«Биле,биле-2022» атты дүбірлі топтық би байқауында ерекше әдістерді пайдалану арқылы апталықта атқарылған жұмыстардан байқағанымыз ұжым арасында жағымды атмосфера туғызатын жаңаша идея мен өзгеше жұмыстардың шын куәсі болдық. » Жамбыл атындағы № 1 орта мектеп
Алматы облысы
білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№1 Жамбыл атындағы орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 99-1-64
Есепші бөлімі:
+7(72773) 99-1-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Биле,биле-2022» атты дүбірлі топтық би байқауында ерекше әдістерді пайдалану арқылы апталықта атқарылған жұмыстардан байқағанымыз ұжым арасында жағымды атмосфера туғызатын жаңаша идея мен өзгеше жұмыстардың шын куәсі болдық.
24
январь
2022

«Биле,биле-2022» атты дүбірлі топтық би байқауында ерекше әдістерді пайдалану арқылы апталықта атқарылған жұмыстардан байқағанымыз ұжым арасында жағымды атмосфера туғызатын жаңаша идея мен өзгеше жұмыстардың шын куәсі болдық.

 

24-қаңтар 3-4 сыныптар арасынан өткен көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие бағытын негізге ала отырып, ұйымдастырылған

«Биле,биле-2022» атты дүбірлі топтық би байқауында ерекше әдістерді пайдалану арқылы апталықта атқарылған жұмыстардан байқағанымыз ұжым арасында жағымды атмосфера туғызатын жаңаша идея мен өзгеше жұмыстардың шын куәсі болдық.






Байқаудың мақсаты: Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбиені жан-жақты етіп дамыту, бастауыш сынып оқушылар арасынан би өнеріне қабілетті оқушыларды анықтау, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, ұстамдылық қабілеттерін арттыру яғни   хореографиялық дарынды орындаушыларды анықтау, өздерін бір сәт кішкентай жұлдыздардай сезіндіру, бастысы оқушылар шығармашылығына қоғамның назарын аудару болып табылады.

Байқау жоспары мектеп «Жас Ұлан» ұйымы жанынан құрылған Мәдениет фракциясы арасынан бір неше кеңестер арқылы құрылған болатын. Бұл мүшеліктің жүйелі ұсыныстары мектеп әкімшілігі тарапынан қолдау тауып, лездемеде барша жетекшілерге таныстырылып, мектеп директоры тарапынан бекітілді.  Ереже бойынша байқауға бір сынып толық қатыса алады делінген. Топтық би болғандықтан би орындауда оқушылар жан-жақты алып, стильдендірілуі шарт болған. Бұл би байқауында әр команда оқушылары сыныптың намысын өз дәрежесінде қорғай білді. Би-байқауында әділқазы алқалары қатысушы командаларға 2 кезең бойынша талаптарына сүйене отырып, әділ бағасын беріп отырды. Атап айтсақ: 

  • Марапаттарыңыз құтты болсын әріптестер

     

     Халық биі және халықтық стильдендірілген би: Әр халықтарының билері;2) Заманауи би: Мектеп әкімшілігі арнайы құрған әділқазы алқалары мына төмендегі критерийлерді негізге ала отырып, бағалау парағында 5-10 балдық жүйе арқылы анықтап отырды. Бағалау критерийлері: стильдердің үйлесімінің өзгергіштігі, өзіндік ерекшелігі және үйлесімділігі; композициялық шешім; би қойылымы-идея; техника және орындау деңгейі; жоғары сапалы орындау; көркемдік және сюжеттік; сахналық көрініс (костюм).Қорытынды шығару және би-байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде Би-байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды қошеметпен көпшілік алдында ортаға шақырып, салтанатты түрде марапаттады. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен , сондай-ақ «Әртістігі үшін», «Бидің ұлттық дәстүрін сақтағаны және дамытқаны үшін», «Би нөмірлерінің ерекшелігі үшін», «Үздік хореографиялық қойылым», «Халық биін стильдеудегі шығармашылық табыстары үшін», «Ең мәнерлі би», «Би қойылымының ерекшелігі үшін», «Көрермен таңдауы», «Сахналық шеберлігі үшін» номинациялары бойынша марапатталды. Комиссия мүшесінің шешімі бойынша жүлделі ІІІ орын 3«а» оқушылары жетекшілері Дүйсенбекова Кенже апай, жүлделі ІІ орын 4 «а» оқушылары жетекшілері Жолдыбаева Айжан апай, жүлделі І орын 4 «ә» Дүйсебаева Рысжан апай, 3 «ә» оқушылары Номинациямен марапратталды. Жетекшілері Сатова Маржан апай.


   



    


Педагог-ұйымдастырушы:          Закарин Н.С.