27-қазан көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие бағытын негізге ала отырып, ұйымдастырылатын атты мектепішілік іс-шараның жоспары. » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 27-қазан көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие бағытын негізге ала отырып, ұйымдастырылатын атты мектепішілік іс-шараның жоспары.
27
октябрь
2022

27-қазан көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие бағытын негізге ала отырып, ұйымдастырылатын атты мектепішілік іс-шараның жоспары.

27-қазан көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие бағытын негізге ала отырып, ұйымдастырылатын атты мектепішілік іс-шараның жоспары.

МақсатыКүз-молшылық мезгілі. Сол арқылы оқушыларға еңбектің, молшылықтың қадірін түсіндіру. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың рухани дамуына әсер ету.

1-4 сыныптар арасынан өтетін, күз мезгіліне арналған ертеңгілік сайыс түрінде өткізу. Сайыс 3-кезеңнен атқарылуы шарт.

І - бөлім «Күз ханшайымы», «Күз ханзадасы» өз қолдарынан жасалған көйлектерінің көрсетілімі.

ІІ - бөлім Өнер көрсету. Алтын күз мерекесіне арнайы дайындаған ән,би жаттауларын ортаға салады.

ІІІ – бөлім «Күз байлығы» оқушылардың күздік бау бақшалардан жинаған дастархан мәзірі, өз қолдарымен жасалған жұмыстарымен таныстыру. 


Ескерту: Күз мезгіліне арналған әр сыныптың ішінен өтетін ертеңгілікте бастауыш жетекшілері оқушылардың күз мерекесіне арналған костюмде болуы және жоғары дәрежеде өтуі сұралады. Әр жетекші сынып ішінен Ханшайым мен Ханзаданы анықтап, белсене қатысқан оқушыларды жетекші марапаттайды. 

5-8 сынып арасынан өтетін, күз мезгіліне арналған «Күзгі пейзаж» атты плакаттар байқауы өтеді. Бұл байқау мектебіміздің ІІІ қабат фойе алдындағы тақтайшаға сыныптың бірлескен қабырға газеттері ілінуі шарт. Әр сынып газет бетіне жапырақтардан  немесе  дәнді-дақылдардан  қосуы мен суретші шеберлігі, бояу мәнері баса назарға алынып, әкімшілік тарапынан бағаланады. 

Марапаттау: Бас жүлде бағалы сыйлық, І орын, ІІ орын, ІІІорын, “Үздік қолөнер шебері” номинациясымен парапатталады. 

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:                 Даукенова Ф.К.

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:                  Сейдахметова А.Т.

Педагог-ұйымдастырушы:                  Закарин Н.С.