалімі-Толықбаев Данияр Дәулетұлының жетекшілігімен аудандық следке мектебіміздің жоғарғы сынып ұлдары қатысты. Мектеп абыройын қорғаған: Кешубаев Диас, Бірліктұзды Ермек, Құлжахмет Мұхамед, Ержанұлы Ерасыл, Омар Диас, Мұхамади Нұржан сынды оқушылар қауымдастығының белсенділері аудандық следте бақ сынасты. Он бес-он жеті жас аралығындағы жасөспірімдер алты кезең бойынша іздестіру-құтқару жұмыстары дағдыларын сын тезіне салды. Сайыс жоғары бәсекелестік жағдайында өтті, жеңімпаздарды бағалау да оңайға түскен жоқ. Қатысушылар да, олардың жаттықтырушылары да жоғары талап тұрғысынан көрінуге мүдделілік танытты. Сондай-ақ олар команда намысы үшін барын салып, аудандық шараны қыздыра түсті. Төрешілер тапсырмалардың орындалу жылдамдығын, сапасын есепке ала отырып, қатысушылар еңбегін бағалады. Спорттық сайыстарда әрбір жас төзімділік пен жігер-күшін байқатты, әр команда алғы шептен көрінуге ұмтылды. Жиын қорытындысында көшбасшылық қасиетке ие, қимыл-қозғалысы ширақ, шешімді дер кезінде қабылдай алатын ең үздік «Жас құтқарушы» атағын Бақбақты ауылдық округіне қарасты "#1 Жамбыл атындағы орта мектебі" МКМ-ның командасы алды. Бүгінгі жақсы жетістіктен кейін біз осы аудандық следте не бір мықтылардың арасынан топ жарып келген ұлдарымызға қиын жағдайда өзгелерге көмектесе алатындығына сенгіміз келеді. Алда дайындықтарымыз жалғаса түседі. Өйткені республикалық слетке әзірленуіміз керек. https://www.instagram.com/p/CryfU51NxrT/?igshid=MDJmNzVkMjY=