«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ 2021-2022 оқу жылы 9-18 ақпан Хан тауының Мұзбалағы, қазақ поэзиясының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 91 жылдығына орай, қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігімен бірлесе отырып өткізілген «Қара өлеңнің Ха » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ 2021-2022 оқу жылы 9-18 ақпан Хан тауының Мұзбалағы, қазақ поэзиясының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 91 жылдығына орай, қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігімен бірлесе отырып өткізілген «Қара өлеңнің Ха
09
февраль
2022

«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ 2021-2022 оқу жылы 9-18 ақпан Хан тауының Мұзбалағы, қазақ поэзиясының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 91 жылдығына орай, қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігімен бірлесе отырып өткізілген «Қара өлеңнің Ха

«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ

2021-2022 оқу жылы

9-18   ақпан Хан тауының Мұзбалағы, қазақ   поэзиясының  ақиық  ақыны Мұқағали Мақатаевтың 91 жылдығына орай, қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігімен бірлесе отырып өткізілген «Қара өлеңнің   Хантәңірі» атты апталықта атқарған жұмыстарына 

Хабарлама.


Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіруге, рухани танымын кеңейтуге ықпал ету. 

Мұқағали өлеңдері–ұлттық поэзияның жаңа бір белеске көтерілгендігін, жаппай евроцентристік ағымға ойысқан заманда қазақтың қара өлеңінің шынайы қасиеттерінің қадірі артып, бұрынғыдан да толысып, кемелдене түскендігінің куәсі. Ол қазақ өлеңінің ұлттық бояуы мен рухын ұстанды, оны түрлендіре байытты, сөйтіп қалың қазақ оқырмандарының жүрегіне жол ашты. Мұқағали сыршыл ыстық лирикасымен өз оқушыларының жүрегіне жол тапты, оларды жақсы жырдың ләззатына қандырып, өзінің менімен адамзатқа ортақ ақиқатты жырлап, қалың оқырманның жан жүрегін баурады. 

Ақынның шын мәнінде шеберлігі – ол қолданған әрбір амал - адам бейнесін ашуға қызмет еткен. Ақын поэзиясында табиғат көріністерін, пейзажды әшейін бір уақыт кеңістіктің дерегі ретінде даралап қарамайды, онда адам бейнесін толықтыра түсетін тәсілдер мол. Әрі көркемдік - философиялық иірімдер мен сарындар, түйіндер мен мазмұндар арқылы өте жарқырап көрінеді. Ақын адам мен жаратылыстың үндестігін жырлайды. Ол жаратылыстың көп құбылысынан адам болмысына тән сипаттарды аңғарады. Содан да болар ақын табиғаттың әр бөлшегімен, көрінісімен ашық сырласады, мұңына ортақтасады. Ақын атаулы табиғат пен жаратылыстың құбылысына жақын болады. 

Хан тауының Мұзбалағы, қазақ   поэзиясының  ақиық  ақыны Мұқағали Мақатаевтың 91 жылдығына орай, қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігімен бірлесе отырып «Қара өлеңнің  Хантәңірі» атты тақырыпта апталық іс-шаралардың кешенді жоспары құрылып, алдағы жұмыстар жоспарға сай өтуі жөнінде лездемеде мектеп ұстаздарына таныстырылды. Айтулы апталықта Ұлттық тәрбиені дәріптеу арқылы оқушы бойына барынша сіңіре білген маңызы зор жұмыстар жалғасын тауып отырды. Жоспар бойынша мына төмендегі жұмыстар уақытылы атқарылды: 

1-Жоспар бойынша атқарылған жұмыстар; 9 «ә» оқушысы «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы Саят Анель 5-8, 9-11 оқушыларымен апталыққа арналған хабарландыруымен ашық линейкада таныстырып өтті. М.Мақатаевқа арнапр 5-11 оқушылары арасынан мектеп Бөлімбасылары мен Топ сардарлары және сынып старосталары мектебіміздің ІІІ-қабатындағы тақтайшаны талапқа сай безендіріп, осы аталған «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» ұйымының бір топ белсенділері ақынның өлеңдерін жатқа оқып, ақынның шығармашылығына тоқталды. Сонымен қатар оқушылар Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған арнау өлеңдерін оқып, мағыналы видео жолдады. 

   

2-Жоспар бойынша атқарылған жұмыстар; айтулы апталыққа мектеп кітапханашыларына «Оқуға құштар мектеп» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Мұқағали – ғасыр ақыны» атты тақырыпта ақын өмірі мен шығармашылығына саяхат жасап, көрмелер тұрғызу болатын.  Іс-шара барысында мектеп кітапханашылары оқушыларға  кітап көрмесімен таныстырып, М.Мақатаетың өмірі мен шығармашылығы  жайлы буклет жасалып, мәжіліс залда көрмелер тұрғызылып бой алды.

3-Жоспар бойынша атқарылған жұмыстар; «Әркімнің  де  өлеңге бар таласы » атты тақырыбында мектеп жас мамандары арасынан ақынның өлең жолдарынан видео челлендж жолдау болатын.  Бұл жұмыс ақпан айының 11-18 жұлдызы аралығында жас мамандар арасынан атқарылып,   өнегелік жұмыстары мектеп әлеуметтік желісінде сүйікті оқырманның қолдауына ие болып, қалың оқырман тарапынан мектеп жастарына жақсы пікірлер мен қанатты сөздер жазылды. 




4- Жоспар бойынша атқарылған жұмыстар; Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері Баулышева В.М, Даукенова Ф,Қ, Адамов С. Садырұлының ұйымдастыруымен мектепішілік   5-11 сыныптар арасынан «Мұқағали оқуы» байқауы өтті. Мектеп мәжіліс залы жоғарыда аталған әріптестердің шығармашылығынан туындаған әдемі безендірулер мен ақынға деген құрмет есебінде сахна төрі айшықты оюлар, қанатты сөздермен толыға түсті. Ұйымдастырушы топ жұмысына арнайы тағайындалған әділқазы алқалары тарапынан да қатысушы ата-аналар тарпынан да жақсы сөздер айтылып, қошеметтерін білдірді. Байқауда оқушылар сахнада өзін-өзі ұстау мен жауапкершілік таныта отырып, әр орындаушы құлшына қатысып, ақын шығармашылығына деген қызығушылық сезімдерінің жоғары екенін танытты. 



5- Жоспар бойынша атқарылған жұмыстар; Қазақ тілі пән мұғалімі Смағұлова Қамар Жарқынбайқызы мен музыка пән мұғалімі Балабекова Меруерт апайдың бірлесе отырып ұйымдастырған 8,9,11- сыныптар арасында «Ән – көңілдің  ажары» атты  ән байқауы да өз дәрежесінде өтіп, жанды дауыста орындаған 10 «ә» оқушысы «Жас Ұлан» ұйымың белсенді мүшесі Асқарқызы Тоғжан бас жүлдені иеленді. Жетекшісі Надирбекова Элмира апай. Жүлделі І орын «Жас Ұлан» ұйымының «Еңбек» фракциясының Бөлімбасы Сапарәлі Ақеркеге табыс етілді. Жетекшісі Танкибаева Жұлдыз апай. Қалған қатысушылар да марапатталып, сахна төрінде қошемет білдірді. 


6-Жоспар бойынша атқарылған жұмыстар; Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің  жетекшісі Сауранбаева Зада Алтайқызының ұйымдастыруымен «Мұқағали–махаббат жаршысы» атты 8,9,11-сыныптар арасында ақынның  махаббат жайлы өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы өтті. Бұл жетекші сайысты өткізуде жан-жақты ізденуінің арқасында іс-шара барысында өзінің шығармашылық жұмысына деген бар күш жігерін жұмсап, ақынның құдірет берген өнеріне жаңаша көзқарасын байқатты. Бұл бірлестік жетекшісі барша көрермен үшін жағымды атмосфера туғыза біліп, көтеріңкі көңіл күй сыйлай білді.


7- Жоспар бойынша атқарылған жұмыстар; Мектебіміздің дене тәрбиесі мұғалімі, мектепішілік шахмат үйірмесінің жетекшісі Мурзаева Мира апайдың ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевтың 91 жылдығына орай, «Шахмат-ақыл-ой спорты» атты шалымдылар арасынан ауқымды турнир өткізді.  Турнир бір неше кезеңнен атқарылып, мықты шалымдылар анықталды. Шешуші финалда тек мықты шалымдылар ортаға түсіп, топ ішінен алға шыққан ойыншыларға салтанатты түрде арнайы тағайындалған бағалы сыйлықтар табыс етіліп, дәрежелі дипломдармен марапатталды. 





8- Жоспар бойынша атқарылған жұмыстар; Апталықтың  салтанатты жабылуы жайлы бірлестік арасынан кезекті кеңес өтті. Кеңесте әріптестер тарапынан бір неше ұсыныстар қаралып, өзінің ерікті ұсынысымен Адамов Санжар Садырұлы атқаратын болып бірлестік арасынан келісілді. Жас маман Адамов Санжар Садырұлының ұйымдастыруымен 5-11 арасынан өткен «Қара өлеңнің  Хантәңірі» атты әдеби-сазды салтанатты жабылу кеші бұл атқарылған айтулы апталық жұмыстарын айшықтай түсті. 


                       Педагог-ұйымдастырушы:          Закарин Н.С.

Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің  жетекшісі:          Сауранбаева  З.А.